АДАЛБАҚАН – ертедегі киім ілетін көп ашалы ағаш. Адалбақан атауы екі элементтен тұратын, біріншісі адал – ад тұлғасынан тұратын
«айыр», «ажыраңқы», «бөлшектенген» деген мағына беретін түбірден
жəне еліктеуіш ал жалғауынан, сондай-ақ, екіншісі, «айыр, аша»
мағынасындағы «бақан» сөзінен бірігіп қалыптасқан күрделі сөз. Бақан сөзі жоғарыдағы мағынада Бақанас (қар.) деп аталатын өзенге құйылар
тарам-тарам болып ажырап жатқан өзеннің арналарын білдіретін сөзден
тұрады. Бақан алтыбақан (қар.) сөзіндегі үш бақанды түйістіріп
байланатын ұшын жəне «өзен» деген мағынаны білдіретін бақаннан кейінгі -ас сөзін жалғау арқылы жасалып тұр (қар.).
Қазақ тіліндегі: адырна, адарғы, Атырау, ұйғыр тіліндегі ача, ачал,ачмақ, ачилаш т.б. сөздердің құрамындағы -ад//ат, ач паралел
түбірлер. Қазақ тіліндегі ач//ад//ат//аш//аж түбірлерінің прототипі.