Байланысты: Алматы энергетика және байланыс институты
9.2 Электростатикалық өріс. Электростатикалық өрістің қасиеттері Зарядталған бөлшектер мен денелер бір-бірімен өріс арқылы әсерлеседі. Қозғалмайтын электр зарядтарының электр өрісі электростатикалық өріс деп аталады. Зарядталған бөлшектерге электростатикалық өріс тарапынан әсер ететін күш электростатикалық күш деп аталады. Электростатикада қолданылатын модель - нүктелік заряд деп аталады. Нүктелік заряд - өлшемі басқа зарядталған денеге дейінгі қашықтықпен салыстырғанда ескермеуге болатын зарядталған дене.
Берілген нүктедегі электростатикалық өрістің кернеулігі берілген нүктедегі бірлік оң зарядқа әсер ететін күшпен анықталатын физикалық шама
. (9.1)
Электростатикалық өрістің кернеулік векторының бағыты сыншы оң зарядқа әсер ететін күштің бағытымен сәйкес келеді.
Тәжірибе көрсеткендей кулондық күштерге механикадағы күш әсерлерінің тәуелсіздік принципі қолданылады. Сонымен, өрістің кез келген нүктесіндегі Q0 сыншы зарядқа әсер етуші қорытқы күш оған түсірілген жүйедегі әр бір Q i зарядтардың әсер күштерінің векторлық қосындысына тең
. (9.2)
Берілген зарядтар жүйесіндегі қорытқы өріс кернеулігі үшін (9.1) өрнегін ескеріп, төмендегі өрнекті жазуға болады
. (9.3)
Бұл формула электр өрістерінің суперпозиция принципін өрнектейді. Қозғалмайтын Q зарядтың электростатикалық өрісінде Q0нүктелік сыншы заряд 1 нүктеден 2- нүктеге орын ауыстырғанда өріс тарапынан әсер ететін күш жұмысы