Алматы облысы Қарасай ауданы Музыка пәні мұғалімдері
Адильбекова Зәуре Заетовна
Тақырыбы: Абай және оның әндері ( аралас сабақ) 45 мин. 4 сынып
Балалар, төмендегі бос орындарға жауап жазыңдар.
(асты сызылған курсив сөздердердің орнында оқушы дәптерінде бос орын қалдырылады)
Оң жақ бағандағы тапсырмаларды құрастырушы мұғалімдердің есіне:
|
І кезең. а) ұйымдастыру сәтін; ә)дауыс ашу жаттығулары б) алдыңғы тақырыптың ІІІ кезеңінің үш деңгейлік тапсырмаларын үйде аяқтап келу дәрежесін тексергеннен кейін ; в) «көпір» тапсырмаларын тексереді.
|
«Көпір»
тапсырмалары өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеріге негіз болатын қайталау тапсырмалары
|
Абай кім?
Ж: Абай-қазақ халқының ұлы ақыны,композитор.
Қай жылдары өмір сүрген?
Ж: 1845-1904
Абай Құнанбаев қай жерде дүниеге келген?
Ж: Абай Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында туған
Қандай әндері халық арасында көп тараған?
Ж: Айттым сәлем,қаламқас. Көзімнің қарасы. Сегіз аяқ. Бойы бұлғаң,
Абайдың табиғат тақырыбына жазған шығармаларын білесің?
Ж: Қыс. Жаз. Қараңғы түнде тау қалғып.
Ақын қандай музыкалық аспапта ойнаған?
Ж: Ол домбырада ойнаған.
Абайдың қай халық композиторларының әндерін қазақ тіліне аударған?
Ж: Абайдың орыс халық композиторларының әндерін қазақ тіліне аударған.
Оларды ата?
Ж: А.С.Пушкин. М.Ю.Лермонтов. И.А.Крылов.
Қай композитор Абайдың әнін өзінің шығармасында пайдаланған?
Ж: Композитор К. Ошлаков өз вариацияларының негізіне «Көзімнің қарасы» әнін қолданған.
|
ІІ кезең (топтық жұмыс) жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау: а) оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері толтырады (10 минут); ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды (10 минут). Нәтижесі ауызша марапатталады.Бұл кезеңде оқушыларға баға қойылмайды. «сынақтан өтті», «сынақтан өтпеді» деп бағаланады.
|
Теориясы:«Білу»
(тақырып мазмұны бойынша кім?не?
қандай? қалай? нені? қашан?не істеді сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктеліну керек)
|
Бос орынға қажетті сөздерді жаз:
1.Абай орыс композитор әндері мен қатар татар халқының да әндерімен таныс болды.
2.Абай тек орыс халық әндерін ғана емес,классикалық музыканы да білген.
3.Классикалық музыка –ең биік көркемдік талапқа сай,терең мазмұнды, музыка өнерінің алтын қорына енген шығарманы айтады.
4. «Желсіз түнде жарық ай»- әні көз алдымызға жарық ай астындағы әдемі тымық түнді елестетеді.
5. Романс –әннен гөрі күрделі болып келетін,жеке дауысқа арналып жазылған лирикалық шығарма.
6. Ауылдың жаны терең сай,
Тасыған өзен күрілдеп.
7.Вариация латын тілінен аударғанда «өзгеру», «түрлену» деген мағынаны білдіреді.
8. Көзімнің қарасы,көңлімнің санасы,
Бітпейді іштегі ғашықтық жарасы.
9.Көзімнің қарасы әніне К.Ошлаков вариация жазды.
10. К.Ошлаков баян аспабына жазған вариациялар бар.
|
Теориясы:_«Түсіну»___(_неге_неліктен_себебі_не_үшін'>Теориясы: «Түсіну»
(неге? неліктен? себебі? не үшін? сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшін қойылады)
|
Себебін анықта:
Неліктен Абай А.Рубенштеиннің «Горные вершины» әнін аударды?
Ж: себебі: бұл өлеңін сөзі мен әуені Абай жүрегін баураған.
Неліктен Абайдың әндерін музыка зерттеушілері еуропалық романстарға теңестіреді?
Ж: себебі: ол қазақтың дәстүрлі әндерін орыс, украин әндерінің ең озық үлгілерімен, орыс романстарымен табиғи үндестіре білді.
Абай Құнанбаевты неге ағартушы дейміз?
Ж: себебі: Абай Құнанбаев адам бойында кездесетін жаман мінез құлықтарды сынады және адамгершілікті, ақыл мен білімді алға қойды.
|
Теориясы:
«Талдау»
(1.Салыстыр,
2. Айырмашылығы неде?
3. Ұқсастығы неде?
4.Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады.
|
1-3. Венн диаграммасы арқылы «Горные вершины» әнімен «Қараңғы түнде тау қалғып» әнін салыстыр.
«Қараңғы түнде тау қалғып» әні «Горные вершины» әні
Қазақша, әні
мен сөзі бір
автордікі,
әуенінің сипаты тұнық(moll)
Әндердің мәтіндері ұқсайды, музыкасы лирикалық, табиғатқа арналған
Орысша, сөзі мен әнін екі адам жазған,әуенінің сипаты ашық(dur)
Ұқсастығы
4). Тақырыптың басты идеясы неде?
Қараңғы түнде тау қалғып әні мен Горные вершины әнінің ұқсастықтары әндердің мәтіндерінің тақырыбы бір, әуендері лирикалы, табиғат сұлулығын бейнелейді.
Қараңғы түнде тау қалғып әнінің ерекшелігі : әннің мәтіні қазақша, әні мен сөзі бір автордыкі, ре-moll жүйесінде жазылған,екі шумақты.
Горные вершины әнінің ерекшелігі: әннің мәтіні орыс тілінде. Сөзі мен әнін екі бөлек адам жазған, әуені ре-dur жүйесінде айтылады,бір шумақты.
|
Теориясы: «Жинақтау»(Қорытынды шығар,анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны, сөзжұмбақты толтыр немесе өзің құрастыр тағы с.с. басқа түрдегі тапсырмалар оқушының жоғарыдағы «тақырыптың басты идеясына» жазған жауабына қойылады)
|
Тірек-сызбасындағы бос орындарға тиісті сөздерді қой
Қараңғы түнде тау қалғып
Желсіз түнде жарық ай
Көзімнің қарасы
Бұл әнді орыс ақыны Лермонтов неміс халқының атақты ақыны Гетенің шығармасын орыс тіліне аударған. Абай орыс тілінен қазақ тіліне аударды.
Абай атамыздың бұл әнін композитор Ошлаков баян аспабына арнап вариация жазған. Бұл шығарма музыка мектептері мен коледж оқушыларының сүйікті шығармасына айналған
Бұл ән адамның көңіл күйін әсерлі әуенмен бейнелеп жеткізеді, қазіргі кезде араб, ағылшын, өзбек, қырғыз, орыс, татар тілдерінде айтылып жүр.
Абай әндері халық арасында кеңінен тараған. Абай әндері музыка зерттеушілері еуропалық романстарға теңейді. Абай әндері қазақ халқының классикалық музыкасына жатады.
|
Оқулықпен жұмыс (5 минут): төмендегі «Қолдану» және оқушының тақырып мазмұнына «Баға беруі» тәсілдеріне сәйкес, яғни рефлексия жасауға, эссе жазуға арналған, практика жүзінде бекіту тапсырмалары орындалады . Нәтижесі ауызша марапатталады.
|
Практикасы:_«Қолдану»'>Практикасы: «Қолдану»(оқулықпен жұмыс жүргізу барысында тек қарапайым тапсырмалармен бекіту жүргізіледі. Дайын оқулықтағы әндерді орындайды )
|
1.Қараңғы түнде тау қалғып әнін хор боп айту.
2. Горные вершины әнін хор боп айту.
3. Желсіз түнде жарық ай әнін хор боп орындау.
4. Ошлаков баян аспабына жазған вариацияларынан үзінді тыңдау.
|
Практикасы
«Баға беру» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? деген тапсырмалар оқушыға жоғарыда алған білімін (теория бойынша) және біліктілігін (практикасы бойынша) өмірдегі жағдайларды шешуге бағытталып қойылады
|
Сен қалай ойлайсың?
1.Абай Құнанбаев неге басқа ұлттардың музыка мәдениетіне қызықты?
Ж: Себебі,Абай Құнанбаев қазақ музыка мәдениетін басқа ұлттардың мәденйетімен жақындастырғысы келді .
2. Бүгінгі таңда басқа ұлттың ән немесе биі кеңінен тараған ба?
Ж:Иә.Кезкелген заманауй музыкалық шығармаларда ремикс немесе соун трэктерде кездеседі.
3.Абай атамыздың әндерін мектептен тыс жерлерде айтар ма едің?
Ж. Иә.Көзімнің қарасы,Айттым сәлем қаламқас әндерін білемін.
|
І деңгей (5 балл)
|
Теориясы: «Білу»
(тақырып мазмұны бойынша кім?не?
қандай? қалай? нені? қашан?не істеді сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпараттар іріктелініп ІІ кезеңдегіге қарағанда керісінше қойылады)
|
1.Абай орыс композитор әндерімен қатар татар халқының да әндерімен таныс болды.
2.Абай тек орыс халық әндерін ғана емес,классикалық музыканы да білген.
3.Классикалық музыка –ең биік көркемдік талапқа сай, терең мазмұнды, музыка өнерінің алтын қорына енген шығарманы айтады.
4. «Желсіз түнде жарық ай»- әні көз алдымызға жарық ай астындағы әдемі тымық түнді елестетеді.
5. Романс –әннен гөрі күрделі болып келетін,жеке дауысқа арналып жазылған лирикалық шығарма.
6. Ауылдың жаны терең сай,
Тасыған өзен күрілдеп.
7.Вариация латын тілінен аударғанда «өзгеру», «түрлену» деген мағынаны білдіреді.
8. Көзімнің қарасы,көңлімнің санасы,
Бітпейді іштегі ғашықтық жарасы.
9.Көзімнің қарасы әніне К.Ошлаков вариация жазды.
10. К.Ошлаковтың баян аспабына жазған вариациялар бар.
|
Практикасы:
«ҚОЛДАНУ»
(ІІ кезеңдегіге қарапайым тапсырмалар үлгісіндегі тапсырмалар орындалады)
|
Оқулықтың 73 бетіндегі 4-тапсырманы орында.
Нота жолдарына қарап, әр әннің негізгі әуенін тауып,жүмыс дәптеріңе нөмірдің қасына аттарын жаз.
|
|
ІІ деңгей (5 балл + 4 балл = 9 балл)
|
Теориясы: «Түсіну»
(неге? неліктен? себебі? не үшін?сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшін қойылады)
|
Себебін анықта:
1.Неге Желсіз түнде жарық ай әнінің әуені баяу?
Себебі: әннің сөзінің мазмұнына сәйкес музыкасы баяу.
2.Не себепті Лермонтовтың өлеңін қазақ тіліне аударды?
Себебі: Бұл леңнің сөзі мен әуені Абай жүрегін баурады.
3.Некліктен Абайды композитор, ақын дейміз?
Себебі: Абай өлең жазып,оған сәйкес музыкасын шығарған.
|
Теориясы:
«Талдау»
(1.Салыстыр,
2. Айырмашылығы неде?
3. Ұқсастығы неде?
4.Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады.
|
Кестедегі бос орындарға тиісті сөздерді жаз
Ән аттары
|
Көзімнің қарасы
|
Желсіз түнде жарық ай
|
Қараңғы түнде тау қалғып
|
ұқсастығы
|
лирикалық ән, минор жүйесінде жазылған,ырғағы, сипаты.
|
айырмашылығы
|
Мәтіннің мазмұны,тақырыбы, өлшемі.
|
Тақырыптың басты идеясы неде?
Өсіп келе жатқан жас ұрпаққа қазақ халқының дәстүрлі әнші,ағартушы,ұлы ақыны Абайдың музыкалық шығармасын насихаттау. Абайдың әндері сияқты басқада дәстүрлі әнші композиторлардың шығармалары атадан-балаға жалғасып келе жатқан музыка мұрасы.
|
Практикасы:
«ҚОЛДАНУ»
(ІІ кезеңдегіге қарапайым тапсырмалар үлгісіндегі тапсырмалардың өзгертілген нұсқасы орындалады)
|
«Өлең жолдары». «Желсіз түнде жарық ай», «Қараңғы түнде тау қалғып» әндерінің өлең жолдарын жұмыс дәптаріңе дұрыс көшіріп жаз.
Желсіз түнде
|
дірілдеп
|
Сәулесі суда
|
терең сай
|
Ауылдың жаны
|
қүрілдеп
|
Тасыған өзен
|
жарық ай
|
Қараңғы түнде
|
дел-сал ғып
|
Ұйқыға кетер
|
тау қалғып
|
Даланы жым-жырт
|
салбырап
|
Түн басады
|
балбырап
|
|
|
ІІІ деңгей (9 балл + 3 балл = 12 балл)
|
Теориясы:
«Жинақтау»
(Қорытынды шығаруға бағытталған:мазміұнды
жүйеле, анықтама бер,
кесте, сызба, ребус шеш. деген сөздер тапсырма шартында болу керек).
|
Сөзжұмбақты шеш:
Төмендегі берілген сөздердің ішінен торкөздерге сәйкес келетін сөздерді дұрыс тауып жаз.
Тоғай
Ай
Ауыл
Аспан
Тау
Бала
Бас
|
Практикасы
«Баға беру»(Сен қалай ойлайсың?Не істер едің?сияқты тапсырмалар өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады
|
Сен қалай ойлайсың?
Болашақта Абай әндері бүкіл дүниежүзілік классикалық әндер қатарына ене ма?
Ол үшін сен өзің қандай үлес қосар едің? Болашақта мәдениет қызмет істап халқымыздың шоқтығы биік ағартушы,ақын, композитор Абайдың әндерін дүниежүзілік классикалық әндер қатарына енгізу үшін зор үлес қосар едім.
|
Достарыңызбен бөлісу: |