Алматы «Сардар» баспа үйі



Pdf көрінісі
бет68/144
Дата01.06.2020
өлшемі1,52 Mb.
#71999
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   144
жібін  аттамау  «біреуге  қиянат  қылмау»  т.б.)  емес,  сонымен  қатар: 
«апыр-топыр  болу», «бейберекет  жағдайға  ұшырау»  деген  мағынаны 
да аңғартады. Оларды біз қалмақ тіліндегі аламан сөзінің -алх 1) «уби-
вать,  умершвить»,  перен. «уничтожить», «глубоко  огорчить» (Русско-
калмыцкий  словарь,  М., 1964, 722 с.)  жəне  моңғол  тілінің  алах- 1) 
«убивать,  умершвлять,  колоть,  резать,  забивать  (скот),  алан  хядага – 
террорист (Монгольско-русский словарь. М., 1957, 28 с.) нұсқаларынан 
айқын көреміз.
Бұл  тілдердің  бəрінде  де  аламан  жəне  оның  нұсқалары  -алх,  алан, 
алах,  аладун  т.б. «зорлық  жасау,  топырлап  бас  салу»  деген  мағынаны 
білдіреді.
Француз  жазушысы  Флобердің: «бір  сөздің  тарихына  арнап,  бір 
кітап  жазуға  болады»  дегені  бар  екен.  Сол  сияқты,  бір  елдің  мінез-
құлқын  сипаттап  біраз  ұзақ  əңгіме  етуіне  болатын  аламан  сөзінің 
қазаққа  қатысты  бір  сөзбен  айтып  болмайтынын,  проф.  Халел  Дос-
мұхамедұлының  «Аламан»  деген  кітабынан  келтіруді  жөн  көрдік.  Он-
да  қазақтың  аламандық  қасиеті  сонда  толық  ашылады,  аламанға  бе-
рілген  сөздіктердегі  жырымдалған  аудармаларын  бұл  сипаттама  түгел 
қамтитын  сияқты.  Біз  соны  түгелдей  көшіріп  беруді  мақұл  көрдік [13, 
Х.Досмұхамедұлы. Аламан. Алматы: Ана тілі, 1991 ж, 147 б.].
«Халықтың  құлқы,  мінезі,  ойы  заманындағы  əдебиетінен  білінеді. 
Əдебиет – халықтың  түрлі  қимылдарының  айналасы.  Жиырмасыншы 
ғасырға  дейін  қазаққа  жазба  əдебиет  жарытып  болмады.  Бірақ  халық 
арасындағы  ауыз  əдебиет  қазаққа  бай  болды.  Ауыз  əдебиетінің  көбі  –
он  тоғызыншы  ғасырдың  мирасы.  Арғы  əдебиеттен  қалған  жұрнақ  аз. 
Біздің  қолымызда  кіші  жүз  қазақтарының  (Орал,  Бөкей,  Маңғыстау) 
арасынан  жиналған  он  тоғызыншы  ғасырдың  ел  əдебиетінің  бір  бөлігі 
ғана.


131
Осы əдебиетті тексеріп отырсақ, қазақтың өткендегі құлқы, мінезі, 
заманындағы  күйініші,  сүйініші,  арасында  болған  түрлі  əлеумет 
қимылдары анық сезіледі. Заманымыздағы барлық қимылдардың, жаман-
жақсысы,  мінездердің  құр  өз-өзінен  пайда  болмай,  өткен  заманмен 
тамырласып жатқаны байқалады.
Бұрынғы əдебиетпен танысқанда қазақтың бойына біткен мінездің 
бірнеше түрі орасан адырайып тұр. Ел əдебиетімен танысқанда осындай 
бадырайтып көрінгеннің бəрі – аламандық.
Көптің  пайдасын  ойлай  тұрса  да,  бүтін  жұрттың  қамын  жей  тұрса
да,  өзінің  мен-мендігін,  көп  күшін  құрбан  қыла  алмайтын,  өз  дегенін 
күшпен  орындайтын,  өз  басын  артыққа  санап,  сөзін  сөйлеп,  соңына 
ермегендерді,  қарсы  тұрғандарды  түсінбегендігінен,  ақылсыздығынан 
қылды деп білетін, көңліне жақпаса да өзі қойған бастығының бұйрығы-
на,  өзі  қалаған  тəртіптің  жолына  бас  ұрмайтын;  Отан  сезімі,  мемлекет 
сезімі кем, мен-мендік сезімі өте күшті құлықты аламандық дейміз.
Аламан деп, тəртіпке, жолға, низамға көнбейтін, өз дегені болмаса 
басқаны елемейтін топты айтады.
Бастықтан  лұқсатсыз  біреуді  шабуға,  олжалауға  аттанған  тəртіпсіз 
топты  да  аламан  дейді.  Аламандықтан  өзімшілдік,  бəсекелік  туады. 
Аламандық бүтін қазақта болған, əрбір руда болған, əрбір адамда болған.
Өткен  ғасырдағы  қазақтың  əлеумет  қимылдарының  көбінде-ақ 
аламандық  бар.  Шетелмен  жауласса  да,  ру  ара  таласса  да,  хандарына, 
билеріне  көнбесе  де  қазақтың  ісінің  көбінен-ақ  аламандық  исі  шығып 
тұр.
Сонымен, аламан туралы сан алуан деректер мен пікірлерді шолып, 
жинақтай  келгенде,  зерттеу  нысанымызға  өз  тарапымыздан  беретін 
түсініктемеміз мынадай:
1) Аламан атауының түбір тұлғасы мен оның о бастағы мағынасы-
на,  қолданыс  аясы  мен  таралу  шегіне  қарағанда,  оны  түркі-моңғол 
тілдеріне ортақ атау деп жобалауға болады;
2) “Аламан” атауы көптеген аймақтарда, əр түрлі қоғамдық ортада 
қолданылған,  о  баста  адам  факторына,  яғни  басшы,  бастаушысы  бар 
белгілі бір топтың, қолдың күш арқылы өз билігін жүргізген, айтқанын 
істетіп,  берсе  қолынан,  бермесе  жолынан  əрекеттеніп,  тартып  алып, 
олжалауды, тонауды, өлтіруді қолдайтын, қастандық жасауды, агрессив-
ті  іс-əрекетіне,  жауыздық,  қатыгездік  мінез-құлқына  байланысты  қа-
лыптасқан  ұғым-түсініктің  əр  түрлі  этностық  ортада,  географиялық 


132
аймақта,  əр  түрлі  сипат,  əлеуметтік  мəртебе  алып,  əрі  өзара  жақын 
мағыналарға ие болған;
3)  Соның  нəтижесінде  түркі  тілдерінде  алдымен  бір  мағынадан 
өрбіген  көп  мағыналық  жүйе  қалыптасқан  деп  білеміз.Сол  көп  мағы-
на  негізінде  кейбір  түркі  тілдер  де,  кейде  бір  тілдің  өзінде – əдеби  тіл
мен  диалектінде  екі  не  одан  да  көп  гомогенді  (тектес)  қатарлар  қа-
лыптасқан. Жоғарыда келтірілген деректер, міне, осы бір объективті сөз 
мағынасын білдіретін үдерістің айқын айғағы; 
4)  Осылайша  пайда  болған  гомогенді,  омонимдік  нұсқалардың, 
олардың  даму  өрісі  мен  қолданыс  аясы  бұл  межемен  ғана  шектелмей-
тінін  біз  аламан  атауынан  да  көре  аламыз.  Мағыналық  дамудың  жоға-
рыда  көрсетілген 7 мағынасынан  тысқары  келесі  бір  логикалық  дең-
гейге  көтерілуіне  себепкер  болған.  Оны  біз  аламанның  қазақ  тілінде 
жəне  т.б.  тілдерде  көрсетілген  аса  зиянды,  егінге  тигізер  зардабы  мол 
атжалман,алақоржын  сияқты  дала  тышқаны  мен  аңына  (қасқыр, 
түлкі, қарсақ, аю т.б.) жəне малға қырғындай шабатын дала жыртқышы 
мағынасында  қолданылуынан  жəне  қыран  бүркітке  балануынан 
байқаймыз. Аламанның «алдыңғы топ» мағынасы мен аламан тышқан, 
ақиық,  аламан  бүркітке  қатысты  мағыналар  арасында  логикалық 
байланыс  пен  ауыс  мағынаның  туындауына  қажетті  уəждің  барлығына 
сенуге болады.
Жекелеген сөздердің лұғаттық мақала үлгілері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   144




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет