Алматы «Сардар» баспа үйі


күрт, бырт, былш, тырқ, тарқ



Pdf көрінісі
бет64/144
Дата01.06.2020
өлшемі1,52 Mb.
#71999
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   144
күрт, бырт, былш, тырқ, тарқ,т.б. осы сияқты) анықталады. Бұлар –
осы  қалпында  жалпылама  мағына  беретін  процестің  бір  рет  қайтала-
нуын  білдіретін,  өзгермейтін  түбірлер.  Түбірдің  бұл  негізгі  бөлігі  өз-
гермейді  де  (бөлшектелініп  қолданылмайды),  жалпылама  мағынасын 
түсіндіруге болады.
Түбірдің көрсетілген бөлігінің өзгермейтіндігіне байланысты идео-
фоннан кейінгі заттану жұрнағы мен етістік жұрнағы тұрақты формант-
тар болып саналады.
Сонымен,  еліктеуіш,  елестеуіш  жəне  бейнелеуіш  түбірлері  тұлға 
жағынан  біркелкі  түбірлер,  сондықтан  оларға  берілетін  жалғаулар  да 
бір-біріне  ұқсас.  Олардың  жалпы  саны 4-5 мыңға  жетеді.  Қазақтың 
дыбыстық тілі (бұл –ым-ишара тілінен кейін пайда болған тіл) о баста 
осы  үш  құбылысты – жарық-сəуле  (жалт-жұлт,  жарқ-жұрқ  т.б.), 
қимыл-əрекетті (арбаң-құрбаң, далбаң-далбаң, тыртың-тыртың т.б.), 
бейнелік  құбылысты  (ербең-ербең,  қалт-құлт  т.б.)  білдіретін  түбірлер-
ді құраған. Сондықтан да бұл түбірлер тілдің басқа түбірлерінен өзгеше, 
əрі өзінің байырғылығымен ерекшеленеді, мағынасы жалпылама түрде. 
Этимология  жағынан  бұл  түбірлер  басқа  түбірлерден  өзгешелігімен 
сипатталады. Бұл түбірлердің тілдік болмысы мен ғылыми-талдамалық 
дəйегі  Ə.Қайдардың  жəне  К.Ш.Хұсайынның  еңбегінде  берілген  (Кай-
даров  А.Т.  Структура  односложных  корней  и  основ  в  казахском  языке. 
Алмат-Ата, 1986; Хусаинов  К.Ш.  Звукоизобразительность  в  казахском 
языке. Алма-Ата, 1988).
4. Дара түбір. Біздара түбір деп бір буынды түбірден тұратын, бар-
ша түркі тілдерінде туынды, əрі тіркестердің құрамында қолданылатын 


124
жеке-дара  мағынасы  бар,  не  ол  мағынасы  ұмыт  болған  мыңдаған 
сөздерді  атадық  (А.Т.Кайдар.  Структура  односложных  корней  основ 
в  казахском  языке  С.187-312).  Этимологияның  негізгі  мақсаты – осы 
типтегі түбірлердің өзін, мағынасын, қолданыс ерекшеліктерін, түбірлік 
функциясын анықтау.
Дара  түбірлерге  тілімізде  жеке-дара  мағына  беретін,  не  белгілі  бір 
тіркестермен  ғана,  не  күрделі  сөз  құрамында  ғана  қолданылатын  (біз 
олардың тізімін мысалдармен береміз) түбірлер жатады. 
Барлық саны – 2712. Оның 508-і – ілкі еліктеуіш түбірлер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   144




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет