Алматы энергетика және байланыс институты Физика кафедрасы


Статистикалық және термодинамикалық зерттеу әдістері



бет16/49
Дата07.02.2022
өлшемі427,65 Kb.
#87686
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   49
Байланысты:
Алматы энергетика және байланыс институты

5.1 Статистикалық және термодинамикалық зерттеу әдістері
Статистикалық физика және термодинамика – макроскопиялық физикалық жүйелердің ортақ қасиеттерін зерттейтін бір-бірімен сабақтас физиканың бөлімдері.
Ең абсолютті сенімді принцип болып саналатын термодинамика бастамалары негізінде тәжірибелерде тікелей өлшенетін шамалармен (макроскопиялық параметрлер: көлем, температура, қысым және т.б.) сипатталатын материялық денелердің қасиеттерін зерттеу термодинамиканың негізгі тапсырмасы болып табылады. Бұл жағдайда заттың құрылымы жөнінде ешқандай модельдік көріністер қарастырылмайды. Термодинамиканың күші термодинамика бастамалары қаншалықты сенімді болып табылса, оның қорытындыларының сондай дәрежеде болуында.
Статистикалық физика макроденелердің құрылымы жөніндегі атом-молекулалық көрініс моделі (мысалы, идеал газ моделі) және математикалық статистикаға негізделген. Макрожүйелердің қасиеті жүйені құрайтын бөлшектердің қасиеті бойынша, олардың қозғалысының ерекшеліктері және осы бөлшектердің динамикалық сипаттамаларының (энергия,жылдамдық және т.б.) орташа мәндері бойынша анықталады. Статистикалық физика орташа шамаларды есептеу әдістерін және олардың көмегімен жүйенің макропараметрлерін анықтауға үлкен мүмкіндік береді. Молекула-кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі осындай жолмен алынған
, (5.1)
мұндағы p – газдың қысымы;
n – бірлік көлемдегі газ молекулаларының саны (молекула концентрациясы);
– молекулалардың ілгерілемелі қозғалысының орташа энергиясы.
Бұл екі әдістің өзіндік жетістіктері де, кемшіліктері де бар. Оларды үйлестіре қолдану дәл және сенімді нәтиже береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет