салыстырмалы-тарихи əдіс этимологиялық ізденістердің басты тала-
бына жауап беріп, түрколог-компаративистің қолында тарихи шындық-
ты диахрондық материал арқылы танытуда, тілдік фактілерді байырғы
күйінде жаңғыртушы əдіс ретінде ешқандай шектеусіз пайланыла алады.
Өзінің əмбебаптық сипатына сəйкес салыстырмалы-тарихи əдістің
бойынан басқа да түрлі əдістер мен зерттеу тəсілдері табылады. Мыса-
лы, екі, я одан да көп буынды құрылымдардың морфемалық мүшеленуі
түркі тілдерінің салыстырмалы зерттеудің нəтижелеріне сүйенуді қажет
етеді
8
.
Бұл əдістің артықшылығы этимолог-зерттеушіге тіл дамуының нə-
тижесіндегі күрделі құбылыстарды түсінуге, олардың бейнесінің туыс
тілдердегі көріністерін, жалғамалылық сипатына сай жəне өзіндік тарихи
ерекшеліктеріне сай құрылымдық-семантикалық күрделенуін анықтау-
ға көмектеседі. Осының барлығы тілдегі тарихи құбылыстарды терең
түсіндіруде, түркі тілдерінің салыстырылуы нəтижесінде іске асады.
Барлық этимологиялық мектептер мен бағыттар этимологизация
барысында этимологиялық нысанның өлшемдерінің қажеттілігін мойын-
дайды. Бұл параметрлерді этимологиялық реконструкцияның үш ас-
пектісі (фонетикалық, морфологиялық, семантикалық) немесе зерттеудің
критерийлері деп те атайды.
Бұл критерийлермен қатар этимологияда мəдени аспекті яғни тари-
хи қағида да ескерілуі қажет. Критерийлер бір-бірімен тығыз байланыс-
та болады жəне этимологиялық міндеттерді шешуде олардың əрқайсы-
сы есепке алынуы тиіс. Кез келген этимологияның толықтығы мен
тұтастығы осы арқылы анықталады. Мысалы, фонетикалық критерий-
лердің мəніне морфологиялық критерийлер де еніп, екеуі қосылып, кез
келген лексикалық бірліктен фономорфологиялық құрылымын анық-
тайды. Сол сияқты семантикалық критерий де алдыңғы екеуімен ұш-
тасады. Кейбір ғалымдар, мысалы, О.Н.Трубачев сөз төркінін анықтау-
7
Трубачев О.Н. О семантической теории в этимологическом словаре. Проблемы омонимов
подлинных и ложных и семантическая типология//Теория и практика этимологических
исследовании. М., 1985. С. 13
8
Кайдаров А.Т. Структура односложных корней и основ в казахском языке. Алма-Ата, 1986
15
да, негізінен, семантикаға сүйену керек деп, оны «тартылыс нүктесі»
ретінде санайды
9
.
Ал, этимологияның фонетикалық критерийі белгілі бір тілдің, ия
тілдік семьяның болмысына тəн барлық фонетикалық заңдылықтарды
ескеріп отырады.
Түркі тілдерінде мұндай заңдылықтардың 30 түрлі түрі бар: син-
гармонизм (дауыстылардың лабиалды жəне палаталды үндестігі), да-
уыссыздардың ассимиляциясы, дыбыстардың өзгерісі (дыбыс алмасуы
мен дыбыс сəйкестігі), дыбыстардың түсіп қалуы мен редукция құбы-
лысы, дыбыстардың ұзаруы мен кірігуі, геминация жəне созылыңқы
дыбыстардың жасалуы, метатеза, апакопа жəне элизия, протеза, эпитеза,
эпентеза, парагота, флексия, фузия, дауыстының шағылысуы жəне ашық
буын, гиперагглютинация, гаплология, вокализация, дифтонгизация, фо-
нетикалық деформация т.б.
Түркі тілдерінің фонетикалық құрылымын түзетін элементтердің
кешені төмендегі заңдылықтар арқылы анықталады: жеке тілдер мен
диалектілердің өздеріне тəн сапалық белгілерімен қалыптасуы мен тари-
хи дамуының үдерістері, олардың ұқсастықтары мен айырмашылығы т.б.
Бұл заңдылықтардың ықпалының критерийлігі соншалық біркел-
кілігін ғажап сақтаған қазіргі түркі тілдері, дегенмен өзіндік фонетика-
лық бағыттарымен тармақталып, тіпті кейде мүлдем алшақтап кеткен.
Соның нəтижесінде түркі тілдерінің көрсетілген белгілерінің шынайы
ататүркілік күйін қалпына келтіру оңайға соқпайды.
Фонетикалық критерийлердің көмегімен тіл фактілерінің статика-
лық та, динамикалық та күйін, диахрондық та, синхрондық та тұрғыдан
зерттеуге болады.
Агглютинацияның күрделі үдерісінің негізінде байырғы жалпы-
түркілік түбірлер мен негіздер жатқандықтан, жалпытүркілік базистік
лексика саласындағы фонетикалық бағыттағы этимологиялық ізденіс-
тер ретроспективалық түрде түркі тілдерінің генетикалық туыстығы
бастау алып, тілдік құбылыстар туындайтын түбірлерге қарай ойысады.
Осы жолда этимолог фонетикалық заңдар мен заңдылықтар кеше-
нінің сан алуан көріністеріне кездеседі. Мысалы, байырғы түркі түбірі-
нің құрылымы мен мəртебесін анықтау – субститут проблемасының
өзекті мəселесі. Ол – жалпы түркілік немесе ататүркілік нұсқасын, ия
белгілі бір фонеманың, ия морфеманың, ия лексеманың проформасын
табу.
9
Трубачев О.Н. Көрсетілген еңбек. 6-14 б.
16
Субституттың көрінісінің нақты формалары бар: сөз басы мен со-
ңы; түркі түбірінің жарыспалығы мен тұрақсыздығының себептері т.б.
Мұның барлығы фонетикалық реконструкция үшін аса маңызды.
Түркі тілдеріндегі фономорфологиялық құбылыстарды анықтаудың
қиындығы, орхон-енисей жəне көнеұйғыр ескерткіштерінен ежелгі, мы-
салы, сөз басындағы қатаң немесе ұяң дауыссыздардың байырғылығы
туралы жорамалды айғақтайтын жазба деректердің болмауы.
Ал, түркі фонетикасының көне белгілерін сақтап қалған Сібір-
дегі түркі тілдеріне жасалған сілтемелер əзірге қажетті ғылыми-эти-
мологиялық негізбен толық дəйектеле қойған жоқ. Əлі күнге дейін сөз
басындағы дауссыздардың (и/ д/ т/ з/ ж/ ш/ с/ ц/ н т.б.) байырғылығы
туралы мəселе түпкілікті шешілген жоқ.
Түркі тілдерінің тарихи дамуының əртүрлі кезеңдерінде түркі түбі-
рі тілдің шынайы бірлігі болып, оны зерттеудің этимологиялық аспекті
фонетикалық критерийлермен тығыз байланысты болады.
Достарыңызбен бөлісу: |