179
көрсетуге болады: 1. қозғалу семасы –
аттау, аттану, адақ (айақ),
адасу, адым т.б.; 2. объектінің шығу семасы –
таң атты, тас атты,
атып шығу, атып тұру; 3. объектінің
бату, біту семасы –
ат, ад (тамұқ)
ада болу; 4. объектілік сема –
ат; 5. субъектілік сема –
ата, аталық,
адам т.б. [1]
Сахалар (якут) атамекенінен ғасырлар бұрын кеткендіктері жəне
өздеріне атамекен еткен Сібірде, сол жердің табиғи шарттарына бе-
йімделген жануарларды пайдаланған, бірақ жылқыны ешқашан
ұмытпаған. Бұл жерде күнделікті өмірде қолданған, маңызды функ-
циялары болған жануарларды ат сөзімен атаған. Орта Азиядағы жыл-
қының функциясымен саха жұртындағы Сібір киігінің функциясы бір-
дей. Осыған орай Сібір киігінің аталуы аттаба болған. Өгіздің аталуы
ат өгіз делінген. Тағы да оқыранған əртүрлі жануар «аттаммут» түрін-
де аталған.
Қазақ тілінде «атқа мінді» десе де, «жылқыға мінді» демейді.
Өйткені бұл жерде «ат» сөзі жылқы малының мінуге жарайтын барлық
түріне байланысты айтылып тұр, ал «жылқы» сөзінде ондай ұғым жоқ,
оның айтылу аясы мен қолданылу ерекшелігі стильдік бояуы – бедері
ат сөзінен гəрі басқалау болып келеді. Тірі тілдердің материалдары
бойынша мұндай стильдік əрқилы мүмкіншіліктерді зерттеп білуге
болар, бірақ өкінішке орай, өлі тілдердің кезінде жазылып қалған азын-
аулақ мысалдарына орай ондай бақылау жұмыстарын жүргізуге бола
қоймайды, өйткені мұндай мысалдар құрамында кездесетін сөздердің
саны аз, əрісі тар, өзіндік ерекшеліктері ашыла бермейтін ауқымда ғана
көрінеді. Ортағасыр түркілерінің тілінде үйірге түсіп, ұрпақ өрбітуден
басқа жағдайдың бəрінде де
ат сөзі қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: