Негізгі бөлім Карантиннің даму тарихы



Дата08.02.2020
өлшемі313 Kb.
#57438
Байланысты:
хим.защита кейс111

Жоспар:

  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім

  1. Карантиннің даму тарихы.

  2. Сыртқы және ішкі карантин.

  3. Карантиндік шаралар

  4. Карантиндік объектілерді айқындау және жою.

  1. Қорытынды

  2. Пайдаланылған әдебиеттер

Тапсырмалар

Сөзжұмбақ

Глоссарий

Кіріспе

Карантин — ауру ошағын толық оңашалау және ондағы ауруды толық жоюды қарастыратын шаралар жүйесі. Карантин (итал. quarantena, quaranta gіornі – қырық күн), уақытша тыйым салу – жұқпалы ауруларға шалдыққан немесе сол індеттер бойынша күдікті адамдар мен жануарларды жұқпалы аурулардан сақтауға, сол аурулардың жан-жаққа таралмауы үшін алдын ала жүргізілетін әкімшілік, медициналық-санитариялық, ветеринариялық-санитариялық кешенді шаралар жүйесі. ҚР-н карантиндік және аса қауіпті өсімдіктер зиянкестері, аурулары, арамшөптерін қорғау үлкен маңызға ие. Шет елдерден келген және таралып кеткен осы зиянды организмдер елімізге орасан зор экономикалық зиян келтіреді. Осындай келеңсіз жағдайларды болдырмас үшін елімізде өсімдіктер карантині жүйесі құрылып, арнаулы өсімдіктер карантині заңымен бекітілді. Сонымен қатар ҚР-сы территориясын карантиндік және аса қауіпті зиянкестерден қорғау мақсатында шекара бекеттерінде, кедендерде және облыс аудан орталықтарында мемлекеттік бақылау органдары жұмыс істейді және осы зиянды организмдерді анықталған жағдайларда жою үшін Фитосанитария мекемесі құрылып республикамыздың әр аймақтарында республикалық карантиндік сараптама зертқаналары жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта ҚР-да оннан астам карантиндік организмдер таралып үлгерген.

Негізгі бөлім



Карантиннің даму тарихы.

Мемлекет аумағын немесе оның жеке бір бөлігін карантинді аурулар мен зиянкестер және арамшөптердің таралуынан сақтау үшін ұйымдастырылады. Осыған байланысты ол сыртқы және ішкі карантин болып екіге бөлінеді. Сыртқы карантиннің негізгі мақсаты – еліміздің аумағын карантиндік маңызы бар нысандардан қорғау. Осы мақсат үшін шет елдермен шекаралардағы арнайы бекеттерде елімізге әкелініп жатқан өсімдік өнімдерінің (дән, жеміс-жидек, орман және жеміс ағаштары, сәндік дақылдардың көшеттері мен тұқымдары, т.б.) барлығы карантиндік тексеруден өтеді. Оларды басқа елге тасымалдау үшін арнайы карантиндік сертификат болуы қажет. Карантиндік нысандардың бірі байқалған жағдайда барлық жүк зарарсыздандырылады немесе жойылып жіберіледі, жіберілген елге кері қайтарылады. Әр мемлекет үшін карантиндік нысандардың тізімдері жасалынып, бекітіледі. Қазақстанда оларға бунақ денелілерден колорадо және капр қоңыздары, комсток құрты, қан-қызыл біте, американың ақ көбелегі; аурулардан – үнді қаракүйесі, күріштің бактериоздары, жүгерінің гельминтоспориоздары, арпаның сарғыш қуыршақтануы, қашқаргүлдің бұйралануы; ал арамшөптерден – сары шырмауық, кекіре, жабайы күнбағыс, т.б. жатады. Ішкі карантиннің негізгі мақсаты – республика аумағында кездесетін, бірақ та әлі аса кең тарала қоймаған зиянды нысандарды жою және әрі қарай таралуын шектеу. Карантин шараларын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірінің өсімдіктерді қорғау және карантин департаменті “Өсімдіктер карантині туралы” заңды басшылыққа ала отырып жүргізеді.



Карантиндік шаралар. ҚР-на таралып кетуіне жол бермеу мақсатында және таралған зиянды организмдерді жою мақсатында карантиндік шаралар жүйесі іске асырылды.

  • Жыл сайын төмендеуге объектілер тексерістен өтуі тиіс:

  • Территориялар, қоймалар, элеваторлар өңдеу өнеркәсіп орындары ауыл шаруашылық өнімдері мен шикізаттары

  • Тұқым шаруашылықтары питомниктер ғылыми зерттеу мекемелері, тұқым учаскілері себу және отырғызу материалдары

  • Барлық ауыл шаруашылқ дақылдары егістер және шеттен әкелінген ген тұқымдары

  • Карантиндік объектілерді анықтау мақсатында еліміздің солтүстік аумақтарында екі рет оңтүстік аймақтарында 4 рет тексерілуден өткізілуі тиіс, ал жылы қоймаларды тексеру әр квартал сайын өткізілуі тиіс. Елімізге сырттан әкелінген барлық өсімдіктектес материалдарды ауыл шаруашылық дақылдардың тұқымдарын қапшықтарды тексеріп, сараптама жүргізу мақсатында шекара аймақтарында карантиндік тексеру орындары жұмыс істеуде.

ҚР-да әкелінетін жүк көліктерін бақылауға алу жүйесі. ҚР-на өтетін барлық жүк көліктері түгелдей тексерістен өтуі тиіс. Барлық әкелінетін жүктерге халықаралық стандартқа сай фитосанитарлық сертификат болуы тиіс. Фитосанитарлық сертификат әрбір мемлекеттің карантиндік тексеру мемлекеттері тасымалданатын жүкті тексеріп барып және импорттық карантиндік рұқсат қағаздары арқылы беріледі және бұл құжат халықаралық конвенсияға сәйкес ағылшын тілінде толтырылады. Фитосанитарлық сертификатына жүктің карантиндік жағдайы тексеріліп болғаннан кейін толтырылады. ҚР-на шет елдерден жүктер карантиндік рұқсат қағаздарымен фитосанитарлық сертификаттары болған жағдайда өткізіледі. Ол жүк көліктерінің жолдама қағазадарымен қоса болуы тиіс. ҚР-на аумағына карантиндік және аса қауіпті өсімдіктердің зиянкестері аурулары және арамшөптер тұқымдары шекара аумағында немесе шекара аймағындағы аудандарға зиянкестер өз аяғымен өтіп кету жағдайлары болып тұрады. Сол себепті шекара маңында қызмет істейтін өсімдіктер карантині жөнінде жауапты адамдар үнемі ереже бойынша 3 км-лік аумақты тексеруден және зиянды организмдер анықталған жағдайда жергілікті басқару мекемелеріне хабарлама беріп, карантиндік шаралар қолданылуы тиіс.

Карантиндік аурулар зиянкестер және арамшөп тұқымдары шет елдерден теңіз кемелері автомобильдер және жүк көліктері арқылы жабысып өтіп кету жағдайлары кездеседі. Сол себепті осы жүктерді транспорт құралдарын шекарадан өтер кезде шекара жәнек кеден қызметкерлерімен бірлесе отырып, тексеру жұмыстарын жүргізіледі. Әрбір жүктерден тұқымдардан тексеру әдістемесіне сәйкес орта үлгі алып, карантиндік зертханаға сараптама жасау үшін жіберіледі. Жүктердің құжаттарына фитосанитарлық сертификаттарына жүкті жеткізілу жерінде екінші рет карантиндік тексеруге белгі соғылып, рұқсат етіледі. Егерде карантиндік объектілер шекарада анықталған жағдайда жүк көліктері өткізілмейді. Арнайы актілер жасалынып кері қайтарылады. Сонымен қатар кейбір жүктер карантиндік рұқсат қағазына сәйкес фумигациядан өткізілуі тиіс. Осылай жүкті газ арқылы заласыздандырып өткізіледі. Шет елдерде бізге өтіп кеткен калифорния қалқаншасы колорадо қоңызы, америкалық ақ көбелек осы әдістеме өтіп кетіп, біздің топырақ климат жағдайларымызға тез бейімделіп егіс дақылдарына орасан зор экономикалық шығын әкелуде.

Өсімдік карантині еліміздің өсімдік байлығын аса кауіпті карантин зиянкестері мен ауру қоздырғыштардан және арамшөптерден қорғау үшін олардың басқа мемлекеттерден біздің елге әкелінбеуін және еніп кетпеуін қадағалауға, ал карантин нысандары еніп кеткен жағдайда олардың ошақтарын шектеуге және жоюга бағытталған мемлекеттік шаралар жүйесін алдын-ала қарастырады. Аталмыш міндеттергс байланысты сыртқы және ішкі карантин болып екіге бөлінеді.

Сыртқы карантин - шетелдерден карантиндік нысандардың енбеуін қамтамасыз ету шараларын қарастырады.

Ішкі каратині - карантиндік зиянды ағзалардың бір шаруашылықтан екінші шаруашылыққа, бір ауданнан екінші ауданға, т.б. таралмау шараларын қарастырады.

Карантинді нысандар табылған жағдайда материалдар зарарсыздандырылады немесе жойылады да , басқа шаруашылыктарға тасымалдануы шектеледі. Қазіргі кезде Казақстан әлемінің 100-ден астам елдерімен сауда қатынаста жәнс жыл сайын үлкен көлемде карантиндік жүктерді тасымалдайды. Осы айтылғанға орай, Қазақстанға жергілікті жерде жок әр түрлі зиянкестер, ауру қоздырғыштар мен арамшөптердің түрлерінің тасымалдану қаупі бар. Қазақстан аумағына карантиндік ағзалардың тасымалдануының негізгі көздері импорттық тұкымдар, отырғызылатын көшеттер, гүлдер, сәндік және құрылыс материалдары және т.б.

Қазіргі кезде Қазақстанда карантиндік нысандардың 12 түрі таралған болса, Ресейде 30-40-тан астам, ал көрші Қытай елінде 100-ден аса түрлері таралғандығы белгілі. Соңғы жылдары елімізде мынадай карантиндік түрлер; американдық ақ көбелек, астық дақылдарының бактериозы және баскалар табылды.

Қазақстан Республикасының аумағына карантиндік нысандардың шет елдерден енуінен және олардың ел ішіне таралуынан қорғау үшін оларды мезгілінде оқшаулау және енген зиянды ағзаларды жою мақсатымен мемлекеттік карантиндік бақылау жүйесі үйымдастырылған.



Ұйымдастыру шаруашылык шаралары - зиянды ағзалармен күресуге бағытталған маңызды шаралар. Онда өсімдікті қорғаудың жедел жоспары да қарастырылған болады. Жоспарды құру кезінде мыналар ескеріледі:

- зиянкестердің, аурулардың жәнс арамшөптердің нақты түрлерінің байқалуының қысқа және ұзақ мерзімді болжамдары ескеріліп, олардың таралуы мүмкін болатын көлемі көрсетіледі;

- өсімдік қорғау құралының түрі, шығын мөлшері, қолдану тәсілі мен мерзімі, қайталануы және жалпы сұраныстық көлемі;

- қажетті арнаулы киімдер мен жеке қорғану құралының саны;

-арнаулы аппаратуралардың, көлік құралдарының түрлеріне қара жұмыстардың көлемі және оларға сұраныс;

- биологиялық жолмен қорғауға қажетті энтомофагтардын саны, т.б.

Өсімдік қорғау жұмыстарын атқаруға жауапты адамның басқарумен звено немесе бригада ұйымдастыру қарастырылады. Қорғау шараларының көлемін жоспарлау үшін күзде зиянды ағзаның қыстаушы стадиясының таралған жер көлемі анықталады. Көктемде қыстап шыққан дарактарының санын анықтау үшін және жоспарға толықтыру, енгізу мақсатымен қосымша зерттеулср жүргізіледі.
Агротехникалык шаралар. Бұл тәсіл өсімдіктер мен зиянды ағзалардың және сыртқы ортаның арасындағы өзара қарым-қатынастарға байланысты негізделген. Агротехникалық шаралар дегеніміз нақтылы бір дақылды өндіру және баптау, сол арқылы зиянкестердің, аурулардың және арамшөптердің тіршілік жағдайларына әсер етуге болады. Сөйтіп, өнімге зиянды ағзалардың келтіретін шығынын төмендетуге немесе оның сапасы мен шығынын мүлдем болдырмауға мүмкіндік туады. Сенсорлық жолмен өсімдіктердің аурулары мен зиянкестеріне төзімді сорттарын өндіру зиянды ағзалармен күресудің ең маңызды бағыттарының бірі болып саналады. Мәселен, астық егеуіштерінің дернәсілдері бидайдың бітеу сабақты сорттарын аз зақымдайды. Ондай сабақтың ішінде дернәсілдің қозғалуы қиындайды. Күнбағыстың сауытты сорттарын күнбағыс көбелегінің жұлдызқұрттары зақымдай алмайды. Өйткені бұл сорттардың тұқымының қабығында жұлдызқұрттар кеміре алмайтын қ:атты қабыршақты қабат болады. Сондықтан зиянкес күнбағыс зәмбілінің түбін, орамжапырақшаларын кеміріп жеуге мәжбүр болады да, оның өніміне зиян келтірмсйді. Сөйтіп, агротехникалық тәсіл көпшілік жағдайда сақтық шара болып саналады. Бірақ кейде ол зиянкестерге тікелей әсер етіп, зиянды ағзалардың қырылуына әкеліп соқтырады.

Өсімдік қорғау тұрғысынан қарағанда, агротехникалық шаралардың ішіндегі өте маңызды рол атқаратындары - ауыспалы егіс тәртібін сақтау, топырақты өңдеу, тыңайтқыштарды қолдану , арамшөптермен күресу, егінді егу және жинаудың тәсілі және мерзімі жатады.



Биологиялық шаралары. 1971 жылы қабылданған Халықаралық күрес ұйымының жарғысы бойынша зиянды ағзалардың зақымдануынан болатын шығынды азайту үшін немесе оны болдырмау үшін тірі ағзаларды немесе олардың тіршілік әрекеттерінің өнімдерін пайдалануды биологиялық күрес тәсілі деп атайды.

Зиянкестермен күресуде қолданылатын тірі ағзаларға олардың табиғи жаулары;

Бунақденелілер мен кенелердің жырқыш және тоғышар түрлері, нематодтар мен қарапайымдылардың тоғышар түрлері, сүт қоректілер мен құстардың жыртқыш түрлері, ауру қоздырғыштар - вирустар, бактериялар, саңырауқұлақтар жатады. Ал тірі ағзалардың тіршілік өнімдерінен қолданылатындар; феромондар, гормондар және олардың синтетикалык аналогтері, биопрепараттар және т.б.

Зиянкестердің табиғи жауларын биологиялык күресте қолданудың мынадай жолдары бар; интродукция және жерсіндіру, ареал ішінде тарату, маусымды шоғырландыру ( колонизациялау). Интродукция және акклиматизация немесе жерсіндіру.

Жерсіндіру жағдайында энтомофагтарды бір аймақтан олар кездеспейтін екінші аймаққа әкеліп жібереді, сөйтіп сол биоценозды жаңа пайдалы жәндікпен молайтады.

Жерсіндіру әдісі ерте кезде басқа бір континенттерден «алып» келген зиянкестерге қарсы олардың «отанынан» әкелінген табиғи жауларын пайдалануға негізделген. Мысалы, 1880 жылдары Калифорнияда цитрус ағаштары ицерия деген сорғыш насекомның қазымдануынан құрып бітуге айналды. Ицерияга тіпті улы препараттар да әсер етпейді. Кейбір фермерлер бұл зиянкестен құтылу үшін өздерінің цитрус бақтарын түгелдей қырқып тастады.

1988 жылы родолияны Калифорнияға алып келіп, цитрус бақтарына жібереді. Родолия

болады.


Ареал ішінде тарату жергілікті энтомофагтарды бір жерден екінші бір жерге (зиянкестің өте көбейіп кеткен жерлеріне) жіберу арқылы пайдалануга негізделген. Бұл әдіс Ленинград қаласындағы Бүкілодақтық өсімдік қоргау институтында зерттеліп, шай

өсімдіктерінің зиянкесіне қарсы хипераспис деген жыртқыш қоңызды пайдалану барысында іске асырылды.

Краснодар өлкесінде шай өсімдігіне пульванария деген насеком өте қатты келтіреді. Ол шайдың өнімділігін 40% дейін төмендетеді. Зиянкес таудың қия беткейінде өсетін ағаштарда өсіп-өнеді.

Бұл жерлерде зиянкестің сан мөлшерін оларға икемделген хипераснис жыртқыш қоңызы тежеп тұрады. Кейінгі кездері тау бөктерлерін кеңінен игеруге байланысты, пульванария шай өсімдігінде жаппай көбейіп, шаруашылыққа қатты зиянын тигізді. Сондықтан хиперасписті таулардан жинап, мәдени шай плантацияларындағы зиянкеске қарсы жіберу өте жақсы нәтиже берді. Қоныстандырылғаннан кейін бір-екі жыл өткен соң жырткыш қоңыз, пульвинарияның 80-90% жеп тауысты. Қазіргі кезде ол шай плантацияларының барлығын дерлік таралған. Жыртқышты жіберу нормасы бір гектарга 1000 қоңыздан.



Маусымды (колониазациялау) шоғырландыру энтамофагтарды табиғатқа зиянкестердің өсіп-өнуінің бас кезінде, алдын ала жіберуге негізделген. Ол үшін пайдалы жәндіктерді арнаулы биологиялык лабораторияларда (биофабрикаларда) жаппай қолдан өсіреді де, одан соң оларды жыл сайын зиянкестер шыққан кезде егістік жерлерге, жеміс бақтарына, көкөніс плантацияларына, теплицаларға таратып жібереді. Бұл әдіс әсіресе көпқоректі энтомофагтарды пайдаланғанда жиі қолданылады. Энтомофагтарды маусымды колонизациялау әдісі іс жүзінде айтарлықтай табыстарға жеткізді. Бұған дәлел ретінде Совет Одағында трихограмманың бірнеше түрлерін және зияиды бақашық қандалаларының жұмыртка жегілері - теленоминдерді пайдалануға айтуға болады.

Этномофантардың пәрменділігін арттыруда шаруашылық әдістерінің де алатын орны зор, мысалы, егістіктерде энтомофагтар үшін қолайлы, ал зиянкестер үшін қолайсыз жағдайлар жасау керек. Ол үшін агротехникалық және мәдени-шаруашылық шараларды іске асыру, сонымен қатар химиялық күресті энтомофагтардың сан мөлшеріне және олардың пайдалы әрекеттеріне айтарлықтай зияны тимейтіндей дәрежеде үйлестіру жүргізу кажет. Ондай үйлесімділікті мына төмендегі көрсетілген шараларды орындау арқылы қамтамасыз етуге болады: күрсс тәсілдерін бірінен соң бірін кезектестіріп отыру, биологиялық күрес тәсілін қолдану арқылы зиянкестің негізгі қорын жою немесе энтомофагтарға онша зияны тимейтін кезде улы химикаттарды шашылмаған учаскелерде энтомофагтардың шоғырлануына мүмкіндік туғызу, энтомофагтар үшін зиянсыз улы химикаттарды немесе олардың онша қауіпті емес түрлерін пайдалану.



Бунақденелілердің гормондары. Қазіргі кезде белгілі болған гормондардың ішінде қолданылатыны ювениль гормоны және оның аналогтары - ювсноидтар.

Тапсырмалар:

Тапсырмалар

1) Сәйкестендіріңіз;



1.


Химиялық шаралар




Топырақты өңдеу

Ареал ішінде тарату

2.


Биологиялық шаралар

Зооцид қолдану

Пестецидтер қолдану

3.

Агротехникалық шаралар

Тыңайтқыштар қолдану

Интродукция немесе жерсіндіру

Инсектецид қолдану

2) карантиндік нысандардың тізімдерін жаз;

Зиянкестер

Аурулары
















































Сөзжұмбақ:























Х











































И













М



















И


























































Я




1.Нақтылы бір дақылды өндіру және баптау,сол арқылы аурудың және зиянкестерге әсер етеді.

2.Құрамына Бор, мыс , мольибден т.б элементтер жатады.

3.Қолмен немесе топырақ өңдеу құралдармен арамшөп өсімдіктерін жұлу және кесу туралы.

4.Зиянды бунақденелерге қолданылатын препараттар.



5. Жерсіндіру жағдайында энтомофагтарды бір аймақтан олар кездеспейтін екінші аймаққа әкеліп жібереді, сөйтіп сол биоценозды жаңа пайдалы жәндікпен молайтады.

РЕБУС

,, ,, , ,,, ,,

, ,,, ,,


Жауабы: (жүгері)



ГЛОССАРИЙ

1.1 Бөтен текті түр - Қазақстан Республикасының флорасы мен фаунасында жоқ, пайда бола қалған жағдайда елеулі экономикалық және экологиялық залал келтіруі мүмкін жәндіктің, өсімдік ауруларын қоздырушының және арамшөптің түрі;

1.2 жерсіндіру-карантиндік көшеттіктер - импорттық отырғызылатын және тұқымдық материалдағы карантинді объектілердің және басқа да ерекше қауіпті зиянды организмдердің жасырын жұғуын анықтау үшін арнайы жабдықталған көшеттіктер;

1.3 импорттық карантиндік рұқсат - карантинге жатқызылған өнімді уәкілетті орган айқындайтын жағдайларда Қазақстан Республикасына әкелуге рұқсат беретін құжат;

1.4 карантинге жатқызылған өнім - өздері арқылы карантинді объектілерді таратуы мүмкін кез келген материалдар (жүктер);

1.5 карантинді аймақ - карантинді объектінің анықталуына байланысты белгіленген тәртіппен карантинге жатқызылған деп жарияланған аумақ;

1.6 карантинді объект - бекітілген карантиндік түрлер тізбесіне сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында жоқ немесе шектеулі таралған, өсімдіктерге және өсімдік өніміне айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін өсімдіктер зиянкесі, ауруын қоздырғыш немесе арамшөп;

1.7 карантинді объектінің таралу ошағы - карантинді объект анықталған және өсімдік карантині жөнінде іс-шаралар жүзеге асырылуға тиіс немесе жүзеге асырылып жатқан аумақ;

1.8 карантиндік сертификат - мемлекет ішінде тасымалдауға арналған карантинге жатқызылған өнімнің карантиндік жай-күйін куәландыратын құжат;

1.9 карантиндік шара - Қазақстан Республикасының аумағына карантинді объектілердің енуін немесе таралуын болғызбауға бағытталған рәсім;

1.10 өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - өсімдіктер карантині саласындағы басшылықты және мемлекеттік саясатты іске асыруды, сондай-ақ өз өкілеттігі шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

1.11 өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар - карантинді объектілердің таралу ошақтарын анықтау, оқшаулау және жою, залалданған, карантинге жатқызылған өнімді залалсыздандыру, техникалық қайта өңдеу, тазарту және жою, үй-жайлар мен көлік құралдарын залалсыздандыру және тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға және жүргізуге бағытталған мемлекеттік іс-шаралар жүйесі;



1.12 өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорын - Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын мемлекеттік кәсіпорын;

1.13 өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылау - уәкілетті орган жүзеге асыратын, өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралардың және Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасы талалаптарының орындалуын тексеру жөнінд







Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет