Алматы «Сардар» баспа үйі



Pdf көрінісі
бет89/144
Дата01.06.2020
өлшемі1,52 Mb.
#71999
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   144
БОДАН//БОДАМ  бодан  сөзін  ертедегі  “халық‚  ел‚  жұрт”  ұғымын 
беретін  будун  сөзімен  байланыстырудың  қисыны  жоқ.  Оны  орыстың 
подданный  сөзімен  тектес  қарауға  да  болар.  Дегенмен  “Ежелгі  түрк 
сөздігінде” мынадай деректер бар:боду–«бекіту»‚ «тіркеу»‚ «қыстыру»; 
бодул–«бекітілу»‚ «байлану»‚ «шырмалу»; бодумалық–«байланып қалу-


151
шылық»‚ «қосылған» [ДТС, 108]. Осы  мағына  негізінде  «бодандық», 
«бодан болу» тіркестерінің де төркінін түсіндіруге болатын сияқты.
КƏРЗЕҢКЕ Орыс тіліндегі корзина сөзі өткен жүзжылдықта бүгін-
гі  “себет”  мағынасында  қолданылмаған  тəрізді.  Бұған  А.С.Пушкиннің 
“Сығандар” (Цыганы) дастанынан мысал келтірейік: 
Ослы в перекидных корзинах
Детей играющих несут” (А.С.Пушкин) 
Жырдағы  есекке  теңдеп  алған  корзин-нің  кəдімгі  қоржын  екенін 
көреміз.  Демек‚  кəрзеңке - корзинка  (корзин-ка - корзинка)  сөзінің  өзі 
түрк тілдерінен бастау алады екен.
Л.Рүстемов  бұл  сөздің  төркіні  араб  тілі  екенін  көрсеткен:  ар. 
хордж-ун: «вещевой  мешок»: (п.  хурджин) –«двойная  сумка  для  бага-
жа‚  перекидываемая  через  спину  вьючного  животного‚  переметная 
сумка»‚ - деп  жазады [53, 166]. Яғни‚  арабтың  хурджун  сөзі  тілімізге 
парсы тілі (“хурджин”) арқылы қоржын тұлғасында еніп‚ ол орыс тілінің 
“өңдеуінен” өткен соң екінші мүліктің атауы ретінде “кəрзеңке” болып 
қайта оралған. Мұндай мысалдарды “тостаған - стакан - ыстақан”‚ “тауар 
- товар - тауар” т.с.с. сөздердің тарихынан көруге болады. 
ҚҰМЫРА  Л.З.Рүстемов  бұл  сөздің  түп-төркіні  араб  тілінің 
еншісінде  жатқанын  көрсетеді. “ар  хумрө: «большой  глиняный  сосуд». 
Бірақ  түркілер  ортағасырларда  араб  үстемдігіне  мойынсұнбай  тұрып-
ақ, қолданбалы өнер бұйымдары мен ыдыс-аяқтың алуан түрін дүниеге 
əкелгені мəлім. Соның бірі - құмыра. Бұл ыдысқа олар (əдетте‚ түрк түбір 
сөздері бір буынды болып келеді) өздерінше куб деп ат қойған екен [54, 
158]. Бабалардың ұшқыр қиялынан туған бұл сөз қазір басқа бір ыдыс 
атауына  “айналған”  сияқты.  Бұл  түбірді  біз  күбі  (май  айыратын  ыдыс) 
сөзінен көріп отырмыз. -ше‚ -шек‚ -шін сияқты кішірейткіш жұрнақта-
ры арқылы күб(і)ше‚ күб(і)шек‚ куб(і)шін аталған. Мұндай тұлғалар орыс 
тілінен  табылады.  Мысалы,  орыс  тілінде  құмыра  атауын  кувшин  сөзі 
ұғындырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   144




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет