Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Тастыөзек ауылы, «Тастыөзек орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Дата26.08.2017
өлшемі74,8 Kb.
#28550
Алматы облысы,

Кербұлақ ауданы,

Тастыөзек ауылы,

«Тастыөзек орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Доспамбетов Дархан Серікұлы
Сабақтың тақырыбы: Сұлтанмахмұт Торайғыров

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Өтілген Абай Құнанбаев тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерін, сөз қорларын пысықтау. Оқушыларға Сұлтанмахмұт Торайғыров өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік бере отырып, ақын шығармалардың тақырыбын, мазмұнын, көркемдігін, құрылысын меңгерту. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Шығамын тірі болсам адам болып» деген өлеңін тереңдете түсіну, талдау, мәнерлеп оқу. «Шығамын тірі болсам адам болып» жазған өлеңнің мазмұны арқылы өмірдегі басты мақсаттарын анықтап, тәрбие маңызын түсініп білу.

2.Дамытушылық: Шәкірттердің ой-өрісін, тіл байлығын дамыту және сөйлеу. Қазақ тілінде ойлауға, өзі еркін ой түюге баулу, танымдық түсініктерін дамыту.

3.Тәрбиелік: Сұлтанмахмұт Торайғыровтың қалған шығармашылығын бағалауға, құрметтеуге баулу. Оқушыларды «Шығамын тірі болсам адам болып» деген өлең мазмұны арқылы адамның қасиеттерін туралы түсінуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі, жаңа сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, оқыту, мәнерлеп оқу, әңгімелеу, баяндау.

Сабақтың құралдары: Қазақ әдебиеті оқулығы, «Шығамын тірі болсам адам болып» деген өлең, ақынның портреті, презентация, тірек сызба, техникалық құрал, компьютер, мультимедиалық тақта, жұмыс дәптер.

Пәнаралық байланыс: Қазақстан географиясы, қазақ тілі.

Қосымша материалдар: Сұлтанмахмұт Торайғыров туралы қосымша материал мен мәліметтері.

Технологиялар: педагогика, компьютерлік, дамыта оқыту.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Сәлемдесу.

2. Сабақтың мақсаттарын айту.

ІІ. Ой қозғау.

- Бүгінгі қазақ әдебиеті сабағымызды «Дұрыс па, бұрыс па?» деген ойынмен бастаймыз. Ойынның шартты.

Мен сендердің назарларыңа мәліметтерді оқимын, ал сендер айтылған мәліметтердің дұрысын мен бұрысын анықтап айту керек. (2 слайд).

Сұрақтар:


  1. Қазақ әдебиеті халқымыздың әдеби мұраларымен таныстырады. (Дұрыс)

  2. Жыршы –эпикалық шығармаларды халыққа жатқа орындайды . (Дұрыс)

  3. «Қобыланды батыр» жыры –қазақ лиро-эпостық жыр. (Бұрыс)

  4. «Жеті жарғы» - Абылай хан тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлері әдет-ғұрып заңдарының жинағы. (Бұрыс)

  5. Қазақ ауыз әдебиетінің негізгі салушысы -Абай Құнанбайұлы (Дұрыс)

  6. Абайдың жазылған шығармасы «Жақсы мен жаман айырмасы» деп аталады. (Бұрыс)

  7. «Абайдың қара сөздері» атты өлеңін Т.Садиев жазған. (Дұрыс)

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру, пысықтау.

Өткен сабақпен байланыс: (3слайд)

  1. -Балалар, біз өткен сабақта қандай ақынның өмірі мен шығармашылы-

ғымен таныстық?

  1. - Абай Құнанбайұлы кім?

  2. - Қай қалада және қашан «Абай» деген журналы ең алғаш рет шыққан?

  3. - Абайдың әжесі мен анасы кім?

  4. – Абай өмірі туралы не білесіңдер?

  5. – Ақын «Отыз сегізінші» қара сөзінде қандай мәселені көтерген?

  6. –«Қара сөздер» дегеніміз не?

  7. - Абайдың қара сөзіне қандай атау беруге болады?

Үй тапсырмасын бекіту.

Абайдың «Қара сөздері» әдебиет теориясынан мәліметтеріне көңіл аудару, тақтада арнайы тірек сызба арқылы тексеру.

Қара сөздер:


        • Бөлек шығарма;

        • Дүниетанымдық мәселердің түсініктемесі;

        • Біршама өлең шығармасы;

        • Еркін ой білдіру формасы;

        • Өсиет толғау;

        • Ой поэзия тілі;

        • Проза тілі;

        • Философиялық шығарма;

        • Автор – Абай.

IV. Жаңа сабақ:

Кiрiспе сөз:

- Бүгін сабақта Сұлтанмахмұт Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңімен танысамыз. Сабақтың мақсаты өлеңнің идеясын, тақырыбын ашып, жан-жақты талдау жүргізу. Қазір Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірінен қысқаша мәліметтермен танысамыз. Балалар, берілген слайдқа көңіл аударыңдар (4 слайд).

Балалар, экранда Сұлтанмахмұт Торайғыров портреті бейнеленген. Ол кім? Ол туралы не білесіңдер? (Оқушылардың жауаптарын қабылдағаннан кейін төменгідей тапсырмалар беріледі ).

Ең біріншіден, инсерт кестесін беремін. Себебі сендер сабақтың үстінде берілген үш қатардағы сұрақтарға жауап, мәліметтерді жазып отырсыңдар.

1. Не білемін?

2. Білгім келеді.

3. Не білдім?

Оқулықпен жұмыс.

Балалар, кітаптағы 90-94 беттері бойынша жұмыс жасаймыз. Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы тірек сызбаны толтырып, дәптерлеріңе жазып беріңіздер:

Сұлтанмахмұт Торайғыров (5 слайд).


  • ХІХ-ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің;

  • Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 1893-1920 өмір сүрген жылдары

  • ХХ ғасырдың демократтық - ағартушылық әдебиеттің өкілі

  • Ірі тұлғалардың бірі

  • 1893 жылдың 28 қазанында туған

  • Ақмола облысының Қызылту ауданы

  • Оның әкесі Шоқпыт (шын аты - Әбубәкір).

  • Әкесі кедей, момын шаруа адамы болған

  • Сұлтанмахмұттың екі жасында шешесі қайтыс болған.

  • Сұлтанмахмұт жетімдікті көріп өскен.

  • Әкесі балаларын алып Павлодар облысының ауданына көшеді.

  • Сауатын ауыл молдасынан ашады.

  • 1908жылы Баянауылдағы Әбдірахман деген молданың 2-3жыл сабақ алады.

  • «Орнымыз - медресе оқып жатқан», «Дін», «Соқыр сопы» атты өлеңдер

  • Мұқан молда Шығыс әдебиеті үлгіріммен таныстырады

  • 1912 жылы Троицк қаласында медреседе оқиды.

  • Өлеңдердің тақырыбы - өнер-білім. Мысалы - «Оқып жүрген жастарға», «Оқудағы мақсат не?», «Шығамын тірі болсам адам болып» деген өлеңдері

  • Сұлтанмахмұт Торайғыров қазақ әдебиетінде тұңғыш рет өлеңмен және

қара сөзбен романдар жазған ақын.

  • «Кедей», «Адасқан өмір», «Айтыс»- поэмалары

3.Жаңа сабақтың тақырыбына қосымша мәліметтерді беру.

Балалар, Сұлтанмахмұт Торайғыров туралы Қазақ әдебиеті энциклопедиясынан қазақ ақындарының жазған даналық ойдан дән оқып бергім келеді. Экранға назар аударыңдар. Оқулықта 93 бетте. (6 слайд)



4.Оқылым:

Ал, шығармашылық жұмыстармен танысуға бастайық. Сұлтанмахмұт Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңінің мазмұны арқылы идеясын түсінейік.(7 слайд)



5.Жазылым:
Балалар, «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңінің мазмұны арқылы синоним сөздерін табайық.

  • бала -

  • серт ету -

  • асылық –

  • сәуле –

Өткен сабақтың тақырыбымен байланысу: Венн диаграмма (8 слайд) Абай Құнанбаев Сұлтанмахмұт Торайғыров

Сабақтың бекіту:

Келесi тапсырмалар арқылы сабақты бекiтемiн. (9 слайд)



1. Сұлтанмахмұт Торайғыров тақырыбы бойынша арнайы сұрақтар қою.

  • Бүгінгі сабақта қай дарынды ақынның мәліметтермен таныстық?

  • Сұлтанмахмұт Торайғыров қай жылдарда өмір сүрген?

  • Сұлтанмахмұт Торайғыров қай жерде білім алған?

  • Оның қандай шығармалары бар?

  • Сұлтанмахмұт Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңінде не туралы айтылады?

  • Адам болып шығу дегенді сендер қалай түсінесіңдер?

  • Ақын қандай серт берген?

  • «Тірі болсам адам болып шығамын» қалай түсінесіңдер?


2. Инсерт кесте бойынша сабақты бекіту.

1. Не білемін?

2. Білгім келеді.

3. Не білдім?


Үй тапсырмасы:

  • Сұлтанмахмұт Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңі білу.

  • Кітаптағы 92-93 бетте жазбаша берілген сұрақтарға жауап жазып әкелу.

Сабақтың қорытындысы:

1.Бағалау.

2.Мадақтау

3.Қорытын айту



4.Қоштасу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет