Үшіншіден, осылайша тілдік деректерді тəптіштеп тексере келіп,
оларды туыстас тілдердің жəне жазба ескерткіштерінің материалдары-
мен салғастырып, саралау барысын да жоғарыдағы екі əдіспен сабақтас
түбір морфемасы бойынша немесе бір түбірлес сөздерді топтап талдау
əдісі.
Осылай зерттеудің нəтижесінде біз "өлі" түбір деп санайтын
элементтер туыстас тілдер мен жазба ескерткіштерді былай қойғанда,
ана тіліміздің өзінде, түбірлес сөздердің құрамында өмір сүретіндігін
аңғарамыз. Бұл тіл білімінде ішкі қалпына келтіру (внутренняя
реконструкция) тəсілі деп аталады. Бұл тəсілдің үлгісін қазақ тіліндегі
бір буынды түбірлерді зерттеуге арналған еңбегімізде көрсетуге ты-
рыстық. Мысалы: құрға, құрғақ, құрлық, құрма, құрт т.б. туынды
түбірлері "құр" байырғы түбірінен тарағандығын олардың арасындағы
мағыналық байланыс дəлелдейді. Бұл пікірімізді салыстырмалы-тарихи
зерттеу күшейте түседі. М.Қашқари сөздігінде: кұрыды тон (киім кепті)
ескі өзбек тілінде: кұры - "кебу"; татар тілінде: қору - "кебу"; азербайжан
тілінде: гуру -"құрғақ" т.с.с. Немесе, қарғы-, қарма-, қарпы-, қарғын,
қарқын түбір сөздерінің мағыналық ортақтықтары дау туғызбайды. Осы
қатар арқылы теориялық тұрғыдан ажыратылып отырған қар түбірі
қазіргі тілімізде дербес қолданылмағанмен, яғни түбір болмағанмен,
орта ғасырда ол қасиетінің болғанын М.Қашқари сөздігінің материалы
дəлелдейді: Су арықтан қар-ды.
84
Тілімізде мұндай мысалдарды тізіп айта беруге болады. Бірақ
осы келтірілген дəлелдердің өзі тіл деректерін осылайша салыстыра-
салғастыра қараудың нəтижесінде қазірде түбір деп танылып жүрген
түбірлердің құрамынан этимологиялық «өлі» түбірлерді табуға бола-
тынын көрсетеді.
Қазақ тілі этимологиясын негіздеуге қатысты «өлі түбір» мəсе-
лесінің мəнін осыдан жарты ғасыр бұрын (1936ж.) қазақ тілі тарихи
грамматикасының негізін салушы проф. Қ.Жұбанов мектеп мұғалімі
Жанғазы Жолаевқа жазған хатында нақты түсіндіріп берген. Ол 1958 ж.
"Қазақ тілі мен əдебиеті" журналының 2-ші нөмірінде жарияланған:
"...Өлі қосымша, өлі түбір V класқа ауыр соғатын сияқты", - депсіз.
Сенбеймін. Меніңше, V класқа түбір мен қосымшаны оқытпасаң бала
тұрып, ұят, оян деген сөздердің түбірі қайсысы деп сұраса, не дейсің?
Ұят тұтас түбір десең, ұял болғанда, т-ның орнын л-, оян болғанда -т
келіп н-ның орнын қалай алды демей ме? Сонда, ұят-тың түбірі өлі ұя;
т- есім жасаушы (киіт, құры-т сияқты) өлі қосымша; оят-тың түбірі -
өлі оя; мұндағы -т қара-т дегендегі сияқты өзгелік етістің тірі қосым-
шасы деп шыныңды айтқан оңай емес пе?".Бұл пікірдің түркітану
саласының кейінгі жетістіктеріне бастау болған Ж.Дени, В.В.Рад-
ловтардың т.б. түбір құрылымына қатысты пікірлерімен ұштасып жат-
қанын жəне одан кейінгі түркітану мен қазақ тіл біліміндегі этимология
жəне түбіртанумен сабақтасып жатқанын байқау қиын емес.
Өлі түбірлердің этимологиялық зерттеулерінде сөзжасамдық мо-
дельдерге жасалған талдау танымдық рөл атқарады. Аффикстік мор-
фемаларға оларды бөліп алу арқылы жасалған талдау морфемаларға
жасалған талдаумен тығыз байланыста болады. Атап көрсетілгендей,
сөзжасамдық модельдердің нəтижесінде түбірдің лексикалық маз-
мұны басқа сөздермен нақтылана, толыға түседі жəне т.б., түбірдің
аффикстермен күрделене түсуі оның дамуы болып саналады.
Демек, «Тарихи өлі түбірлерді немесе қарапайымданған негіз-
дерді анықтаудың өзіндік тəсілі бірнеше туынды негіздерді бірдей
аффикстермен салыстыру болып табылады»
72
.
Біз қарастырып отырған морфологиялық жағынан күңгірттенген
негіздер көне өнімсіз сөзжасамдық модельдер бойынша жасалған алуан
түрлі қатарға жатады. Себебі көп жағдайларда түбірлер оларға өлі неме-
се өнімсіз аффикстер жалғаудың нəтижесінде өлі түбірге айналады.
72
Кайдаров А.Т. Структурные типы слов// Современный казахский язык. Алма-Ата, 1962. С.
123-124.
85
Мысалы, қазіргі қазақ тіліндегі сөзжасам жүйесінде –ра, -ре, -а//е,
-на//-не, -қа//-ке жəне т.б. аффикстері өнімсіз болып табылады. Соған
сəйкес мұндай аффикстер жалғанған негіздер туынды емес немесе
тарихи жағынан туынды болып табылады. Бұл негіздер шығу тегі
жағынан алғашқы түбір мен сөзжасамдық қосымшаның бірігуінен
жасалса да, қазіргі тілде олар түбір мен қосымшадан тұратын туынды
негіздер ретінде емес, бөлінбейтін, ыдырамайтын, тұтас бір түбір ретін-
де қабылданады.
Көптеген этимологиясы көмескіленген сөздерге жасалған талдау-
дан мынаны аңғаруға болады. Бұрын белсенді түрде қолданылған түбір
морфемалар қосымша морфемалардың жалғануы нəтижесінде өлі тү-
бірге айналған. Тілдің келесі даму кезеңдерінде бірқатар өнімді қо-
сымшалар бірте-бірте өнімсіз қосымшаға айнала бастайды немесе
өнімділігін тіптен жоғалтты деуге болады. Кейбір түбір морфемалардың
пассив болуы тілдің ары қарай даму барысында оларды жаңа тұлғалар-
дың ығыстыруына да байланысты болды. «Келесі туынды, яғни кейінгі
қосымшалардың жалғануына негіз болатын қосымша ғана көне болып
табылатындығы» белгілі
73
. Дəл осы дерек өлі түбірлердің пайда болуы-
на, қосымшалардың түбірді өнімсіз түбірге айналдыра отырып, олар-
дың құрамында тұрақтануына ықпал етті. Соңғылары, өз кезегінде өз-
дері жалғанған түбірлердің өлі түбірлерге айналуына əсер етті.
Мысалы, етістіктердің сөзжасамдық модельдерінің арасында –т
қосымшасы жалғанған модель өзінің көнелігімен ерекшеленеді. Бұл
модель бойынша көптеген екібуынды етістіктер жасалды. Бұл фор-
манттың көне болуының мəні мынада, ол бірқатар түбірлерді өлі
түбірлерге айналдыра отырып, сақтап, тұрақтандырып қалды. Мысалы:
*ай-т=, *ар-т=, *бар-т=, *жор-т=, *қай-т=, *кер-т= жəне тағы
басқалар.
Осы тектес аффикстік морфемалар тарихи туынды түбірлердің
құрамынан «өлі түбірлерді» жіктеуге бағытталған морфемалық талдау
нəтижесі. Көп жағдайда бұл морфема этимологиялық түбір болып
табылатынын көрсетеді.
Осымен байланысты қазақ тіліндегі екі буынды, етістіктердің құ-
рамында жиі кездесетін бір буынды өлі түбірлерді зерттеу нысаны
ретінде арнайы қарастырдық
74
. Бұл мəселені айқынырақ ашу үшін қазір-
73
Севортян Э.В. Аффиксы ... М., 1962. С.82.
74
А.Т.Қайдаров, Ж.А.Манкеева. Қазақ тіліндегі императив тұлғалы етістіктердің өлі түбірлері
жайында // ҚазССР ҒА-ның Хабарлары. Тіл жəне əдебиет сериясы. 1988, №3. 34-43 бб.
86
гі қазақ тілінде қолданылып жүрген (активті, өте активті жəне пассив)
императив формалы етістіктердің барлығын дерлік есепке алдық.
Олардың кейбіреулерін ғана атап өтсек: √-a-/-e-:ат>ата-, бұр-
>бұра-, *бөл>бөле-, *ұз->ұза-, жан>жана-;√ай/-ей-:аз>азай-, *қақ>
қақай-, нық>нығай-, *тыр>тырай-, *тер>терей-;√-ал/-ел-: жоқ>
жоғал-, *жөн>жөнел-, *жөт>жөтел-, *қақ>қақал-, *ом> омал-;√-ар-
Достарыңызбен бөлісу: |