Алматы «Сардар» баспа үйі


БАҚАНАС – Іле  өзенінен  бөлініп,  тарам-тарам  болып  Балқаш  көліне құйып жатқан өзендердің бірі.Бақанас



Pdf көрінісі
бет71/144
Дата01.06.2020
өлшемі1,52 Mb.
#71999
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   144
    Бұл бет үшін навигация:
  • КӨЛІК
БАҚАНАС – Іле  өзенінен  бөлініп,  тарам-тарам  болып  Балқаш 
көліне құйып жатқан өзендердің бірі.Бақанас – екі атаудың қосылуынан 
қалыптасқан  күрделі  гидроним.  Оның  бірінші  компоненті – ұшы  аша, 
айыр  таяқшаны  білдіретін  заттың  (бақанның)  атауы  ретінде,  өзеннің 
тарамданып,  арна-арнаға  бөлініп  жатқанына  байланысты  ұғымды 
білдірсе, -ас – көне түркі тілінде «өзен, су» деген мағынаны білдіреді (ср. 
Талас < Тал+ас, Келес < Кел+ес, Арыс < Ар+ыс, Күнес < Күн+ес т.т.). 
Сонда бұл атаулар сияқты түбір мағынасына өзен атауларын білдіретін 
ас  аффиксоиды  жалғанып  тұр.  Бақанастың – бірінші  этимоны  тарам-
тарамданып көлге құятын өзен де, екіншісі – көл. Сонда бұл атау о бас-
та тарамданған арналарын қазір де сақтауы мүмкін. 
КӨЛІК – арбаға, шанаға жегілетін, мінілетін үй малдары (ат, жыл-
қы, түйе, сиыр т.б.).
Көлік – түркі  тілдерінің  көбінде  кездесетін  көне  түркі  тілдерінен 
келе жатқан көл- ‘запрягать’, түбіріне есім тудырушы -к//-ік жұрнағын 
жалғау  арқылы  жасалған  сөзден  (көл-ік)  қалыптасқан  сөз.  Көл  түбірі 
көлік туынды түбір түрінде бүгінгі түркі тілінде жеке-дара кездеспейді. 
Біздің  байқауымыз  бойынша,к?л  түбірі  «атты  жегу», «жегілген  ат» 
мағынасында тек хакас тілінде ғана (к?лік) «тяговое животное» кезде-
седі.  Бұл  сөздің  «үй  малы»  мағынасына  ауысуы  функционалды  се-
мантикаға байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   144




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет