БАҚАНАС – Іле өзенінен бөлініп, тарам-тарам болып Балқаш
көліне құйып жатқан өзендердің бірі.Бақанас – екі атаудың қосылуынан
қалыптасқан күрделі гидроним. Оның бірінші компоненті – ұшы аша,
айыр таяқшаны білдіретін заттың (бақанның) атауы ретінде, өзеннің
тарамданып, арна-арнаға бөлініп жатқанына байланысты ұғымды
білдірсе, -ас – көне түркі тілінде «өзен, су» деген мағынаны білдіреді (ср.
Талас < Тал+ас, Келес < Кел+ес, Арыс < Ар+ыс, Күнес < Күн+ес т.т.).
Сонда бұл атаулар сияқты түбір мағынасына өзен атауларын білдіретін
ас аффиксоиды жалғанып тұр. Бақанастың – бірінші этимоны тарам-
тарамданып көлге құятын өзен де, екіншісі – көл. Сонда бұл атау о бас-
та тарамданған арналарын қазір де сақтауы мүмкін.
КӨЛІК – арбаға, шанаға жегілетін, мінілетін үй малдары (ат, жыл-
қы, түйе, сиыр т.б.).
Көлік – түркі тілдерінің көбінде кездесетін көне түркі тілдерінен
келе жатқан көл- ‘запрягать’, түбіріне есім тудырушы -к//-ік жұрнағын
жалғау арқылы жасалған сөзден (көл-ік) қалыптасқан сөз. Көл түбірі
көлік туынды түбір түрінде бүгінгі түркі тілінде жеке-дара кездеспейді.
Біздің байқауымыз бойынша,к?л түбірі «атты жегу», «жегілген ат»
мағынасында тек хакас тілінде ғана (к?лік) «тяговое животное» кезде-
седі. Бұл сөздің «үй малы» мағынасына ауысуы функционалды се-
мантикаға байланысты.