Тақырыбы: «Алматыдағы 1986 ж. Желтоқсан көтерілісі: себебі, сипаты, салдары.»
17 желтоқсан күні таңертеңгі сағат 8-де қаладағы Брежнев атындағы алаңға (қазіргі Республика алаңы) саяси тәуелсіздікті талап еткен ұрандармен алғашында 300-дей адам жиналып, кешкісін көтерілісшілер саны 20 мыңға жетті. Бірақ көтерілісшілердің қойған талап-тілектері аяқ асты етіліп, “бұзақыларды” күшпен тарату мақсатында алаңға құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен арнайы әскери күштер тобы жеткізілді. КСРО ІІМ-нің бұйрығы негізінде дайындалған “Құйын — 86” операциясы бойынша көтеріліс қатыгездікпен басып жаншылды.
18 желтоқсан күні алаңға қайта жиналмақ болған көтерілісшілерге қарсы әскер күші қолданылды. Көтерілісшілердің қалған топтарын ығыстыру үшін жедел отряд, милиция мен жасақшылардан арнайы топтар құрылып, қала көшелеріне аттандырылды.Осы әскери күштер 19 желтоқсан күні қаланың әр тұсында қайтадан шеруге шықпақ болған 6 топты басып, таратты. Алаңдағы көтерілісшілер таратылған соң ішкі істер бөлімдеріне 2401 адам жеткізілген (Алматы түрмесіне сыймағандықтан, қала сыртына апарып тасталғандарды қосып есептегенде барлығы 8,5 мың адам ұсталған). Желтоқсан көтерілісі құрбандарының қатарында Е.Сыпатаев, С.Мұхаметжанова, К.Молданазарова, Қ.Рысқұлбеков, М.Әбдіқұлов,Желтоқсан оқиғалары 1986 жылы 17-18 желтоқсан күндері ғана болған екі күндік қимыл емес. Ол Кеңес Одағының күйреу себептерінен бірі болып, әлемдік тарихта терең із қалдырған күрделі процес. Біздің ойымызша, желтоқсан оқиғаларына қатысқандар ақталған және Кеңестік билік келмеске кеткен 1991 жылға дейінгі бес жылтық үрдісті қамтиды. Оған төрт кезеңге бөліп қарауға болады. Бірінші кезең уақиғалардың пайда болуы, екінші кезең Мәскеудегі биліктің қазақ халқын “ұлтшылдықта” айыптап, Қазақстанда қазақтарға қарсы науқан жүргізуі, үшінші кезең қазақ зиялылары мен депутаттарының Мәскеудің қазақты құрту жөніндегі осы саясатына қарсы іс-қимылдары, төртінші кезең Горбачевтің қателігін мойындап, Колбинді қызметінен алып, орнына қазақ халқының табиғи жетекшісі Нұрсұлтан Назарбаевты тағайындауы, сөйтіп Қазақстанның қайта түлеуінің басталуы.
8 желтоқсанда алаңға 20 мыңдай жастар жиналды. Оларға қарсы Ташкент, Тбилиси, Мәскеуден бас кесер арнаулы әскерлерді дереу жеткізді. Саперлік күрекпен, қамшымен тағы басқада қарулармен жабдықталды. Жастарды тарату мақсатымен өрт сөндіретін машинамен көпшілікке су шашты (Аяз 20-25º). Оларды республиканың барлық қалаларының жастары қостап көтерілді.Мыңдаған студенттер мен жұмысшыларды түрмеге отырғызды. Көпшілігін ұрып-соғып қаланың сыртына апарып тастады. Біразы қашып кетіп өз туған ауылдарында ауруға шалдықты. Өлді. Олардың тізімін ешкімде айта алмайды. Басында олар заң орындарынан қорқып айтпады. Қазір де қорқып айта алмайтындар көп. Мыңдаған студенттер оқудан шығарылды.Алматының республикалық архивіндегі құжаттар бойынша 92 адамның сотталғандары анықталды. Оның ішінде 17 адамның ісі Астананың республикалық ұлттық мұрағатында Л.И.Брежнев атындағы алаңға алғашқы шыққан жастар туралы, сондай-ақ Алматыдады республикалық архивте (1680 қор, 2 тізім, 3364 істің 76 бетінде) мынадай хабарлама бар.1986 жылы 17 желтоқсан күні тәңертеңгі сағат 9-дан 15 минут кеткенде Қазақстан Компартиясының үйіне таяу алаңға бір топ қазақ жастары келді. Шамамен алғанда 600 дей адам жыйналды. Олар әртүрлі өлең айтып трибунаның алдында тұрды. Біраздан кейін қолдарында 5-6 плакаттары бар жастар Орталық партия кемитетіне естілетіндей етіп трибунаның алдынан өтті. Ол транспаранттарда: «Әр халыққа өз көсемі», «Жасасың Ленин идеясы», «Біз ерікті түрдегі одақты қалаймыз, зорлықпен қосылмаймыз». «Ешбір халыққа артықшылық берілмейді», «Жасасын Қазақстан», «Бірінші хатшы қазақ болуын қалаймыз». «Орыс емес» деп айғайлап ысқыра бастады.Желтоқсан көтерілісін аса қатал жауыздықпен талқандаған. Жастарды ұрып соғып алаңнан қуғандары, оларға қарсы қолданған аюан істері туралы, мемлекеттік конституцияны аяққа таптап заңсыздыққа жол берген ішкі істер министрлігінің, прокуратураның, соттың, қауыпсіздік комитетінің басшыларын жауапқа тартуды талап еткен арызды беруші қазақстанның азаматтық козғалысының «Азат» атты қоғамының басқармасы және осы көтіріліске қатынасқан, сотталған азамат Х.Қ.Қожа-Ахметтің арызы бойынша Қазақстан республикасы, конституциялық соты Рогов И.И. былай деп мәсімдепті:
Қазақстан республикасының конституциялық соты» мынадай жағдайды тапты. Сол бойынша шешімге келді:ССР кезіндегі Советтер Одағы мен Қазақ ССР-ының басқару мемлекеттік орындардының қабылдаған шешімдерінің конституцияға сәйкес келетіндігін және әкімшілік, сот, заң қорғау орындарының істеріндегі жоғарғы басқарушы адамдардың Алматыдағы желтоқсан уақиғасы кезіндегі іс әрекеттерінің заңдылығын» тексеру туралы конституциалық сот ісі қозғалсын. Міне осы күннен бастап конституциялық соттың комиссиясы мына төмендегі жағдайларды аңықтады:«Желтоқсан көтерілісі кезіндегі заңсыздықтар туралы конституция сотына арыз түсті. Соның қортындысы туралы мынадай қысқаша хабарлама берейін.1986 жылғы желтоқсан көтерілісіне байланысты – 99 адам сотталды оның - 91 ісін таптым, ал Асанбай Асқаров мен Бекежановтың ісі Фрунзе де деп бермеді, қалған 5-уының ісі белгісіз үш адам еріксіз емделуге жіберілді