Алматы облысының атмосфералық ауасының ластануына негізгі әсер ететін кәсіпорындар: жылу энергетикасы мен автомобиль көліктер, ҚР ҚМ пайдалану бөлімдерінің аудандық әскери гарнизондардың қазандықтары, құрылыс материалдарының кәсіпорындары, қазандық кәсіпорындар, ұйымдар сонымен қатар жеке секторлар. Жалпы алғанда Алматы облысы бойынша ластауыш заттардың 97,3% шығарындысы жылу және энергетика өнеркәсібінің кәсіпорындарының, 2,7% өндірістік базалар мен құрылыстың шығарындыларының үлесіне келеді.
2012-2016 жылдарға арналғанАлматы облысы бойынша автокөлікқұралдары санының динамикасы
Статистика деректері бойынша 2015 жылмен салыстырғанда атмосфера ауасын ластауыш шығарындылар көлемінің 4,8 мың тоннаға азайғандығы байқалады (2015 жылы – 55,0 мың тонна, 2016 жылы – 50,3 мың тонна).
Сонымен қатар, облыстың ауа бассейнінің ластануына саны жыл сайын өсетін автокөліктер елеулі үлес қосады
Алматы облысы аумағында жер үсті суларының ластануын бақылау 29 су объектісінде жүргізілді.
Барлығы зерттелген су объектілерінің жалпы санынан беткі сулардың сапасы келесідей үлгімен бағаланады:
– суы «орташа деңгейде ластанған» – Іле, Баянкөл, Қарқара, Есік, Талғар, Шарын, Темірлік, Лепсі, Қатынсу өзендері, Қапшағай, Күрті, Қаскелең, Бартоғай су қоймалары, Жалаңашкөл, Сасықкөл көлдері;
– суы «нормативті таза» – Шілік және Түрген өзендері;
– суы «жоғары деңгейде ластанған» – Текес, Қорғас, Ақсу, Қаратал, Тентек, Жаманты, Ырғайлы, Емел, Үржар, Егінсу өзендері, Балқаш, Алакөл көлдері.
Барлық жері 22358,0 мың га; ластану нәтижесінде айналымнан шыққан жердің жалпы көлемі – 0 мың га: 2016 жылы қалпына келтірілген жер ауданы – 0,195 мың га құрайды.
Облыс аумағында 2 мемлекеттік табиғи қорық, 5 мемлекеттік ұлттық табиғи парк, 7 мемлекеттік қорықша, 3 мемлекеттік табиғи ескерткіш және 1 ботаникалық бақ бар.
Орман қорының жері 4929,6 мың га алып жатыр, оның ішінде: ерекше қорғалатын табиғи аумақтар 544,4 мың га, мемлекеттік қорғаныш орман жолақтары 3,2 мың га, қала ормандары мен орман парктері 1,1 мың га, елді мекендердің жасыл аймақтары мен емдеу-сауықтыру мекемелері 4,4 мың га, өзендер, көлдер, су сақтағыштар, арналар және басқа су объектілері жағалаулары бойынша ормандардың шектелген жолақтары 165,8 мың га, халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темір жолдар мен автомобиль жолдары бойындағы қорғаныш орман жолақтары 24,2 мың га, алаңдар мен топырақ қорғау ормандар 4155,9 мың га, халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темір жолдар мен автомобиль жолдарының каналдардың, магистральдық құбырлар мен басқа да желiлiк құрылыстардың бөлiп берiлген белдеулерiндегi енi он метр және одан кеңiрек, алаңы 4,9 мың га астам қорғаныштық екпелер жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |