176
Шамалған атауының пайда болу, жасалу жолы да осы жағдаяттармен
тікелей байланысты екені байқалады. Тілдік негіздерге қарағанда, атау
шам + ыл + ған деген үш құрамды тұлғадан бірігіп барып жасалған.
Оның бірінші сыңарындағы
шам сөзі біраз түркі тілдерінде
қарағай
сөзімен мағыналас. Екінші құрамындағы –ыл (л) көптік жалғауының
көне көрсеткіші. Ал үшінші сыңарындағы –
ған – сөзі түркі тілдерінде
ган~ген, кан~кен, хем тұлғаларында айтылады да, “өзен, су” деген
мағынаны білдіреді. Демек, шамалған атауының түп-төркінін түркі-қазақ
тілінен жасалған “қарағайы қалың сайдағы өзен, су” деген мағынадағы
атау болар деп жобалайды Т.Жанұзақ. Əуел бастағы
Шамылған атауы-
ның
Шамалған боп өзгеріп аталуы, сөз арасындағы -ыл қосымшасы-
ның бара-бара, айтыла келе ал тұлғасына ауысуы (а~ы) кейін пайда
болған құбылыс.
ШЕЛЕК. Т.Жанұзақтың пікірі бойынша, бұл атау
шел жəне
ек
деген екі морфемадан құралған.
Шел сөзі көне түркі тіліндегі
йул –
“бастау, қайнар, су” мəнін береді. Демек,
Шелек – “бастау, қайнарлардан
басталатын өзен” деген мəнге ие. Ғасырлар бойы ағып жатқан өзеннің,
заңғар-заңғар, қатпар-қатпар тау басында мəңгі мұз, бастау бұлақтардан
басталуы бұл атаудың мəн-мағынасын айқындап, дəлелдей түскендей.
ІЛЕ. Бұл көне атаудың шығу төркіні мен мағынасы жайлы əр-
қилы пікірлер болғаны мəлім. Ғ.Қоңқашбаев бұл қалмақтың
иле –
“жарқыраған”, “жалтыраған” деген сөзінен десе, Е.Қойшыбаев “Іле
атауын көне түркілердің
йел немесе
иіл түбірімен байланысты деуімізге
болады, семантикалық жағынан
желек//еспе сөздерінің ауқымына келе-
ді” (43, 25-45) деп түйеді.Т.Жанұзақтың ойынша, Іле атауының түбірі
іл//ыл сөздері болса керек, өйткені М.Қашқари сөздігінде ол
ыла тұл-
ғасында берілген. Бұл тұлғалы
іл, ыл сөздерін республикамыздағы басқа
да өзен аттарынан (Елек т.б.) кездестіреміз. Соған қарағанда іл//ыл əуел
баста жеке мағыналы сөз ретінде “су”, “ылғал” мағынасын білдіріп,
кейіннен үлкен өзендер ретінде, “дария” мағынасында айтылса керек.
Яғни,
Іле – “үлкен дария” деген мағынаға бейім келеді.
Достарыңызбен бөлісу: