83
тіруге болады. Ол үшін кез келген үлгідегі, сол арқылы жасалған екі
буынды түбір құрамынан өзара ұқсас, тектес əрі мағыналас грамматика-
лық тұлғалар түбір мен тұлға жалғасқан жігінен бөліп алынады. Бұл
əдіс тіл білімінде морфемасы бойынша талдау (по-морфемный анализ)
əдісі деп аталады. Мəселен,
-ыр/-ір - моделі бойынша жасалған
айыр-,
ауыр-,сір-, жасыр-, кідір-, құтыр-, асыр-, кашыр-, бітір-, көшір-деген
екі буынды етістіктердің құрамынан осы грамматикалык көрсеткіштің
өзін бөліп алсақ,
ас-, қаш-, біт-, кеш- деген дербес түбірлер-мен
бірқатарда
*ай-, *-ау-, *ес-, *жас, *кід, *құттүбірлерінің де сөз тудыруға
қатысып отырғанын кіріспе бөлімде атап көрсетеміз. Айырмашылығы –
бірінші топтағы түбірлер жеке-дара қолданылады да, екінші топтағылар
ондай дербестігінен айрылған, мағынасы біз үшін бүгінде түсініксіз.
Бұдан шығатын қорытынды: бір модель бойынша жасалатын туынды
түбірлердің құрамындағы дербес түбірлер секілді "өлі" түбірлер де бір
кезде дербес сөз болғандығынан дерек береді.
Достарыңызбен бөлісу: