/-ер-/-р-: боз>бозар-, *қап>қабар-, жалт>жалтар-,*қыз>қызар, *ұз>
ұзар-, *ит>итер-, *көт>көтер- т.б.
Осы келтірілген мысалдардың тілдік табиғатына пайымдап қарасақ,
ең алдымен екі түрлі жағдай назар аудартады: біріншіден, олар өзінің
тұлғалық ұқсастығымен, бірыңғай императивтік мағынасымен белгілі
модельдер төңірегінде топтасып тұрса, екіншіден, осы модельдерді
жасаушы отыздан асаграмматикалык формативтің жүйелі де дəстүрлі
түрде қолданысымен көзге түседі.
Аталмыш модельдерді жасайтын барлық грамматикалық тұлға-
лар өзінің мағыналық тұрақтылығымен де, сөз жасау жүйесіне тəн
жүйелілігімен де, бірізділігімен декөзге түседі. Олар негізінен бір
дыбысты (С:
75
√ -т-:*қай>қайт-, *ай>айт-; Г:√-а>-е: am>ama-,*бөл>
бөле-, екі дыбысты (ГСГ:√-ыл>-іл: ақ>ағыл-,*ар>арыл-,√-ын-/-ін-:
бу>буын-,жақ>жағын; СГ: √-на-/-не-:ау>ауна-,бу>буна-), т.б.
Етістіктер құрамынан жоғарыдағы грамматикалық тұлғаларды
формальды түрде болса да бөліп алып қарағанда, сөз жасауға негіз
болып тұрған тұлғалық, мағыналық жағынан əр түрлі морфемалар мен
этимологиялық түбірлер айқындалып, даралана түседі.
Көріп отырғанымыздай, қазақ тіліндегі осы тəрізді екі бу ынды
етістіктердің құрамындағы өмір сүріп келе жатқан сан алуан «өлі
түбірлердің»өзіндік табиғатын сөз ету – этимологиялық жаңғыртуда аса
маңызды.
Мəселенің қойылуы да, нəтижелі болуы да осы орайда көбіне-
көп тілдік фактілерді талдаудың, анықтаудың жəне тұжырымдаудың
методикалық əдіс-айласына, тəсіліне тікелей байланысты. Қазіргі
тіліміздегі тарихи туынды етістіктер құрамындағы «өлі түбірлерді»
зерттеуде де дəстүрлі тарихи-салыстырма əдісінің ролі өзгеше. Со-
нымен қатар сөз кұрамын морфема жігіне қарай айыруға, түбір мен
тұлға аралығын ашуға байланысты морфемалық талдау əдісі (метод
поморфемного анализа) мен сөздің ең бастапқы, ең түпкі түбірін қат-
75
Мақала да С (согласный) дауыссыз, Г (гласный) дауысты дыбыс белгілері ретіндеалынды.
87
қабат жалғамалы элементтерден біртіндеп аршу арқылы анықтау (метод
исключения) тəсілін қолданудыңда мəнісі зор. Осы əдіс-тəсілдерді
қолдана отырып, қазақ тілі фактілерін саралап қарастырғанда, ең
алдымен екі жағдайды толық мойындауға тура келеді: біріншіден, екі
буынды етістіктер –бұйрық райдың басқа да түрлері сияқты, жүйелі де
дəстүрлі модельдер арқылы жасалған ұзақ дəуірдің жемісі; екіншіден,
бұл етістіктердің құрамындағы сан алуан «өлі түбірлер» – фикция емес,
тілдің реальді фактісі; олар – əрбір тілдің өзіне ғана тəн заңдылықтары
бойынша пайда болған, оның ішкі де сыртқы факторлары əсерінен
əр кезде,даму жолының əр түрлі сатысында, əр қилы себептермен
«еркіндігінен» айрылып, белгілі бір тұлға (модель) шеңберімен шек-
телген, сондықтан да мағынасы ұмыт болған бір замандағы дербес
түбірлер.
Осы екі жағдайды мойындағанда ғана түркі тілдерінің, оның ішін-
де қазақ тілінің базистік лексикасы құрамында көптеп кездесетін
«өлі түбірлердің», яғни дыбыстық тұлғасы ғана сақталып, мағынасы
күңгірттенген лексика-грамматикалық элементтердің табиғатын тану-
ға, сырын ашуға мүмкіндік аламыз. «Өлі түбірлер» бір замандағы дербес
сөздердің сұлбасы, дыбыстық бейнесі іспетті, əсіресе императив етістік
құрамында көбірек кездесуінде бір мəн бар сияқты. Біздің ойымызша,
түбір мен тұлға бірлігінен, тұтастығынан тұратын императив етістіктер
басқа сөз таптарына қарағанда өзінің көнелігімен жəне түбір сөздерді
модель шеңберімен тұйықтауға, консервациялауға бейім екендігі ерек-
ше көзге түседі.
Енді өлі түбірлерді қалай білуге, олардың бір замандағы дербестігін
қалай дəлелдеуге болады деген заңды сұраққа жауап керек. Осы орайда
зерттеушіге көмекке келетін тарихи-салыстырма əдіс, ең алдымен, əрбір
тілдің өзіндік ішкі фактілерін тəптіштеп тексере келіп, оларды туыстас
тілдердің жəне жазба ескерткіштерінің материалдарымен салғастырып
саралай түсуді талап етеді. Осылай зерттеудің нəтижесінде біз «өлі тү-
бір» деп санайтын элементтің прототипі көп жағдайда туыстас тілдерде,
тіпті ана тіліміздің өзінде дербес лексема ретінде өмір сүре беретіндігін
аңғарамыз. Тіл диалектикасы бойынша тірі түбірлердің «өлі түбірге»
айналуы бар да, «өлі түбірлердің» «тірілуі» байқалмайды. Солай бола
тұрса да, санда бар да, санатта жоқ, тілде бар да, тіл иесіне беймəлім,
сөз жүйесінде кездессе де, дербес қолданылмайтын элементтерді өткен
дəуірлердегі тұлғалық, семантикалық қалпына келтіруді (реконструк-
ция) шартты түрде «өлі түбірлерді тірілту» деп атап отырмыз.
88
Етістік құрамындағы түбір сөздерді қалай анықтауымыз керек? Ол
үшін біз кез келген модельді алып, сол арқылы жасалған екі буынды
етістік құрамынан өзара ұқсас, тектес, əрі мағыналас грамматикалық
форманттарды түбір мен тұлға жалғасқан жігінен формальді түрде болса
да бөліп алуымыз керек. Мəселен, √-ыр-/-ір-: моделі бойынша жасалған
Достарыңызбен бөлісу: |