Алматы «Сардар» баспа үйі


Көнекөз сөздер - архаизмдер



Pdf көрінісі
бет74/144
Дата01.06.2020
өлшемі1,52 Mb.
#71999
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   144
Көнекөз сөздер - архаизмдер
АҚ ТӨС (төз) Шөже жырлаған «Қозы Көрпеш-Баян Сұлуда»: 
Ақ төзін əулиенің кені айтады‚
Ақылы жоқ жас бала нені айтады? –
деген жолдар бар. Енисей бойындағы Минуса ойпатын мекендеген 
түркі  тектес  качин‚  сағай‚  белтір‚  қоби‚ (қобый‚  қызай  қазіргі  шор 
халықтарының сүйектері‚ қызай руы‚ сары ұйғырларда да‚ қазақтар да 
бар)  ұлыстардың  тілінде  ақ  төс«жылқы  түлігінің  желеп-жебеушісі»‚ 
«пірі»  дегенді  білдіреді  екен.  Дөңгелек  тұяқтыларды  көлденең  кесел‚ 
дүлей  апаттан  сақтаушы  ақ  төс  əулиеге  ақбозат  шалатын  ырым  да 
болған.  А.В.Андрианов  ақ  төс  туралы  “Айран  в  жизни  минусинского 
инородца” (1909 жыл)  деген  еңбегінде: «қоянның  бас  жақ  терісін  аша 
ағашқа  қыстырып‚  оның  сыртын  қайынның  қабығымен  қаптап‚  үйден 
аулақ  жердегі  бұтаның  басына  іліп  қоятынын»  жазған.  Жылына  екі 
мəрте‚ көктемде жəне күзде‚ ақ төсті үйге алып келіп‚ оның құрметіне 
ақсарбас шалатын болған. Қойдың оң жақ сүбе‚ оң жақ бүйрек‚ оң жақ 
құйрық майын қоян терісіне‚ яғни ақ төске жағатын болған».
Сондай-ақ жыр жолдарындағы кен деген атаудың мағынасы қазірден 
басқаша  мəнде  қолданылған.  Кен  деген  атау  қазіргі  тілімізде  “қазба 
байлық”  деген  ұғымды  білдірсе‚  бұл  сөз  ертеректе‚ “тұзды  жерлер” 
(көлдер)‚  тұз  шығатын  орындарды  ертедегі  ата-бабаларымыз  аруақ 
қонған  немесе  “əулие-əнбиелердің  назары  түскен  киелі  жер  деп  білген 
[16, 209 б.]. “Кенді төкпе‚ елді сөкпе” деген нақыл бір кездегі осындай 
наным-сенімге орай айтылса керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   144




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет