Алматы энергетика және байланыс институты Физика кафедрасы


Сыртқы потенциалды өрістегі бөлшектердің таралуына арналған Больцман заңы



бет19/49
Дата07.02.2022
өлшемі427,65 Kb.
#87686
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   49
Байланысты:
Алматы энергетика және байланыс институты

5.4 Сыртқы потенциалды өрістегі бөлшектердің таралуына арналған Больцман заңы
Жылулық қозғалыс кезінде бөлшектің қозғалыс бағыттары тең ықтималды, ал әр бөлшектің орнында болатын өзгерістер кездейсоқ сипатқа ие. Сондықтан бөлшектің сол немесе басқа орында болу ықтималдылығы жөнінде айтуға тура келеді.
Идеал газ V көлемді алып тұр және температурада тепе-теңдік күйде тұр деп айтайық. Сыртқы өріс жоқ кезде кез келген молекуланың орналасуы тең ықтималды. Сондықтан газ барлық көлемде бірдей  концентрациямен таралады.
Егер газ сыртқы күш өрісінде орналасқан болса, газ бөлшектері осы өрістің әсеріне ұшырайды. Газдың тығыздығы мен қысымы әр жерде әртүрлі мәнге ие болады. Сыртқы күш өрісі потенциалды және тек бір z бағытында ғана әсер ететін жағдайды қарастырайық. Бөлшектің потенциалдық энергиясын  деп белгілейік. Жылулық тепе-теңдік жағдайында сыртқы күш өрісінің әсеріне түскен газ бөлшектерінің концентрациясы
(5.10)
заңы бойынша өзгереді. Бұл қатынас Больцман заңы деп аталады. Жердің тартылыс өрісін қарастырайық. Жер бетіне жақын жерде молекуланың потенциалдық энергиясы . екенін ескерсек, жер бетінен z биіктіктегі газдың қысымының өрнегін аламыз:
. (5.11)
Бұл өрнек барометрлік формула деп аталады. Оны едәуір сиретілген газдар қоспасы (ауа) үшін де қолдануға болады.
Бұл екі қарастырылған таралуларды Максвелл-Больцман заңы деп біріктіріп қарастыруға да болады. Нақты газдар үшін ол тек бір-бірінен алыс қашықтықтағы молекулалар арасында өзара әсерлесуді ескермеген кезде ғана қолданылады. Өте төмен температурада (азғындалған газдар аймағы) молекулалардың қозғалысы классикалық заңдарға бағынбайды.
6 дәріс. Термодинамиканың негіздері
Дәрістің мақсаттары:
 термодинамиканың заңдарын (бастамаларын) оқып үйрену ;
 макрожүйеде өтетін процестерді талдауда оларды қолдану әдістерін меңгеру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет