82
Сонымен, қазіргі тілімізде көптеген сөздерді біз шартты түрде
түбір сөз деп қараймыз. Шын мəнінде, олар - өлі түбір мен қосымшадан
тұратын тарихи туынды түбірлер. Ол диахрондық зерттеудің нəтижесін-
де анықталады.
Демек, түркі сөздерінің байырғы түбір морфемасы бір буынды
болғанмен, жалғамалылықтың нəтижесінде оның, көбінесе, екібуындыға
айналуы тұрақты құбылысқа айналған. Бірақ екі буынды түбірлердің
қалыптасуын беріде болған құбылыс деп карауға болмайды. Түркі
жазу ескерткіштерінің ішіндегі ең ежелгісі болып есептелетін Енисей
жазбаларын зерттеушілердің пікірі бойынша, осы жазбаларда екі буын-
ды түбірлер де белсенді колданылған. Сондықтан тілдің тарихи даму
барысындағы көне құбылыс ретінде көптеген тарихи туынды түбірлер-
дің табиғатын айқындауға көмектесетін екібуынды түбірлердің құры-
лымын синхрондық та, диахрондық тұрғыдан да зерттеудің мəні зор.
Ал, осындай деэтимологизацияға ұшыраған екі буынды түбір сөз-
дерді талдаудың, олардың құрамындағы "өлі" түбірлерді "тірілтудің" (ре-
конструкция) жолдары мен тəсіддері қандай?
Достарыңызбен бөлісу: