Алматы облысының атмосфералық ауасының ластануына негізгі әсер ететін кәсіпорындар: жылу энергетикасы мен автомобиль көліктер, ҚР ҚМ пайдалану бөлімдерінің аудандық әскери гарнизондардың қазандықтары, құрылыс материалдарының кәсіпорындары, қазандық


Алматы облысының орман қорын құрайтын ормандар мен орманмен көмкерілмеген жерлердің жалпы ауданы 4342,7 мың га



бет2/2
Дата03.11.2023
өлшемі8,22 Mb.
#189263
1   2
Байланысты:
каз экология эк 211 Наканова Аружан

Алматы облысының орман қорын құрайтын ормандар мен орманмен көмкерілмеген жерлердің жалпы ауданы 4342,7 мың га.
Миллиондаған адам тiршiлiк еткен Алматының жағдайы кiсi аярлық. Табиғаты сұлулыққа толған әсем қала қолдан жасалған қиянаттан көз ашпай-ақ келедi. Жетi ауданнан тұратын үлкен шаһардың сәнiнен жұрнақ табу қиынға айналды. Қаланың ластығы, экологиялық ахуалы сағат санап артуда.
Ығы-жығы адам,
кептелiсте сiрескен көлiктер,
,
әр қадам басқан сайын шашылған қоқыстар,
күпiсiне оранып, әр жерде аунаған алқаштар...
Бүгінгі күнде Алматы дүниежүзіндегі 25 ластанған қаланың тізіміне еніп отыр. Қаламыздың Қазақстандағы ең лас қала аталуының басты өзекті көзі – автокөліктер, қалалық жол полициясының деректері бойынша, дәл қазір 540 мыңнан астам көлік құралдары тіркелген. Бұлардың қатары жылына 40 мыңға дейін көбейеді. Сондай-ақ қалаға орта есеппен күнделікті 200 мыңның шамасында автомобильдер келіп кетіп жатады. Ластағыш заттардың зиянды әсер ету сипаты алуан түрлі: Олар түрлі металдардың коррозиясын үдетіп, өсімдіктер үшін улы болып келеді, сонымен қатар ыс туындауының бір себебі болады, жаппай өкпе және басқа да ауруларға ұшыратады.
Ластаушылар автомобильді қыздырған кезде және аз жылдамдықпен жүрген кезде ауаға тез тарайды.Машина тоқтаған уақытта көмірсутегі мен көміртек оксиді, ал жүргенде азот оксиді шығады. Дизельді моторлы машиналар құрамында CO, NO заттары бар болғандықтан бензинді пайдаланатын машиналарға қарағанда кемшілігі мол. Себебі, олар түтінді көп шығарады, адам денсаулығына зиянды әсері жоғары. Атмосфераға көліктен бөлінген газдардың құрамында 25-27% қорғасын болатыны анықталған және оның 40% диаметрі 5 мкм-ге дейін жетеді. Ауада ұзақ уақыт сақталып, онымен бірге адам ағзасына түсетіндігі белгілі. Автокөлік түтіні жасыл желекке зиянды әсер етуде – лас ауадан өсімдікте аурулар пайда болады. Жапырағы химиялық күйікке ұшырайды. Атмосфералық ауаның ластануы автокөліктің техникалық жағдайына тікелей байланысты. Қала магистральдары бойында жүргізілген тексерулер бойынша автокөліктің 80%-да түтіндерінде зиянды заттар нормативтен 3-4 есе жоғары болған.
Ия, атмосфера ауасын ластайтын негізгі факторлардың бірі автокөлік болып табылады. Автокөлік бөліп шығаратын газдың құрамында шамамен 200 зат бар. Оның бірі түгелдей жанған немесе шала жанған көмірсутектер. Шала жанған көмірсутектер машинадан шығатын түтіннің құрамында, әсіресе көлік моторы баяу істеп тұрғанда көп бөлінеді. Қалада көлік тасқынының жыл сайын өсуі экологиялық жағдайға, тұрғындардың денсаулығы мен қала экологиясына кері ықпалын тигізуде.
Окінішке қарай, автокөліктерден шығатын зиянды қалдықтар утилизацияланбайды, себебі оларды қайта өңдейтін өндіріс жоқ. Көлікке пайдаланылатын улы сұйық заттардың қалдықтары жерге төгіліп, олар топыраққа сіңіп, зиян келтіруде. Соңғы жылдары автокөлік құралдарының қоршаған ортаны ластауы жағдайы барынша үдеп барады. Бүгінде еліміздің ірі қалаларындағы қоршаған ортаға тасталатын зиянды заттардың 60 пайызы осы көліктерден келеді. Бұл мәліметтер жөнінде бүгін елімізге тасымалданатын көліктерге халықаралық Еуро стандарттарын енгізу мәселесіне байланысты өткен баспасөз мәслихатында Көлік және коммуникация министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және көлік коммуникациялық кешенін дамыту департаментінің директоры Болат Жансүгіров мәлім еткен болатын. Оның айтуынша, көліктердің ауаны ластау жағдайы, әсіресе, Алматыда қиын болып тұр. Ондағы көліктерден атмосфераға тасталатын зиянды заттар тәулігіне 507 тоннаны құрайды. Ал жылдық көрсеткіш 150-200 мың тонна немесе ауадағы зиянды қалдықтардың 90 пайызына жетеді. «Ескірген көліктердің двигательдерінде 170-тан астам зиянды қоспалар бар. Мысалы, жалғыз ғана көліктің 1 жыл ішінде ауаға тастайтын қалдықтарының ішінде көмірқышқыл оксиді 800 киләні, азот оксиді 40 киләні құрайды. Олардың арасында аталғаннан өзге 20 киләдан астам түрлі қөмірқышқыл заттары бар. Осылайша көлік түтінімен қоршаған ортаға 200ден астам зиянды заттар түседі», – деді департамент директоры. Оның мәліметтеріне қарағанда, аталмыш заттардың денсаулыққа тигізетін әсерінен онкологиялық және тыныс алу жолдарына байланысты ауруларға шалдыққандар саны артып отыр. Сондықтан да Еуро стандарттарын енгізу бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Еліміздегі басқа қалалармен салыстырғанда Алматы қаласындағы көлік кептелісі үлкен проблемалардың біріне айналған. Дереккөздерге жүгінсек, Алматыға сырт аймақтардан күніне мыңдаған көлік қатынайды екен. Бұл Алматы үшін ауыр. Сол себепті де қала әкімшілігі сол көліктердің қозғалысын шектеуді қолға алуы керек. Көлік кептелісін азайтуға бұл да өзінше бір септігін тигізері сөзсіз. Алматы қаласының тұрғындары көлік кептелісіне күнде тап болады. Қорыта келгенде Алматы қаласының экологиясына зиянын тигізетін басты факторлар мыналар:
Автокөлік және жол-көлік ережелері заңдық жағынан реттелгенмен, іс-әрекет жүзінде жүзеге аспайды. Яғни заңнаманың, нормативтік құқықтың актілердің орындалмау салдары. Мәселен Заң жүзінде 2011 жылы шығарылған мәслихаттың шешімі бойынша аталмыш 5 жолда (Төле би, Райымбек, Абылайхан, Тимирязев, Абай) көшелері бойында көлік қоюға тыйым салынды. Бірақ іс жүзінде бұл шешім жүзеге асқан жоқ.
Қала ішінде орнатылған бағдаршамдар көбінесе экономикалық монополистердің ыңғайына қарай қойылған. Мәселен, Алматы қаласынан Райымбек даңғылы бойымен кіріп шығатын күре жол бойындағы Момышұлы көшесінен «Алтын орда» базарына дейінгі аралықтағы жасанды көлік кептелісін ерекше атап айтуға болады.
Жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің жүргізу мәдениетінің жоқтығы. Жол ережелерін білмеуі, жүргізуші куәлігін сатып алып жатқандығы.
Көліктердің көптігі
Жанармай-бензиннің сапасыздығы.
Алматы қаласындағы 50% ескірген көліктер. Олардан шығатын улы газдар ауаны ластайды.
2 миллион халқы бар Алматы ауасы бұлайша ластанып жатқанда, 20 миллион халқы бар ірі қалалар қандай күй кешуде дейтіндерде табылады арамыздан. Жоқ, ластану көрсеткіші жағынан қаламыз 20 миллионнан астам тұрғыны бар Мехико, 17 миллиондай халық өмір сүретін Тегеран мен Шанхай, 10-15 миллионның аралығында халқы бар Нью-Йорк, Лондон, Ыстамбұл, Токио мен Мәскеу сияқты қалалардың алдында тұр. Олардың қасында аядай Алматының экологиясын жақсарта алмай жүргеніміз ұят.Бірақ осы бағытта істеп жатқан жұмыстарымыз да шамалы. Әлемдегі ірі қалалардың тәжірибесін өзімізге үлгі етуімізге болады
Алматы қаласының ауасының ластануы бойынша зерттеу жүргізген бірнеше ғалымдар бар. Атап айтсақ, Бабенко В. жұмысында, Казгидрометтің хабарламасы бойынша, Алматы қаласының ауа ластануы 11,5 бірлікті құрайды, бұл шекті мүмкіндік нормадан 3 есе жоғары екендігін көрсетеді (төменгі деңгей — 0–4). Бұл ақпарат бойынша Алматы Қазақстандағы ең лас қала болып саналады. Алматы ауасына негізінен күкірт диоксиді, азот, фенол диоксидтерінің қосылыстары кіреді. Бірақ ең қауіпті болып формальдегид саналады, ол онкологиялық ауру тудырады. Алматыда тыныс ауруларының даму тәуекелі 8 есе, ал жүрек-тамыр аурулары 4есеге дейін жетеді. Форумда Алматы әкімінің орынбасары Юрий Ильин қаладағы экологиялық мәселелер және оларды шешу жолдары туралы сөйледі. Оның айтуынша, ТЭЦ-1 отыннан газға ауысу жұмысы аяқталды, енді ТЭЦ-2 ауыстыру сұрағы қарастырылуда. Осы жылы жеке секторды газдандыру жұмыстарының аяқталуы жоспарлануда. Форумда одан басқа «жасыл экономикаға» көшу концепциясы 2013 жылдан бастап жасалуда. «Жасыл экономика» — адамға таза ауа, энергия, тағам беретін таза технологиялар болып табылады. Бұл жоба бойынша автобустарды табиғи газға ауыстыру, троллейбустарға, велосипедтерге жол бөлу жұмыстарын жүргізу болады. Ауа ластануының басты көзі көліктердің көп болуы болып табылады. Бүгінгі күнде қалада сегіз жүз мыңдай көлік есептелінді. Бұлардың көбі сапасыз отынмен жүреді немесе қазіргі стандарттарға сәйкес келмейді [2].
Алматы қаласының экологиялық жағдайын жақсарту үшін қоршаған ортаға станционарлы шығарындылар көздерінен, автокөліктерден шығатын ластаушы заттардың эмиссиясын төмендету, автокөліктің теріс экологиялық әсерін төмендету және қала құрылысы іс-шаралары, абаттандыру қажет .
Қорытынды
Бүгінгі күні экологиялық проблемалар өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналды, тіпті ядролық соғыс қауіпі де оның көлеңкесінде қалып қойды. Адамның шаруашылық іс-әрекетінің қауырт дамуы, айналадағы ортаға үдемелі, көбіне бүлдірушілік сипатта әсер етуде. Адамның табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойында қалыптасып табиғи жүйелерді өзгерту, сондай-ақ, топырақты, су көздерін, ауаны ластау арқылы жүзеге асуда. Бұл табиғат ахуалының күрт төмендеуіне әкеліп соқты, көп жағдайларда орны толмас зардаптар қалдырды. Экологиялық дағдарыс шын мәніндегі қауіпті төндіріп отыр: іс жүзінде тез өріс алып бара жатқан дағдарыстық жағдайларды кез келген аймақтардан көруге болады.
Р. Риклефтің «Егер біз табиғатпен қандай да бір үйлесімділікке қол жеткізгіміз келсе, онда көбіне көп ол ұсынған шарттарды қабылдауымызға тура келеді...» - деген сөзін ескерсек, бұл шарттар табиғаттың барлық процестер мен құбылыстар бағынатын заңдарға негізделген және адамзат қоғамының да олармен ерте ме, кеш пе санасуына тура келеді.
Қазіргі кездегі экологиялық дағдарыстар мен тоқыраулардың түпкі тамыры – адам баласының табиғаттың қарапайым даму, зат және энергия алмасу заңдарын, оның теориялық негіздерін білмеуі, яғни, экология ғылымының негіздерін оқымауынан. Табиғаттың үйлесімді жаратылған дүние екендігін және онда жүріп жатқан процестерге араласуға болмайтындығын жете түсінген жөн.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет