Алматы облысы
Алакөл ауданы
Үшарал қаласы
МКҚК «Үшарал қалалық балалар шығармашылық орталығы»
Қосымша білім беру педагогі
«Сөз өнері» үйірмесінің жетекшісі
Сарқытқызы Құралай
Сабақтың тақырыбы: Жыраулар поэзиясы
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: XIV-XVIII ғасырдағы жыраулар поэзиясы және жыраулардың өмірбаяны туралы білімдерін жинақтап, кеңейтіп, пысықтайды, толықтырады.
2. Дамытушылық: Жырларды мәнерлеп, сауатты, нақышына келтіріп оқи білуге баулиды, танымдық деңгейін көтереді; Ой-өрісін, логикалық, есте сақтау, ойлау және шығармашылық қабілеттерін жетілдіреді; Тірек сызбаларды қолданып ауызша тілді дамытады, сөздік қорды молайтады.
3. Тәрбиелік: Жыраулардың жырын оқу арқылы ұлы адамдардың өмірін өнеге ете отырып, адам бойындағы жақсы қасиеттерді (ақылдылық, тапқырлық, адамгершілік, татулық) қалыптастыру, отансүйгіштікке, елін қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрден тыс сабақ, теориялық білімді қайталай отырып, тірек сызбалар арқылы ауызша тілді дамыту.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: дамыта оқыту стратегиялары, сыни тұрғыдан ойлау, көркем оқу.
Сабақтың жабдығы: «Жыраулар» тақырыбына байланысты қосымша материалдар мен буклеттер, карточкалар, компьютер, интерактивті тақта.
Сыныппен жұмыс түрі: даралап, ұжымдық
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі 1-2 минут
1. Оқушыларды түгендеу;
2. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін түсіндіру.
ІІ. Сабаққа кіріспе. «Жадыны жаңғырту» стратегиясы. 3-5 минут
1. Толғау дегеніміз не?
2. Жырау дегеніміз не?
3. Жыршы деп кімді айтамыз?
4. Жыр дегеніміз не?
5.Жырауларға кімдерді жатқызамыз?
6. Олар қай ғасырда өмір сүрген?
● Толғау дегеніміз – қазақ әдебиетінде ақындар шығармашылығында, әсіресе жыраулар поэзиясында жиі орын алған жанр. Толғау өлеңде ақын өмір қоғам, адам тіршілігі, жақсылық, жамандық т.б жайлы ақыл-өсиет, насихаттық тұрғыда ой-қозғайды.
● Жырау дегеніміз - өз жанынан жыр шығарып айтатын, суырып салма ақындық қасиет пен шешендік қасиеті қатар сақталып жататын дарынды ақын, дуалы ауыз шешен, ақылгөй дана, ойшыл адамдар.
● Жыршы – жыр айтушы, таратушы, көптеген эпостық жырларды жатқа білетін, дайын репертуары бар айтқыштар.Жыршылар домбыраның не қобыздың сүйемелдеуімен мақаммен, әнмен айтады.
● Жыр - (көне түркі тілінде «иыр») деген сөзінен шыққан. Жыраулар өз шығармаларын ақыл-нақыл, өсиет түрінде айтқан.
● Жырау әдебиетінің негізгі өкілдері: Асан қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет, Марқасқа, Қазыбек, Ақтамберді, Бұқар және т.б
Музыкалық үзіліс __________________________________________________ 1-2 минут
ІІІ. «Ой қозғау» стратегиясы.
«Жыраулар жырлайды» тақырыбындағы слайд көрсетіліп тұрады.
ІV. «Поэзия» стратегиясы. 15-18 минут
1. Жыраулар поэзиясында синтаксистік параллелизмге, дыбыс үндесулеріне, ішкі ұйқасқа құрылған өрнектер де аз емес. Арнау түріндегі сөз қолданыстар да баршылық. Жыраулар өз поэзиясында терең философиялық ойды бейнелеу үшін өлеңдерінің ұйқас, ырғақтарын сол мақсатқа орай алған. Оған бірнеше мысал келтірейік:
Жабағылы жас тайлақ,
Жардай атан болған жер.
Жатып қалған бір тоқты,
Жайылып мың қой болған жер. (Қазтуған)
Жырау "ж" дыбысын тамаша сөйлете білген. Дауысты дыбыстарды да шебер қолдана отырып, жыраулар өлеңнің музыкалық сазын күшейткен.
Шын көркемдік тәсіл арқылы олар оқушысын шығарманың ішкі иірімдеріне ендірумен қатар, эмоциялық әсерін үстей түскен. Мысалы, Жиембет жырау:
Еңсегей бойлы ер Есім,
Есім сені есірткен,
Есіл менің кеңесім,
Ес білгеннен, Есім хан,
Қолыңа болдым сүйесін, –
деп тәж-тағына есірген Есім ханның қылығын ашу үшін "е" дыбысынан өрнек жасап сөйлеткен.
2. Көркем сөз оқу (Өздері жаттаған жырларды жатқа оқытқызу).
1. Асан қайғы XV ғасыр «Еділ бол да Жайық бол» - Ержанқызы Ақниет
2. Қазтуған жырау XV ғасыр «Белгілі биік көк сеңгір» - Айтбек Айым
3. Доспамбет жырау XVІ ғасыр «Айналайын, ақ Жайық» - Қуаныш Аяулым
4. Шалкиізжырау XVІ ғасыр «Қоғалы көлдер, қом сулар» - Кариева Айгерім
5. Жиембет жырау XVІІ ғасыр «Еңсегей бойлы ер Есім» - Әжібай Айгерім
6. Ақтамберді жырау XVІІ ғасыр «Күлдір-күлдір кісінетіп» - Мелісова Дилназ
7. Тәтіқара ақын XVІІІ ғасыр «Қамыстың басы майда, түбі сайда»
- Келимбердина Маржан
8. Үмбетей жырау XVІІІ ғасыр «Бекболат биге» - Ахмедияр Камиля
9. Бұқар жырау XVІІІ ғасыр «Тілек» - Жақсыбекова Ақсана
10. Шал ақын XVІІІ ғасыр «Саясы жоқ бәйтерек» - Қинаят Амина
11. Дулат ақын XVІІІ ғасыр «Сәні жоқ» - Карменова Мерей
12. Махамбет XVІІІ- XІX ғасыр «Мен, мен, мен едім» - Сламбекова Жанар
V. «Венн диаграммасы» стратегиясы. 5 минут
1. Осы жыраулардың қазіргі заман ақындарынан қандай ерекшелігі, сондай-ақ ортақ қандай ұқсастықтары бар?
VІ. Шығармашылық жұмыс. 5 жолды өлең – Sinkuein стратегиясы. 5 минут
кім? - жырау
қандай? - суырып салма
не істеді? - толғады, жыр шығарды
не үшін? - елді ерлікке, бірлікке шақыру үшін
Жалпы ойды түйіндеу - - жыраулар – ел бірлігін, батырлар ерлігін жырлады
_______________________________________________________________________
кім? - жырау
қандай? - дуалы ауыз шешен, ақылгөй дана, ойшыл
не істеді? - ақыл-нақыл, өсиет айтты
не үшін? - өмір қоғам, адам тіршілігі, жақсылық, жамандық т.б
насихаттау үшін
Жалпы ойды түйіндеу - - жыраулар – шешен адамдар
VІІ. Бекіту. Тест сұрақтарына жауап беру: 5 минут
1. Жыр қандай сөзбен айтылады?
а) жатқа
в) жазбаша
с) көркем
д) қара
е) қаратпа
2. Шешендік сөздер бұл -
а) ауыз әдебиетінің бір саласы
в) өлең
с) тақпақ
д) жыр
е) мақал-мәтел
3. Шешендік сөздерге не жатады?
а) әңгімелер
в) мысалдар
с) суреттер
д) жырлар
е) тілектер, даналық сөздер
4. Жыраулар поэзиясы қай ғасырларды қамтиды ?
а)12-18 в)13-18 с)15-18 д) 5-10 е)18-20
5. Қазақтың шешендері кімдер?
а) Абылай
в) Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би
с) Абай
д) Мұхтар
е) Ыбырай
6. «Жырау» деп кімді айтады?
а) ғалымды в) данышпан адамды с) терең мағыналы ой толғайтын кемел ақынды д) ұрысқа, соғысқа үндеуші адамды е) патриотты
7. Жыраулар поэзиясы қай ғасырдан бастап өріс алады ?
а) 5 в) 8 с)15 д)17 е)18
8. «Өсиет » сөзінің аудармасы:
а) совет
в) этапы
с) агитировать
д) назидание
е) почитали
9. Шешендік сөздер дегеніміз не?
а) үлгілі ойлар, тұжырымдар в) мақалдар с) сөздер д) түйіндер е) әндер
10) Жыраулар поэзиясының атасы:
а) Асан қайғы в) Бұқар с) Қазтуған д) Шалкиіз е) Жиембет
VІІІ. «Еркін жазу – еркін ой» стратегиясы 5 минут
- Ауызша жұмыс: Егер сендер XXI ғасыр жыраулары болғандарыңда не жайлы жырлар едіңдер? («егемендік туралы, бірлік туралы, отансүйгіштікке шақырар едім...»)
- Жазбаша жұмыс:
Сабақтан қандай әсер алдың?
Ұнады ма, ұнамады ма? Несімен ұнады не ұнамады?
|
Нені үйрендің?
Қандай жаңа ақпарат алдың?
Ол ақпарат саған қажет пе еді?
|
Нені әлі де біле түсуің керек екен?
Нені түсінбей қалдың?
Нені түсіну саған қиын болды?
|
|
|
|
Музыкалық үзіліс _____________________________________________________ 3 минут
ІХ. Бекіту. «Ой қорыту стратегиясы».
Сабақтың қорытындысы, ой қорыту (рефлексия) 3 минут
Ұлы адамдардың стратегиясы:
● Асан қайғы Желмаясын мініп, кең байтақ қазақ жерін түгел аралаған. «Жерұйық» жерді іздеген, ну орман мен шалғынды жерге халықты қоныстандырсам деп армандаған. Сондықтан Шоқан Уәлиханов оны «Көшпенділер философы» деп атаған.
● Қазтуған өз жырларында халықты ерлікке, бірлікке, адамгершілікке шақырып, ақыл айтқан, батыр, ел басқарған би болған. Адамгершілігі күшті үлкендердің айтқанын тыңдасақ, бізден батыр да, би де шығады деп сенемін.
● «Ұрпақтарым, атаң мен әжеңді сыйла! Өзіңе дейінгіні құрметтесең, өзіңнен кейінгілер сені құрметтейді»,- деп Бұқар жырау айтқандай ата-ананы сыйлаңдар, үлкендерді құрметтеп, кішіге қамқор болайық!
Достарыңызбен бөлісу: |