Алматы «Сардар» баспа үйі



Pdf көрінісі
бет52/144
Дата01.06.2020
өлшемі1,52 Mb.
#71999
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   144
Байланысты:
дискриптор 2 четверть, -86280773 (1), 7029
айыр-, ауыр-, есір-, жасыр-, кідір-, құтыр-, асыр-, қашыр-, бітір-, кешір 
деген екі бу ынды императив етістіктердің құрамынан осы грамматика-
лық форманттың өзін бөліп алып қарасақ, ас-, қаш-, біт-, кеш- деген дер-
бес түбірлермен бір қатарда *ай-, *ау-, *ес-, *жас-, *кід-, *құт- түбір-
лерінің де сөз тудыруға қатысып отырғанын көреміз. Айырмашылығы –
бірінші топтағы түбірлер жеке-дара қолданылады да. екінші топтағылар 
ондай  дербестігінен  айрылған,  мағынасы  біз  үшін  бүгінде  түсініксіз 
элементтер.  Бұдан  шығатын  бірінші  қорытынды:  бір  модель  бойынша 
жасалатын  императив  етістіктердің  құрамында  дербес  түбірлермен  қа-
тар  «өлі  түбірлер»  де  өмір  сүреді  екен.  Бұл  факт  өз  ретінде  өлі  тү-
бірлердің де бір кезде дербес сөз болғандыгынан дерек береді. Өйткені 
тіл диалектикасына сүйенсек, тілде оның кəдесіне жарамайтын бірде-бір 
түбір,  тұлға  пайда  болмаса  керек.  Ал  егер  ондай  мағынасыз  да  мəнсіз 
дыбыс тіркестері кездейсоқ дүниеге келе қалған жағдайда, олардың тіл-
де өмір сүруіне орын жоқ. Бұл –тіл біткеннің бəріне тəн қатаң заң.
«Өлі түбірлер» санатына жататын лексемалардың бір заманда дер-
бес болғандығын қалай дəлелдеуге болады? Ол үшін біз сол түбірлермен 
тектес,  тұлғалас  жəне  мағыналас  элементтерді  ең  алдымен  өз  тіліміз-
ден,  одан  табылмаған  жерде  көне  жазба  ескерткіштер  тілінен  немесе 
туыстас  түркі  тілдері  мен  оның  диалектілерінен  іздестіруіміз  керек. 
Тарихи-салыстырма əдістің тамаша нəтиже беретін кезеңі де осы орайда.
Мəселен, екі буынды императив етістік жасайтын модельдердің бірі 
–  √-а-/-е-.  Ол  бойынша  жан>жана-,  жұт>жұта-,  ас>аса-,  ат>ата- 
тəрізді  түбірлік  морфемалары(жан«бок,  сторо на»  мағынасында;  жұт
«бедствие»;  ас– «пища,  еда»;am– «имя,  название»)  жеке-дара  қолда-
нылатын етістіктер де, сондай-ақ түбірі дербестігіне айрылған *ай>айа-, 
*без>безе-, *бөк>бөгде-, *бұл>бұла-, *бөл>бөле-, *біт>біте-, *ел>еле-, 
*жас>жаса-, *жүт>жүде, *күр>күре-, *құл>құла-, сып>сыба-, *үл>
үле- тəрізді қырыққа жуық туынды түбірлер жасалады екен.
Осы келтірілген мысалдардан бөге- («алдын бекіту, тосқауыл қою» 
мағынасында)  етістігін  талдап  көрейік.  Бұл  сөздің  түбірі  бөк-  Махмұд 
Қашқари  заманында  жеке-дара  айтылып  жүрген  сөз.  Мəселен,  бөк-,


89
«запруживать», «перекрывать»:olsuvuyb?rdi-  «он  запрудил  воду» (MK,
II, 19). Дəл осы сияқты √-ай-/-ей: моделі бойынша жасалған етістіктер-
ден  (мыс.:*қоқ>қоқай-, *сор>сорай-, *тыр>тырай-, *шош>шошай-, 
қоң>қоңай-, *сақ>>сақай-,  қат>қатай-  т.б.),  мəселен,  *сақ<сақай- 
түбірін алып қарайық. Пайымдап қарасақ, бұл түбір қазақ тілінің өзінде 
қолданылатын  сау-  дербес  сөздің  фонетикалық  варианты.  Қыпшақ 
тілдеріне  тəн  [у]  мен  оғыз  қарлуқ  тілдеріне  тəн  [ғк]  сөз  аяғында 
келетін  дыбыстардың  сəйкестігі  негізінде  пайда  болған  сағ//сақ//  сау 
варианттарының  біреуі  (сау>сауық-,  сауығу,  саушылық,  т.б.)  Қазақ  тілі 
үшін дербес те, екіншісі (*сақ>сақай-) өлі түбірге айналып, дербестігін 
жоғалтып отыр.
Қазақ  тілінде  итер-,  алда-  тəрізді  етістіктер  –түбір  мен  тұлға 
болып  жіктелмейтін  біртұтас  сөздер.  Бұлардың,  біріншісі:  √-ар-/-ер- 
(*без>безер-, боз>бозар-, *қот>қотар-, *қыз>қызар-,жас>жасар-, *ұз>
ұзар- т. б.), екіншісі өте продуктивті √-та-/-те-/-да -/-де-/-ла -/-ле- моделі 
арқылы жасалған туынды түбір екені даусыз. Ал*ит-пен*ал– қазақ тілі 
үшін «өлі түбірлер» болғанымен, *ит- түбірі хакас тілінде іт- «толкать», 
«пихать», «проталкивать»  түрінде,  якут  тілінде  үт-[?t] «толкать,  пи-
хать, совать» түрінде бүгінгі таңда дербес қолданылатын түбірлер.
Сол  хакас  тілінде  іт-  түбірінен  пайда  болған  іттір-(заставить 
толкнуть, оттолкнуть) сөзі екінші дəрежелі туынды етістік болып сана-
лады.*Ит- түбірінің бір заманғы дербес сөз екендігіне көзіміз жеткеннен 
кейін, біз қазақ тілінің өзіндегі итін-, итіңде-, итпе (бұйда жібіне іліп 
алып, асау түйені алға қарай жүргізіп үйрету үшін салған ұшы екі аша 
сырықша)  деген  сөздерді  түбірлес  сөздер  деп  тануға  құқылымыз.  Бір 
қызығы: ит- түбірі XI ғасырдағы Махмұд Қашғари «Диванында» жеке-
дара қолданылып (olanї itti «он его толкал») (МК, I, 171), оданитін-, итіл- 
тəрізді етіс формалары жасалып тұрса (ДТС, 215), одан əлдеқайда көне 
Тұрфан  өлкесінен  табылған  манихей  мазмұнды  ұйғыр  ескерткіштері 
тілінде it- негізінде пайда болған it?r– формасы қолданылған: jema mujaγq 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   144




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет