Өндірістік тәжірибе өткен жері :Алматы облысы , Талғар қаласы , Пугачёв көшесі 1 үй « РММ Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдық әдістемелік орталығының Талғар аудандық филиалы».
Өткізілген уақыты : 25.05.2020 – 27.06.2020 ж .
Мақсаты : Студент ауыл шаруашылығының даму шараларын үйрену , ішкі және сыртқы карантиндік шараларды жүргізіп , ауру – зиянкестермен күрес жүргізу . Тәжірибе кезінде алған теориялық білімді практика жүзінде орындап , қосымша жаңа материалдар жинау , жаңа материалдарды жинақтап , оларды жұмыс барысында қолданып үйрену.
Өндірістік тәжірибеде аталған практика түрі қарастырылған арнайы пәндер циклын оқып – үйрену аяқталғаннан кейін ұйымдастырылады .
Өндірістік практиканың мақсаты оқытылатын мамандық бойынша негізгі құзырлықты бекіту , кәсіби қызметтегі тәжірибелік дағды мен машықты қалыптастыру .