Алматы «Сардар» баспа үйі



Pdf көрінісі
бет67/144
Дата01.06.2020
өлшемі1,52 Mb.
#71999
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   144
Байланысты:
дискриптор 2 четверть, -86280773 (1), 7029
Татар тіліндеАлиман – а) “толпа”; ə) “разбой”, “грабеж”; алиман-
бəйгə - бега с участием большого числа наездников [Тат.Р.сл., 51];
Түркі  тілдерінде  бұдан  басқа  да  аламан  атауының  оныменен 
түбірлес, мағыналас сөздері кездеседі. 
7.  Қалмақ  тілінде:Алх – 1) “убивать”; 2) перен. “уничтожить”;
3) перен. “глубоко огорчить” [РусКалмС];
8.  Моңғол  тілінде:  Алах – 1) “убивать,  умерщвлять”; «колоть», 
«резать», «забивать» (скот); аланхядага – “террорист” [МонгРС, 28 б.];
9. «Мұқаддимат  ал-адаб»  сөздігінен:  Алакчы (alaqci): алакчы  мо-
ғой – “смертельная  змея”,  алақсан (alaqcan) – “убивший,  умерший” 
[Поппе Н.Н., 97 б.];
10.  Орыс  тілінде:  Аламан  сөзі  орыс  тіліне  түркі  тілдерінен  ерте-
ректе  ауысуы  мүмкін,аламанский,  ламанский – атқыштардың  тілінде – 
1) “толпа  народа”, 2) “шайка  всадников,  разбойников”; 3) “разбойник, 
аламан-алахан  (шағатайша) – “грабитель”, “бродяга”  мағынасында 
қолданылған көне сөз [Словарь тюркизмов в русском языке. С.28].
Бұл  деректерге  назар  аударатын  себептердің  бірі - аламан  сөзінің 
алай,алақман,  алахан  тұлғаларында  “қарақшы”, “адам  тонаушы”, 
“қаңғыбас” мағынасында қолдануында. 
Енді  көптеген  түркі  тілдері  мен  олардың  жазба  ескерткіштерінде 
кездесетін  осы  аламан  атауының  шығу  мəні  мен  түп-төркіні  туралы 


129
Э.В.Сервортянның  «Түркі  тілдерінің  этимологиялық  сөздігінде»  беріл-
ген мағлұматтарға назар аударайық. 
Негізінен,аламан  түрінде  кездесетін  бұл  атаулардың  аталмыш 
сөздікте жеті түрлі мағынасы берілген. Атап айтқанда: 1) “Разбоиничий 
набег”; 2) “Шайка всадников, грабитель, бандит”; 3) “войско, конница, 
воисковое  соединение”; 4) “название  хищной  птицы”; 5) “народ”, 
“толпа”; 6) “ненасытный, алчный”; 7) “ни кола, ни дрова” [12, 134 ].
Бұл  сөздікте: 1) аламан  сөзінің  түркі  ескерткіштерінде  көп  кез-
деспейтін түрі, жаңа түркі тілдерінің бəрінде бірдей жоқ екендігі; 2) іс-
əрекеттің атауы жəне соны орындаушы субъект екендігі; 3) “совершать, 
разбойничать  набег”, “грабить”  мағынасындағы  ал  “брать”  ілкі  түбі-
рінен  туындаған  ала – етістігіне  адам  (субъект)  мағынасындағы  ман
жұрнағының  жалғануы  арқылы  жасалғаны; 4) аламанның  көп  мағы-
налылығы т.б. сөз болады. 
Ал  түбірі – «ақ-қара»  түр-түсі.  Туынды  түбірлері:  алай,  алақиан, 
алахан,  алақчы,  алақсан.  Сөздің  ала  аталатын  тікелей  байланысы  үзі-
ліп,  ауыс  мағыналарындағы  сөздерден  туындаған – этимологияның 
бір  сыры.  Аламан  сөзінің  əр  тұлғадан  тараған  нұсқалары  сол  тұлға-
ның мағынасына жақын екінші бір мағынада дамуы мүмкін.
Көбеде  (гөбеде)  и  алаң-елеңде//елең-алаңда  «в  предрассветную 
пору»,  алағаншық  боран  «снежный  буран,  затмевающий  видимость»,
ала жаулы бұлт «облако неравномерно покрывающий с проталинами», 
ала  сапыран  «погрязщая  земля»;  ала  қанат//алашабыр  жер;  ала-
сабыр  шақ  «ранняя  весна»,  ала  құйын  «ураган,  поднимающий  пыль
(следовательно  создающую  плохую  видимость),  аласапақ  кез  «през-
вечерняя  пора»,  қырғыз  тілінде:  ала  шабыраң//ала  шалбырт  «ранняя 
весна»;  алағаншық  чыбырғақ  «мелкий  дождь,  переходящий  в  снег  с 
порывами  ветра  (создающий  мглу,  неясность  света)»;  алабарман  (о 
человеке) «безалаберный,  неровный,  скрывающийся»;  аладун  «не-
дозрелый»;  татаршада:  ала  қар  «проталина»;  ұйғыршада:  ала-тайин 
«сомнительно,  неопределенно»  т.б.  Осы  топтағы  сөздердің  баршасы 
бір  түбірге  сабақталып,  басқа  мағыналарынан  (ауыс  мағыналарынан) 
олардың жанама мағыналары өрбіп дамыған. Сонда бір аламан сөзінің 
бүкіл түркі тілінде қанша болғаны. Егер оның негізгі мағыналары ұмыт 
болса,  оның  жанама,  ауыс  мағыналарын  тудырған  мағыналары  бір  тіл 
болмаса, екінші тілде сақталуы мүмкін.
Қысқасы,  сөздің  өз  басы  жоғалып  кеткен  болса  да,  оның  ауыс 
мағыналары тілдердің бірінде сақталуы мүмкін. Ал осынша көп мағы-


130
наға ие болған сөзді түркі, не басқа тілдерден мүлдем жоғалып кетті деп 
тұжыру  қате.  Сондықтан  этимологиялық  ізденістің  ең  алғашқы  мінде-
ті – дыбыстық  жағынан  ұқсап,  не  сəл-пəл  өзгеріп  қолданылып  келген 
ұқсас  сөздердің  біреуін,  не  екеуін  іздеп  табуға  болады.  Ол  сөздің  не 
түбірі, не жалғау-жұрнағы ұқсас болуы мүмкін.
Жоғарыда келтірілген аламан сөзінің ең бірінші ұқсастығы - оның 
адамға тəн екендігі. Ол ə дегенде «атарман, шабарман» деген сөздермен 
ұқсас екендігі айқындалады. Біз жоғарыда келтіргеніміздей, бұл сөздің 
түбірі – ала - «ала» деген түр-түсті ғана (мыс., ала жіп, ала арқан, ала 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   144




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет