75
Осы арадағы этимологиялық реконструкцияда морфологиялық
болмыс пен фонетикалық заңдылықтың да астасып жататындығын
байқаймыз. Мысал, түбірдің құрылымын ашып, ілкі түбірді жаңғырту
кезінде фонетикалық заңдылықтарды (дыбыс алмасу, дыбыс сəйкестігі,
дыбыс үндестігі т.б.) ескеру тиімді əдіс.
Түркі тілдерінде жəне оған туыстас угро-фин, моңғол т.б. тіл-
дерде кездесетін дыбыстардың өзара этимологиялық сəйкестігі осы
тілдердің туыстық қатынастарынан дерек береді. Алайда, бұл ды-
быстық сəйкестіктердің эволюциялық даму жолы, реті (градациясы)
жəне тұрақтап, белгілі бір не бірнеше тілге өзіндік ерекшелік болып
қалыптасуын айқындау этимологияның, жалпы тарихи фонетиканың
күрделі мəселесі болып саналады.
Мысалы, қазақ тіліндегі сөз басы (анлаутты) [ж] дауыссыз дыбыс
(м.:
жыл, жылқы, жаңа, жақсы т.б.) басқа туыстас түркі тілдерінің
біреуінде [й], енді біреуінде [дж], [ч], [н], [qь], [ть], [qз], [чь], [кь], [гь],
[шь], [сь] т.б. түрінде кездесе береді. Орхон-Енисей ескерткіштерінің
тілінде ? [нь]>[н]>[й] түрінде кездеседі. Түркі тілдерінің ішінде, мыса-
лы, қазақ тіліндегі
жұмсақ сөзі ұйғыр тілінде
жумчақ//йумшақ, сағай
тілінде
чымчах, качин тілінде
нымзах т.т. тұғасында (Серебрянников
Б.А. Современное финно-урроведение. М., 1972, ч.І, ч.4). Ал, [й~д~з]
сəйкестігі көп жағдайда түбірлес сөздердегі түбір варианттарында
сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: