172
деген сөйлемнен Жер атауы
Жалаңаш емес,
Жалағаш екенін байқауға
болады. Яғни
жал жəне
ағаш деген сөздерден құралған. Ауыл орналас-
қан жер қу тақыр далаға емес, кəрікті ағаштар көмкерген тау бөктері
екені мұны дəлелдей түседі.
ЖАРМА.
Жар түбірі көптеген түркі тілдерінде кездеседі. Түркі
тілдеріндегі негізгі мағыналары “жарқабақ”, “тік жаға”, “жыра”,
“жартас” екендігін ескерсек, қарастырып отырған Жарма топонимінің
түбірі
жар элементінің негізінен “тік жаға, жар” жəне “жару, жыру”
мағыналарындағы етістік-есім (синкретикалық) түбір сөз екендігі
айқындалады. Топоним етістік
жар тұлғасынан туындап, “жырылған,
жарылған; жыра, жыралы жер” мағынасын білдіреді.
Жар түбір сөзі арқылы жасалған бұл атау Қазақстанның көптеген
жерлерінде де кездеседі. Мұның себебі – жер рельефінің селмен, қар-
ғын сулармен жарылған, жырылған, шайылған тұстардың көптігінде [42].
ЖАРЫҚ. Е.Қойшыбаев
жарық тұлғасы этникалық топ атын біл-
діреді дейді де, тува, хакас тілдеріндегі
чарық//чарых тұлғаларымен
салыстырады [43]. Э.М.Мурзаевтың пікірі бойынша, «
Жарық сөзі түркі
тілдерінің көпшілігінде: əзірбайжан тілінде
йараг, түркімен тілінде
ярыг,
өзбек тілінде
ерик, ноғай, татар тілдерінде
ярык, тува
чарык тұлғаларын-
да кездеседі де, “жер бетіндегі сызат, жарықшақ, жарық; шатқал; ағын
сулармен қатты шайылып, тілімденген жыралар, сай” мағыналарын
береді. Яғни
Жарық топонимі белгіленіп отырған объектілеріне қатыс-
ты “ақпа сулармен тілімденген, жыралы, жарықшақты ойпаң жер (өзен)”
мағыналарында қолданылады» деп санайды [47].
ЗЕРЕНДІ. Осы атаудың этимологиясына қатысты Ə.А.Əбдірахма-
нов мынадай деректерге сүйенеді: Жергілікті тұрғындар
зерен – «бояу
жасалатын шөп» деп түсіндіреді. М.Қашқари еңбегінде
зерензе сөзіне
«мақсары ұрығы да
зерензеұрығы делінеді» деп түсіндірілген, яғни
зе-
рен – (шөп аты) + ді (сын есім тудыратын жұрнақ) [46].
ҚАЗАЛЫ. Кейбір деректер бойынша елді мекен аты “қаза” деп
аталатын балық аулау жабдығы атынан шыққан болса, басқа деректер
бойынша, мұнда əділ қазылығымен халыққа жаққан бір адамға
байланысты “Қазы елі” атанып, кейін “Қазалы” болып өзгерген дейді.
Ал енді бір аңызда, ертеде осы өлкеде шалқыған көп көл болған. Көл бе-
ті жүзген аққу мен қаздан кəрінбейді екен. Осыған байланысты “Қаз
елі” атанған дейді.
Достарыңызбен бөлісу: