Алматы «Сардар» баспа үйі


Аламан  IАтжалман,  алақоржын–  тышқан  тұқымдасына  жата- тын кеміргіш жануар. Аламан II



Pdf көрінісі
бет66/144
Дата01.06.2020
өлшемі1,52 Mb.
#71999
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   144
Байланысты:
дискриптор 2 четверть, -86280773 (1), 7029
Аламан  IАтжалман,  алақоржын–  тышқан  тұқымдасына  жата-
тын кеміргіш жануар.
Аламан II 1. біреуді  шабуға,  олжалауға  сайланған  қарулы  топ;
2. қарқынды, қаһарлы (жігітке қатысты);
Аламан бəйге – аты, құнаны, тайы аралас жаппай жарыс [ҚТС, 31 б.].
Алайда,  қазақ  тіліндегі  “аламанның”  бұл  екі  мағынасы  екі  басқа 
атау  ретінде,  екі  басқа  тақырып  аясына (“адам”  мен  “тышқан”)  көр-
сетілгенімен,  формальды  логикаға  жүгінсек,  олардың  екеуіне  де  ортақ 
дəнекер  болып  келген  мағына  бір-ақ  мағына  екендігі  айдан  анық,  бір
уəж екендігі даусыз.
Бұл  арада  Р.Ғ.Сыздықова  мен  Ə.Нұрмағамбетовтер  аламан  атауын 
біреуінің  адамға,  екіншісінің  тышқанға  теңегенін  атай  отырып,  екі 
жағдайда  да  бұл  сөздің  моңғол  тілдерінен  енген,  не  түркі-моңғол 
тілдеріне  ортақ  түбірден  (ала,алах,алам)  тарағанын  мойындауы  назар 
аударады.
Аламан  атауының  түп-төркіні  туралы  үзілді-кесілді  пікір  айтуды 
біз  өзімізге  мақсат  етіп  қойғанымыз  жоқ.  Ол  жəне  оңай  да  мəселе 


127
емес. Алайда, зерттеу мақсатына қажетті мəселені – адам мен тышқан 
факторлары арасындағы ұқсас мағынаның қалыптасуын айқындауда осы 
деректің өзі де жеткілікті сияқты. Жəне бұл құбылыстың бір тілдің екі 
түрлі (əдеби жəне диалектілік) деңгейінде қалыптасып, қолданыс табуы 
да назар аударарлық құбылыс.
Аламан туралы басқа зерттеушілер де (Омарбеков С., Махмұтов А., 
т.б.) осы сөздің бойына тəн жоғарыдағы мағыналарын көне ұғым ретінде 
де,  диалектілік  ерекшелік  ретінде  де  сақталғанын  дəлелдей  түседі. 
Мəселен, С.Омарбеков өзінің зерттеулерінде:
“Аламан – “сарбаз,  шапқыншы  қол  екенін  көрсетіп, “шақырып 
ұран  шаппаса,  Аламаны  шулап  артынан ...” (Ақтан  ақын); “Аламанға 
жол  бердік,  Аса  жұртты  меңгердік ...” (Махамбет  ақын); “Қарам  əмбет 
залымның  Аламаны  көп  еді ...” (Н.Байғанин)  сияқты  мысалдармен 
оның  жергілікті  ақын-жырау  тілінде  сақталғанын  көрсетсе [10, 99 б.], 
зерттеуші  А.Махмұтов  көптеген  авторлардың  пікірін  келтіре  отырып, 
“аламанның” о баста ал – етістік түбіріне парсының “адам” мағынасын 
білдіретін ман (<манд) жұрнағын жалғау арқылы жасалғанын көрсете-
ді [11, 28-29]. 
Алайда,  аламан  атауының  əлеуметтік,  этнолингвистикалық,  тілдік 
(əсіресе,  семасиологиялық)  табиғатын  жан-жақты  ашып,  оның  шығу 
төркінін, тұлғалық құрамын (*ал, *ала, *алам, *алақ, алақшы, аламан, 
аламаншы  т.б.),  мағынасын  толық  анықтау  үшін  бір  тілдің  деректері 
мен  бірер  ғалымның  мағлұматы,  жобасы  жеткіліксіз  сияқты.  Өйткені 
аламанның таралу шегі мен қолданыс аясы өте кең.
Сондықтан  да,  оның  шегін  анықтау  үшін  түркі  жəне  басқа  көрші-
лес  тілдердің  де  фактілерін  шолып  шығу,  оны  санамалап  шығу  қажет. 
Гомогенді (туыс, тектес) омонимдерді айқындаудың бір тəсілі – сөздер-
дің  негізгі  жəне  арқау  болып  саналатын  мағыналары  қолданысының 
шет-пұшпағында  (перифериясында)  кездесіп  қалатын  ауыс-түйіс, 
окказионалды, коннотаттық, көне де байырғы, не мүлдем ұмыт болған, 
не күңгірттеніп, қолданыста сиректей бастаған мағыналарды анықтау.
Осы мақсатқа байланысты біз төменде аламан атауына қатысты бі-
раз  түркі,  моңғол  жəне  көрші  тілдердің  (орыс  тілі  де  оған  кіреді) 
лексикалық қолданыстарын санамалап өтуді жөн көрдік. Олар мыналар: 
1.  Қазақ  тілінің  өзінде  қолданылатын  атаудың  мағыналары:  а) 
“Əскери  қарулы  топ”;  ə) “көпшілік  бұқара  тобыр”,  б) “сарбаз”;  в) 
“біреуді  шабуға,  олжалауға  сайланған  шапқыншы  топ”;  г) “атжалман”, 


128
“алақоржын  тышқан”;  ғ)  бүркіт  тұқымдасының  ақиығы,  алғыр  да 
қырантұқымы;  аламан-тасыр,  аламан  бəйге,  аламан  шу  т.б.  тұрақты 
тіркестер т.б.
2. Башқұрт тілінде:алама – 1) алохой –«дурной», «дрянной», разг.; 
2) “плачевный”; аламалық - 1) некрасивый поступок; 2) пакость, подлость 
[БашРС, 33 б.]; 
3.  Түркі-татар  наречиелерінде:  алак – “грабеж”, “расхишение”, 
“растроиство”; alaqmaq “б.  расхишение”, “разграбление” [Л.В.Будагов. 
Сравнительный... 79 б.];
4.  Қырғыз  тілінде:  Аламан – 1. беспорядочный  набег; 2. (точнее: 
баш аламан) “беспорядок”, 3. “толпа, масса народ”; 4. фольк. “военная 
добыча,  трофей”;  аламан  бəйге  “Скачки,  в  которых  участвуют  лошади 
любых возростов” [Юдахин К.К. Киргизско-русский словарь, 45б.];
5.  Түрікмен  тілінде:аламан  –  уст. “набег,  налет”;  аламанчы – уст. 
“участник набега, налета, налетчик, грабитель” [ТуркмРС, 39 б.].
6.  Ұйғыр  тілінде:  Аламан – «хваткий»,  алман  бүркіт, «хваткий 
беркут» [УйгРС, 16 б.];


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   144




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет