ажын да сол моңғол тілінің абысын мағынасындағы сөзі»
19
. Мысалдан
көріп отырғанымыздай, автор тіліміздегі екі сөздің түп-төркінін моңғол
тілінің материалдары бойынша дəлелдеуге тырысады. Бірінші сөзге
(некен) сөздіктен (моңғолша-орысша) сілтеме беріліп, оның төркінін
дұрыс көрсетеді. Ал ажын сөзіне келген кезде автор ешбір мысалға
сүйенбей, сілтеме-дəлелсіз, алдындағы талданған қос сөздердің (одан
бұрын бала-шаға, некен-саяқ сияқты бірнеше сөз келтіреді) жасалу
тəсілі, дайын моделі мен осындай қорытындыға келеді. Жəне қазақ
тіліндегі абысын сөзінің өзін толық түсінікті, уəжді (мотивированное
слово) сөз деп таниды.
Ал, біздіңше, жоғарыда келтірілген ажын да, абысын да, абысын-
ажын да (жаңа сөз жасалып тұр ғой) арнайы зерттеуді қажет ететін, бір-
екі ауыз сөзбен тарихы, сыры ашыла қоймайтын сөздер.
Біріншіден, бұл сөздердің қазіргі қазақ тіліндегі мағыналарын
саралап алған орынды секілді. Қазақ тілінің екі томдық түсіндірме
сөздігінде: «Абысын» зат. Бірге туған, ағайынды адамдардың үлкенінің
əйелі келіндеріне абысын болады. Ағайын тату болса, ат көп, абысын
тату болса, ас көп (Мақал).
Достарыңызбен бөлісу: |