Cuscuta campectis
«Жатаған у кекіре» Горчак ползучий (розовый)
Acroptilon repens (L.)
«Жусан жапырақты ойраншөп» Амброзия полыннолистная
Ambrosia artemisiifolia L
«Қоңыр мәрмәр қатесі» Коричнево-мраморный клоп (HalyomorphahalysStål.)- 2020 жылы анықталды.
Талғар ауданында жиі кездесетін аса қауіпті зиянды организмдер:
«Итальяндық прус»
«Саяқ шегірткелер»
«Өрмекші кене»
«Колорадо коңызы»
Жоғарыда аталған аса қауіпті және зиянды организмдер мен карантинді объектілерді ауыл шаруашылығы жерлерінде анықтау жұмыстарын ҚР АШМ АӨК МИК «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ-ның филиалындағы мамандар мен маусымдық анықтаушылар жүргізеді. Олар карантиндік нысандарды, аса қауіпті және зиянды организмдердің таралу ошақтарын, көлемін анықтайды. Сондай-ақ, зиянкестерді оқшаулау және жою мақсатында егістіктерді, бақтарды, питомниктерді, көлік және коммуникация жерлерін талдап, зерттейді.Мен карантиндік ауру Жеміс ағаштарының бактериалды күйігінің Талғар ауданында таралуына анықтау жұмыстарын жүргіздім.
Жеміс ағаштарының бактериалды күйігі . Бұл карантиндік ауру басқа жеміс ағаштарының ауруынан өзгеше. Өйткені, бұл ауру инфекциялық бактериялармен таралады. Ауру ағаштар түбірімен қурап, өртенген ағаштардың кейпін келтіреді және бүкіл бір бақ осы аурудан күйіп, біржолата жоғалады. Аурудың шыққан отаны – Солтүстік Америка. Оның қауіпті саналатыны, ауру тез таралады және онымен күресу өте қиын.
Жеміс күйігімен көбіне алма, алмұрт, шетен, долана, алхоры мен бұтақты өсімдіктер түрлері зақымданады. Сонымен қатар, таңқурай, шие, өрік, шабдалы және сәндік өсімдіктер де залалданып, ауру ошақтарының біріне айналады. Бактерия – ағаштардың барлық бөліктерін-өркендерін, жапырақтарын, жемістерін, бұтақтарын зақымдайды. Сөйтіп, ауруға шалдыққан ағаштар қарайып, жапырақтары, жемістері солып, ағаштан түспей ілініп тұрады. Жапырақтар шетінен бастап, кейін қызыл-қоңыр түске айналып, вегетацияның соңына дейін ағашта сақталады. Ағаш қабығында қара-қоңыр, қызыл түсті сулы дақтар пайда болып, қабық жұмсарып, кейін бұтақтар мен ағаштар кеуіп, қурап қалады. Залалданған жеміс бетінде алғашында сулы жасыл, кейін қызыл-қоңыр дақтарда ақшыл және сары түсті экссудат түзіледі. Таралу жолдары – насекомдармен, құстармен, әсіресе, бактерия экссудатымен қоректенетін аралар, соналар, сондай-ақ, көшеттер.
Бактериалды күйіктің қоздырғыштары суыққа төзімді, сол себептен залалданған өсімдікте қыстап шығады. Ауруға шалдыққан ағаштар 1-2 жылда түгел жойылады. Сол себептен аурудың алғашқы белгілері байқалса, тез арада ауру тарап кетпеу үшін алдын-алу шараларын жүргізу қажет.
Алдын-алу шаралары (күресу шаралары):
1. Ағашты бүршік жарғаннан бастап, жеміс пайда болғанға дейін 3 пайыз бордос немесе антибиотиктік сұйықтықтармен дәрілеуге болады.
2. Ауру бұтақтарды зақымданған жерінен 20-25 см. төмен кесіп алып тастайды және пайдаланылған құрал-жабдықтарды міндетті түрде залалсыздандырып отыру (дезинфекция) қажет.
3. Аурумен заладанған ағаштарды тамырымен қазып алып, жою қажет.
Ожог плодовых деревьев
Erwinia amylovara
Жеміс дақылдарының бактериалы күйігі
Бүгінгі куні Талғар ауданында Жеміс дақылдарының бактериалы күйігімен залалданған аумақ 193,91 гектарды құрайды, биылғы жылы 29,18 аурумен зақымдалған жаңа ошақтары анықталды.
Алатауский а/о
ШҚ «Зеленская А» - 1,2 га
ШҚ«Пушилина Г» - 0,83га
ШҚ«Идрисов К.» - 3 га
ЖК«Курманаева» - 3 га
ШҚ «Есимханов Е» – 6,2 га
ШҚ «Алмабеков С» – 1 га
ШҚ«Радик » – 1 га
ШҚ«Рыскулов Ж» – 1 га
ШҚ«Отырбаев» – 1 га
ШҚ «Тлеукеева» – 0,5 га
ШҚ«Тураманов С» – 0,5 га
ШҚ«Искаков К» – 7,2 га
Белбулакский а/о
ШҚ Таирова Д. – 8 га
Достарыңызбен бөлісу: |