Алматы облысы Іле ауданы Өтеген батыр кенті «Ай-Нұр» жекеше лингвистикалық гимназиясы Тарих және география пәні мұғалімі: Идрисова Санта Әнетқызы Мерзімі



Дата23.08.2017
өлшемі448,2 Kb.
#25244
түріСабақ




Алматы облысы Іле ауданы Өтеген батыр кенті

«Ай-Нұр» жекеше лингвистикалық гимназиясы

Тарих және география пәні мұғалімі: Идрисова Санта Әнетқызы
Мерзімі: 24.11.2015

Сынып:

Пән: Қазақстанның экономикалық географиясы

Сабақ тақырыбы: Қазақстанның түсті металлургиясы

Мақсаты:

Оқыту мақсаты: Оқушылардың төрт деңгейлік саты негізінде Қазақстанның түсті металлургиясы тақырыбы бойынша алған білімдерін бекіту.

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім-білік деңгейлерін анықтай отырып, картмен жұмыс жасауға дағдыландыру.

Тәрбиелік мақсаты: Қазақстанның пайдалы қазбаларының маңызын анықтай отырып, неғұрлым дұрыс және тиімді пайдалану керектігін оқытып-үйрету.

Көрнекіліктер: Қазақстан картасы,интерактивті тақта,постер

Пәнаралық байланыс: химия

Әдіс-тәсілдер: жеке жұмыс, сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыс

Сабақта пайдаланылатын технологиялар: оздыра оқыту технологиясы,Ж.Қараевтың деңгейлеп- саларалап оқыту технологиясы,сындарлы оқыту технологиясы

Сабақ түрі: Бекіту сабағы

Негізгі терминдер: флотация, шашыранды металл

Сабақ кезеңдері: 1. Үйренушілік (Репродуктивтік) кезең;

2.Эвристикалық кезең;

3.Алгоритімдік кезең;

4.Шығармашылық кезең;



Сабақ ұстанымы: «Естідім – ұмыттым, көрдім – еске сақтаймын, жасадым – мәңгілік менікі».
С а б а қ б а р ы с ы :

І. Ұйымдастыру сәті: Оқушылардың сабаққа дайындығын және көңіл –күйін психологиялық тұрғыдан анықтап алу(оқушыларға геометриялық фигуралар беріледі, мұғалім оқушы көтерген фигураға анықтама береді.)

ІІ. Репродуктивті деңгей тапсырмалары:

А)«Серпілген сауал» (Слайд № 1)

1. 1730 жылдан 1832 жылға дейін бір ғасыр ішінде Қазақстанның Алтайдағы ірі кен орындарын ата.

2.Мыс өндірумен Қазақстанда қандай компаниялар жұмыс атқарады?

3. Полиметалл кендері деп нені айтады?

4. Елімізде никель мен кобальттың неше кен орны бар?

5.Алюминий шикізаты?

6.»Посук Титаниум» зауыты не өндіреді?

7. ТМД бойынша өндірілетін алтынның неше пайызы Қазақстанда шығарылады?

8. Әлемде Қазақстанға уранның неше пайызы келеді?

9. Вольфрам кені қоры жөнінен Қазақстан дүние жүзінде нешінші орында?

10.Шашыранды және сирек металдарға қандай металдар жатады?

11. Уран өндіруде қандай кәсіпорындар жұмыс жасауда?

12. «Флотация» деген не?

ІІІ. Алгоритімдік деңгей тапсырмалары:

А) «Мюнхаузеннің 11 қатесі» (Слайд № 2 )

1. Мыс өндірумен «Оңтүстікникель » компаниясы жұмыс істейді (Қазақмыс)

2. Баяу балқитын түсті металдар: вольфрам және уран. (уран емес молибден)

3. Қазақстан дүниежүзінде мыс кені қоры жөнінен 4-ші орында. (3-ші орында)

4. Қазақстан мырыштың 60-70 % экспорттайды.(85-88%)

5. Қазақстанда алтынның барланған қоры – 2000т. (1700 т)

6. ТМД-дағы тантал және оның ұнтағын , уран ұнтағын шығаратын Қазақстандағы жалғыз «Қазатомпром» компаниясы. (Үлбі металлургия комбинаты,Өскемен қаласы)

7. Шымкент қорғасын зауытында 1991ж. Дейін өнімнің 25 түрі өндірілді. Қазіргі кезде 15 түрі өндіріліп, шикізаттан 15 элемент алынады. (9 элемент)

8.Құрамында белгілі бір ғана элементі бар кен түрін полиметалл кендері деп атайды. (көп элементі бар болуы қажет)

9. Сирек және шашыранды металдар топтары: Уран,германий,тантал,алтын,галий, титан,теллур,цирконий,платина,қалайы. (алтын,титан, платина,қалайы)

10.Республикамыздағы ең алғашқы түсті металлургия комбинаттары: Риддер полимтелл комбинаты және Зырян комбинаты (Қарсақбай комбинаты)

11. Қаратау етегінде өндірілетін ванадий кені Жапонияның «Тошиба» компаниясына жіберіледі. (Ресейдің Чусовск металлургия комбинаты)



Б) «Ойлан,тап!» (географиялық есеп) (Слайд № 3)

А қаласы мен В қаласының арақашықтығы - 5000км. 1т алюминий алу үшін 2т глинозем және 18000кВт*сағ.электр энергиясы қажет. Теміржолмен 1т глинозем тасудың өзіндік құны 3000тг. А қаласыда 1кВт*сағ-тың құны – 2тг, В қаласында – 1тг. Егер А қаласы шикізат көзіне жақын , ал В қаласы электр энергетикасы көзіне жақын орналасқан болса, қай қалада алюминий зауытын салу қолайлы болар еді? (Жауабы: В қаласына, себебі алюминий зауыты электр энергетикасын көп қажет ететін металл).



ІV. Эвристикалық деңгей: (Слайд № 4)

А) Салыстыр және мәлімет бер:

1) Қорғасын мен мыс

2) Алюминий мен титан

3) Алтын мен күміс

4) Уран және тантал



Б) Картамен жұмыс: Кен орындарын анықтау (Слайд № 5)

1. Соколов-Сарыбай

2.Зырян

3.Риддер


4. Жезқазған

5.Саяқ


6.Қоңырат

7. Мырғалымсай

8. Ащысай

9.Байжансай

10.Қараоба

11.Ақмола



12.Оңтүстік Қазақстан

V. Шығармашылық деңгей. (Оқушыларға алдын ала берілген тапсырма негізінде күнделікті тұрмыста қолданылатын заттардан түсті металды тауып, анықта беру тапсырылады).

1.Фольга қағазы,лампочка,Алтын киімді адам суреті, термометр,кабель, күміс сақина,алтын сырға.


VI.Сабақты «ИНСЕРТ түртіп алу әдісімен» қорытындылау: (оқушылар кестеге алынған мәліметті жазып шығады.)

Білемін

Меңгердім

Нені түсінбедім

Мені таңқалдырды












VII. Үйге тапсырма беру: «Қазақстан экономикасында түсті металлургияның маңызы» (эссе, презентация)

VIII.Бағалау: Оқушылардың сабақ барысында жинаған ұпайларын есептеп шығару.
(Ашық сабақтан көрініс)




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет