Алматы «Сардар» баспа үйі



Pdf көрінісі
бет108/144
Дата01.06.2020
өлшемі1,52 Mb.
#71999
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   144
Байланысты:
дискриптор 2 четверть, -86280773 (1), 7029
БАҒАНАШЫЛ.  Əуел  баста  Бағбаншылар  аталып,  айтыла  келе 
өзгеріске  ұшырап,  əрі  қысқарып,  Бағанашыл  тұлғасы  қалыптасқан 
сияқты.  Өйткені  Алатаудың  етегіндегі  бұл  кең  жазықта  ертеден-ақ  бау, 
бақша  өсірілгені,  оны  күтуші  бағбандар  көп  болғандығы  белгілі.  Сол 
себептен  де  əуелде  Бағбаншылар  аталып,  бара-бара  айтылуда  өзгеріс-
ке түсіп, Бағанашыл болып қалыптасса керек.
БАҒЫРЛАЙ.  Топоним  екі  компоненттен  тұрады:  бағыр + лай
Бағыр// бауыр сөзі туралы сөздіктерде [4; 34]: 1) заттың алдыңғы бөлігі; 
2)  қырғыз,  ноғай,  өзбек  тілдерінде – «тау  бөктері»; 3) қазақ  тілінде – 
«тау етегі»; 4) парсы тілінде бағыр – «жаны» - деп берілсе, Мурзаев Э. 


170
екінші компоненттегі лай сөзі туралы: «қорыс», «батпақ», «саз балшық», 
«балдыр» (түркімен,  тəжік); «лай», «саз», «лайлы  су» (қазақ); «ылай – 
лай», «саз» (қырғыз), - деп жазды.
БАДАМ.  Жеміс  өсімдігінің  түрі  бойынша  қойылған  атау.  Бұл  сөз 
көршілес  иран  тілдерінен  енген.  Тəжік  тілінде:  Бодом – «миндаль», 
«жаңғақ».  Жергілікті  жерде  бұл  жеміс  бадам  немесе  түкті  өрік  деп 
аталады.  Тəжік  тіліндегі  бодом  сөзі  қазақша  бадам  болып  аталуы  заң-
ды, өйткені ондағы о дыбысы – қазақ тіліндегі о жəне а дыбыстарының 
ортасындағы тіл арты дыбыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   144




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет