41
жазылған еңбектермен толық таныс болмай, бірін бірі оқымауы мен
тіл білімімізде əлі күнге дейін этимологиялық талдау жасалған сөздер
тізімі мен олардың толық библиографиясының жасалмауы да зерттеу-
лер барысында көп кедергі келтіреді.
Əрине, бұл құбылыстың екніші жағынан, этимологияның іштей
бөлінер түріне де қатысты екенін атап өту керек. Этимология іштей:
а) жоба, жорамал ретінде жəне ə) дəлелдеп жатуды қажет етпейтін
аксиома ретінде екі үлкен топқа жіктеледі. Үңіле ізденіп, сарыла із-
денудің нəтижесінде ғылымда аксиома болып кеткен этимологияларға
да өзгерістер енгізіліп жатады.
Мысалы, АБЖЫЛАН сөзін алайық. Ұзақ жылдар бойы ғалым-
дарымыз бұл сөзді «парсының
аб «су» жəне түркілік
жылан сөздерінің
қосылуынан пайда болған» деп келді. «Парсы тілінен енген біріккен
сөздердің бір саласына «аб» сөзімен бірігіп айтылатын сөздер жа-
тады. Мысалы,
абжылан (аб парсыша су деген сөз)»
24
,
- деп жазады
Г.Жəркешова. тіліміздегі абырой, мұрап, шалап т.б. сөздер құрамынан
парсы тілінің аб («су») сөзін көреді. Бірақ қазақ халқының ұғымындағы
абжылан сөзінің мəн-мағынасы мен этимологиясынан келіп туындай-
тын «су жылан» мағынасының арасы кірікпей, дəйектемесіз (мотиви-
ровка) болып тұрады. Бұл сəйкессіздікті алғаш байқап, белең алған
пікірге ең алғаш қарсы шыққан – А.Махмұтов. «Біздіңше, бұл сөз «су
жылан» емес, «улы жылан» деген түркі сөздерінің тіркесінен жасал-
ған сөз ... Бұл талдаулар аб – ав – ап – ов – ув – ұу сөздерінің түбірлесті-
гін, əрі олардың «у», «сиқыр», «қулық», «айла» тəрізді көп мағыналары-
ның барлығын байқатады. Абжылан – екі түбірден құралған біріккен
сөз. Бірінші компоненті
аб//ап//əп («у», «сиқыр», «тылсым), екінші
сыңары жағымсыз кейіпті бейнелеуде қолданылатын жылан болу
керек. Сонда абжылан сөзінің мағынасы – «арбайтын, сиқырлы жылан»
болғаны»
25
.
Р.Сыздықова «АБЖЫЛАНДАЙ ТОЛҒАНУ» атты мақаласында
26
осы
пікірді қолдайды. Осымен барлық даулы мəселе шешілген сияқты. Бі-
рақ, 1982 жылы жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің
студенттеріне арнап жазған оқу құралында тағы бір автор
27
АБЖЫЛАН
24
Жəркешова Г.Біріккен сөздер мен сөз тіркестерінің орфографиялық сөздігі. Алматы, 1960. 18
бет.
25
ҚТҚЭС, 1966. 17 бет.
26
Сыздықова Р. Сөздер сөйлейді. Алматы, 1980. 8-бет.
27
Төлеуов Ə. Сөз таптары. Алматы; Мектеп, 1982. 16-бет.
42
сөзін парсының («су») сөзінің қатысуымен жасалған деп дəлелдемекші
болады. Демек, этимологиялық зерттеулер барысында «дайын штамп-
тар» шеңберінде қалып қою жайы жиі кездеседі.
Төртіншіден, қазақ тілінде жазылған этимологиялық зерттеулердің
тілі туралы аз-кем сөз етпей өту мүмкін емес. Этимологияның көп уа-
қытты талап ететін, қиындығы мол, көптеген ғылымдарға сүйенетін
кешенді сала екенін атап өттік. Тіпті жан-жақты дамыған орыс тіл білі-
мінің де арасына жылдар салып туып жатқан этимологиялық зерт-
теулерінде оның теориясы мен зерттеу методикасы нақты бір шешімін
тапты деп айтуға болмайды
28
.
Ал қазақ тіл білімінің ең кенже салаларының бірі – этимология де-
сек, əлі күнге дейін ол өзінше «отау тігіп, еншісін алған жоқ». Өзіндік
тілі, стилі, тұрақталған терминологиялық жүйесі болмауы зерттеу ба-
рысында көп қиыншылық келтіруде. Тілінің ғылыми стильден гөрі
қарапайым сөйлеу тіліне жақындығынан, турасын айтқанда қараба-
йырлығынан, қазақ тіл білімінде жасалған этимологиялардың жар-
тысынан көбін «қызықты» этимология деген топқа қосуға мəжбүр бо-
ламыз. Ал бұлар ғылыми емес, ғылыми-көпшілік қолды танымдық мəні
ғана бар дүниелер. Мысалы, этимологиялық зерттеу барысында ешбір
ғалым тоқталмай кете алмайтын ұғымдардың бірі – түбір. Бұл ұғым
ғалымдарымыздың еңбектерінде
түбір, ілкі түбір, түпкі түбір, негізгі
Достарыңызбен бөлісу: