Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігі Тілдерді дамыту жəне қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында шығарылды Жауапты редакторы:
филология ғылымдарының докторы, профессор
Манкеева Жамал Айтқалиқызы ISBN 978-601 – 7174- 48- 4 - (Т.6)
ISBN 978-601 – 7174 - 42- 2
3
АЛҒЫ СӨЗ
Əрбір өркениетті ел өз тілінің мəдениетін көтеріп, танымдық қасиетте- рін арттырып отыруды – жалпы мəдениеті мен өркендеп өсуінің, міндетті түр- дегі игілікті істерінің бірі деп санайды. Себебі жұртшылықтың жалпы сауатын арттыру, сөйлеу, пікір айту, жазу мен ауызекі сөйлеуде тіл заңдылықтарын дұрыс сақтау, сөздің мазмұн-межесін терең түсіне білу, сондай-ақ əрбір сөздің шығу,