175
башқұрт тіліндегі
уйыл “долина” тұлғалары пара-пар; жəне
ойыл
атауындағы -ыл жұрнағы, профессор А.Ысқақов келтіргендей, қазақ
тілінде есімдер мен етістік тудыратын омонимдес жұрнақтардың бірі.
Мəселен, “… тіліміздегі
қаңқыл, жарқыл, жалтыл, батыл тұлғалары
белгілі бір сөз тобына ғана емес, бірнеше грамматикалық категорияға
ортақ, нағыз омоним форма екендігі айқын кəрінеді.”
ТАЛАС. А.Əбдірахманов: «атау этимологиясының кескіні мына-
дай:
талай//далай (түркі-монғол тілдеріне ортақ «су», «өзен» деген сөз)
+ с (түркі-монғол тілдеріндегі көптік мағынаны білдіретін көне жұр-
нақ) – деген пікірді айтады.
ТЕКЕС. Шоқан Уəлиханов “Қашқарға сапар” атты еңбегінде осы
өзеннен өткен кезде “Теріс аққан” өзені деп атаған. Т.Жанұзақтың
пікірінше, атаудың бірінші сыңарындағы
тек сөзі
Қастек, Дегерес
атауларындағы
тег, дег “тау” сөзінің ертеде айтылған жіңішке
тұлғасымен тектес. Ал атаудың екінші сыңарындағы -
ес тұлғасы орал-
алтай тілдерінде – “су”, “өзен” мəніндегі сөз. Демек,
Текес – “тау суы, тау
өзені” мағынасында қойылған атау деп қарауға болады.
ТОЛАҒАЙ.
Толағай сөзі монғол-түркі тілдерінде кеңінен қол-
данылатын географиялық термин. Қазақстан, Монғолия жəне басқа түр-
кі-монғол тілдер территорияларында көптеген топонимдер құрамында
жиі ұшырайды: Шығыс Қазақстанда
Толағай, Ақтолағай, Көнектолағай,
Жетімтолағай, Монғол Халық республикасында
Баян – толгой т.б.
атаулар бар. Монғол-бурят тілінде
толағай сөзімен түбірлес мəндес
толгой сөзінің тікелей мағынасы - “бас”. Ал топонимикада “төбе, шың”
дегенді аңғартады (Мурзаев, 19). Ғ.Қоңқашбаев (1959)
Толагай топонимін
монғол тілінен енгендігін растап, “шоқы, жекетұрған биік тау” десе,
ал Əбдірахманов (1975) қазақ тіліндегі жер аттарында
толағай сөзінің
монғол тіліндегі “шоқы, биік, төбе, тау деген екінші мағынасын сақта-
ған” дейді. Е.Қойшыбаев (1985) “толағай сөзінің туынды сын есім
тұлғасын қалыптасқан түркі тілдеріндегі толу, қаз. арх.
толы-ғай –
прогрессивті ассимиляция түріндегі сөз екені анықталады”, - деп жазды.
Жоғарыдағы пікірлерді қорыта келе Т.Жанұзақ: “
Толағай топонимінің
шығу төркінін жоғарыдағы авторлар айтқандай монғол-бурят тілдерін-
дегі
толғой сөзімен мағыналас, бірақ фонетикалық өзгеріске ұшырап,
қазақ тіліне бейімделген. Топонимикалық мағынасы: “төбе, шоқы, биік, тау”.
Достарыңызбен бөлісу: