Алматы «Сардар» баспа үйі



Pdf көрінісі
бет49/144
Дата01.06.2020
өлшемі1,52 Mb.
#71999
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   144
Байланысты:
дискриптор 2 четверть, -86280773 (1), 7029
Екіншіден, осы орайда "өлі" түбірлерді анықтаудан да оған жалған-
ған  қосымшаларды  айыру  əлдеқайда  жеңілірек.  Яғни,  мұндай  түбір-
лерді  тек  өздеріне  ұқсас  сөздердің  құрылысы  бойынша  ортақ  сөзтуды-
рушы  модельдерін  салыстырып,  теориялык  жолмен  ғана  қалпына  кел-


83
тіруге  болады.  Ол  үшін  кез  келген  үлгідегі,  сол  арқылы  жасалған  екі 
буынды түбір құрамынан өзара ұқсас, тектес əрі мағыналас грамматика-
лық  тұлғалар  түбір  мен  тұлға  жалғасқан  жігінен  бөліп  алынады.  Бұл 
əдіс тіл білімінде морфемасы бойынша талдау (по-морфемный анализ) 
əдісі деп аталады. Мəселен, -ыр/-ір - моделі бойынша жасалған айыр-, 
ауыр-,сір-,  жасыр-,  кідір-,  құтыр-,  асыр-,  кашыр-,  бітір-,  көшір-деген
екі  буынды  етістіктердің  құрамынан  осы  грамматикалык  көрсеткіштің 
өзін  бөліп  алсақ,  ас-,  қаш-,  біт-,  кеш-  деген  дербес  түбірлер-мен 
бірқатарда *ай-, *-ау-, *ес-, *жас, *кід, *құттүбірлерінің де сөз тудыруға 
қатысып отырғанын кіріспе бөлімде атап көрсетеміз. Айырмашылығы – 
бірінші топтағы түбірлер жеке-дара қолданылады да, екінші топтағылар 
ондай  дербестігінен  айрылған,  мағынасы  біз  үшін  бүгінде  түсініксіз. 
Бұдан  шығатын  қорытынды:  бір  модель  бойынша  жасалатын  туынды 
түбірлердің құрамындағы дербес түбірлер секілді "өлі" түбірлер де бір 
кезде дербес сөз болғандығынан дерек береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   144




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет