4. Алмұртты пен Алманың қыс мезгіліне сақтау амалдары
3.Қорытынды бөлім
Кіріспе
Алмұрт пен Алма
Алмалар тұқымдасына жататын жемісті өсімдіктердін бір туысы. Алмұрт көбінесе үлкен ағаш, кейде ұзын бұта болып өседі. Алмұрт – раушангүлдер тұқымдасына жататын жемісті өсімдік. Табиғатта 18 түрі бар. Сұрпына қарай биіктігі 2-3 метр аралығында болады. Өмір сүру ұзақтығы 50-80 жыл, кейбір түрлері 150-300 жылға дейін өмір сүреді. 8-10 жылдан кейін жеміс береді. Жапырақтары жұмыртқа пішінді немесе домалақ, ұштары үшкірлеу, ұзындығы 3-7 см. Алмұрттың гүлдеуі сәуір, мамыр айларында, жапырақтары шыға бастаған кезде басталады. Гүлдері ақ, хош иісті, жәндіктерді өзіне тартады. Бір алмұрт ағашынан 10 кг-нан 40 кг-ға дейін жеміс алуға болады. Жарық жерде жақсы өседі, көлеңкеге де шыдамды, бірақ көлеңкеде өссе, жемісті аз береді. Қысқа өте төзімді. 20 жылдан астам өмірінің ішінде бұған аяздың тигізген әсері байқалған емес.
Кіріспе
Алмұрт пен Алма
Алма (лат. malus) — раушан гүлділер тұқымдасына жататын, өте кең тараған жеміс ағашы. Табиғи алманың жер шарында 36 түрі белгілі, олардың 10 — 12 - сінің шаруашылықтың маңызы бар. Қазақстанда, негізінен, Сиверс алмасы, Недзвецкий, қырғыз алмасы өседі. Алманың жаздық, күздік, қыстық сорттары бар. Алма ағашының өмір сүру ұзақтығы 20 — 100 жыл, биіктігі 3 — 10 м болады. 3 — 12 жылда жеміс береді, әр гектардан шамамен 100 — 300 ц өнім алынады. Тұқымынан және өсімді (вегетативті) жолмен көбейеді. Тұқымынан көбейту бұлама алуда және селекцияда қолданылады.
Алмұрттың ағашы құрт-құмырсқаға да, паразитсаңырауқұлақтарға да бой бермейтін төзімді келеді. Жемісінің өздігінен зақымданған жері тез жазылып кетеді. Жемісін қыркүйектің аяғында жинайды, сәуірге дейін сақтауға келеді. Дүние жүзінде 18-ге жуық түрі белгілі. Олар ауа райы қоңыржай және субтропикалық аймақтарда өседі. Қазақстанда кәдімгі алмұрт немесе орман алмұрты, Регель алмұрты, құлжа алмұрты немесе кеш пісетін алмұрт деген түрлері бар. Алмұрт көп күтімді қажет етпейді, жылу сүйгіш, суыққа төзімсіз ағаш. Биікт. 2-3 м болады. Бұтақ шоғырының аумағы жалпақ, пирамида тәрізді. Жапырағы жұмыртқа пішінді, түксіз, жылтыр. Гүлі ақ, қызғылт, сарғыш, кейде қызыл түсті, гүлтабақшасына шоғырланған. Жемісі — сары, жасыл не қызғылт түсті сопақша келеді. Салмағы 20-300 гр-дай. Алмұрт отырғызылғаннан кейін 4-5 жылда жеміс бере бастайды, 50-100 жылдай өседі.
Қазақстанда алманың 40 - тан астам сорттары аудандастырылған, оның 20 - сын (Салтанат, Іле, Алатау шапағы, Алматы т. б.) қазақ селекционерлері өсіріп шығарған. Алма жемісі тасымалдауға, сақтауға жарамды, тағамдық заттарға бай, дәмді келеді, әрі жақсы өңделеді. Алманың жер шарында 36 түрі бар. Қазақстанда алманың «апорт», «сиверс», «недзвецкий», қырғыз алмасы өседі. Алманың отаны — Орталық Азия. Сұрпына қарай, алманың өмір сүру ұзақтығы да әртүрлі. Олар 20 жылдан 100 жылға дейін өсе беруі мүмкін. Алма ағашы еккен сәттен бастап гүлдемейді, оны отырғызған соң 3 - 12 жыл ішінде жеміс бере бастайды. Сонымен қатар, оның жаздық, күздік, қыстық сұрыптары болады. Яғни, қысқы сорттары жылдың суық мезгілінде де алмасын бере алады. Алма ағашының сұрыптарына қарай өмір сүру ұзақтығы 20 - 100 жыл, биіктігі 3 - 10 м аралығында жеміс береді. Жаздық, күздік, қыстық сұрыптары болады.
Мәдени сорттарын ұластыру арқылы өсіреді. Қазақстанда 14 сорты аудандастырылған, оның Орман аруы, Талғар аруы, хош иісті Алмұрт, деген сорттары кең тараған. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында өсіріледі. Өсімдік зиянкестеріне төзімді, көбіне ауруға шалдықпайды. Алмұрт – бағалы ағаш, гүлінен аралар бал жинайды. Жемісінің құрамында 80-84,3% су, 10-13% қант, глюкоза, фруктоза, сахароза, 0,1-0,6% қышқыл, илік және 0,4% азотты заттар, В, С витаминдері, каротин болады. Одан тосап, шарап т.б. сусындар дайындалады. Алмұрттың негізгі зиянкестері мен аурулары — бүрге шіркейі, Алмұрт биті, Алмұрт көк көбелегі, тазқотыр т.б.
1.Алмұрттың пайдасы Алмұрттың пайдасы көп. Қан қысымын түсіреді, ағзаның радиацияға қарсы күшін арттырады. Алмұрттың қышқыл сорты сусамыр мен семіздікке, ал тәтті түрлері бүйректегі тасты түсіруге көмектеседі. Денсаулықты жақсарту үшін күніне бір алмұрттан кем жемеу керек. Қаны аз адамдар күніне 400-600 грамм алмұрт жеуі абзал. Бүйректе тас пайда болудың алдын алу үшін алмұрттың құрғақ қабығын ұнтақтап, бір стақан ыстық суға араластырып, үш рет бір ас қасықтан бір ай бойына тамақтан жарты сағат бұрын ішеді. Бір апталық үзілістен кейін емді қайта бастауға болады. Жөтелдің алдын алу үшін ұсақтап туралған құрғақ алмұртты қайнаған сумен араластырып, 5 минут отта ұстайды. Одан соң жарты сағат суытып қояды. Тұнбаға бір ас қасық бал қосып, жарты стақаннан күніне үш реттен тамақтан жарты сағат бұрын ішу керек.
1.Алманың пайдасы
Ғалымдардың айтуынша, алма жемісі әйелдердің жас көрінуіне септігін тигізеді екен. Тіпті, нәзік жандыларды ол 17 жылға дейін жасартуы ғажап емес. +
Күн сайын алма жеген адамның ағзасы жасарып, қартаю процесі ақырын жүреді. Ғалымдардың соңғы зерттеуі осыған дәлел. Жемістің құрамындағы дәрумендер мен өзге де элементтер әсіресе қыз баласына пайдалы көрінеді.+
Мамандардың айтуынша, алманы тұрақты түрде жейтін адамның терісі мен ағзасындағы зиянкес микробтар жойылып, жағымсыз процестердің жүруі бәсеңдейді. Оған басты себеп, жемістің құрамында флавоноид және полифенол заттары көптеп кездеседі екен. Бұл элементтер жүректің жұмыс істеуін жақсартып, қартаю процесін тежейді. Аталған зерттеу барысында анықталғаны, алма әйелдерді 17 жылға жасартады екен. Бұл ретте тек сыртқы келбеті сұлуланбай, нәзік жандылардың бүкіл ішкі құрылысы да жасаратын көрінеді.+
Нью-Йорк университеті ғалымдарының айтуынша, күніне 1 жаңа үзілген алма жеген адамның ағзасында қатерлі ісік ауруына шалдығу қаупі төмендейді
Зат алмасуды жақсарту үшін төрт-бес алмұртты ұсақтап турап, бір литр су құйып, 10 минут қайнатады. Тұнбаны шай ретінде ішу керек. Зат алмасудың бұзылуы негізінде буынның салқын тиіп ауруы кезінде алмұрттың екі ас қасық құрғақ қабығын жарты литр қайнаған суға салып, 5 минут қайнатады. Қоспаны 15-20 минут тұндырып, жылы күйінде күніне үш рет жарты стақаннан тамақтанардан 10-15 минут бұрын ішеді. Оның шырыны несепті айдау үшін өте пайдалы. Алмұрт шырынын қуыққа тас байланғанда да ішеді. Алмұрттың шырыны мен тұндырмасы несептің бөлінуін күшейтіп қана қоймай, түсін де ашып, бактерияларды жоюға әсер етеді. Оның азықтық, шипалық қасиеті мол. Алмаға қарағанда алмұртта жасуық мөлшері көбірек, сол себепті тәнге баяу сіңеді. Алмұрт тәтті болғанымен, оның құрамындағы қант мөлшеріалма, өрік сияқты жемістерге қарағанда аз.
Алмұрт – суық тию, өкпе және қан тамыр аурулары кезінде таптырмайтын ем. Жүйке жүйесі және ас қорыту жұмысын жақсартады. Алмұрттың бірқатар сорттары йодқа бай. Сондықтан алмұртты йод тапшылығына душар болған жандар күнделікті пайдаланғаны жөн. Бүгінде емдік қасиетке бай алмұрт ағашының жапырақтары мен дәнін кейбір дәрілерге қосады. Кепкен алмұрт жемісімен қант диабеті, бауыр, бүйрек, өт, жүрек және инфекциялық ауруларын емдейді. Алмұртты көп мөлшерде аяғы ауыр келіншектер, емізетін аналар және балалардың пайдаланғаны жөн. Себебі, жеміс құрамындағы калий сүйек, тырнақ, шаш өсімін жақсартып, қан құрамындағы гемоглобин мөлшерін көбейтеді. Ал артық салмақтан арылғысы келетін жандар күніне 3 стакан алмұрт шырынын (не кепкен жемістерден қайнатылған компот) ішкені абзал.Алмұрттың нәрлілігін естен шығаруға болмайды. Ол ас қорыту жүйесін жақсартады, иммундық жүйені реттейді, салмақ түсіреді. Нәрлілік жүрек-қан тамырларының жүйесін жақсартады, қантты реттеп, денеден уытты заттарды шығарады. Оның шырындылығы (84 пайыз су) барлық жүйенің жақсы жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
3. Алмұрт жайлы қызықты деректер. Алмұрт ағашы әуелі Ежелгі Қытай жеріндегі Кунь-Лунь тауында пайда болған. Қытай халқы алмұрт «ұзақ ғұмыр мен үлкен махаббаттың нышаны» деп есептеген. Алмұрт ағашының діңгегі қатты, тамырлары терең және ол жүз жыл жасайды. Мереке күндері олар бір-біріне піскен жеміс немесе алмұрт ағашының бұтақтарын сыйға тартқан. Сондай-ақ, ертеде алмұрт «нәзік жеміс» деп атаған. Себебі, ол пішіні жағынан әйел затының сыртқы келбетіне ұқсас келеді. Ежелгі Грекияда алмұрт сый-құрмет белгісі болған. Гректер алмұрт жемісін «Құдайлар асы»деп атаған. Себебі, алмұрт ағашы биік әрі бұтақтарын кең жайған. Алмұрт тек махаббат, нәзіктік, сыйластық белгісі ғана емес, денсаулық нышаны да болған. Ертеде алмұрт ағашының жапырақтарымен дене жарақаттарын таңған, ал жаңа жемістен жас босанған келіншектерге «күш жинасын» деп дәм таттырған. Уақыт өте келе алмұрт жемісін ғалымдар тереңірек зерттеп, оның құпиясын аша білген.
Есіңізде болсын! Піспеген алмұртты ешуақытта пайдаланбаңыз. Қарт адамдарға қатты әрі қышқыл алмұрт сорттарын пайдалануға болмайды. Себебі, оны асқазан ұзақ қорытады (есесіне өзге ішкі ағза мүшелеріне зақым келеді). Алмұрттан дәм татқан соң, су ішуге, ыстық тамақпен ауқаттануға болмайды. Сондықтан да алмұртты ауқаттан соң, пайдаланыңыз. Алмұртты аш қарынға жеуге болмайды. Оны түскі ас мәзіріне қосқан жөн.
4. Алмұртты қыс мезгіліне сақтау амалдары Бау-бақшаңыз алмұрт өніміне бітік болды делік, алмұрт жемісінің өзін ғана емес құрамындағы пайдалы қасиеттерімен бірге сақтау үшін не істеу керек? Шындығында бәрі оңай – тек кейбір ережелерді сақтасаңыз жеткілікті. Жаңа піскен алмұртты қалай сақтау керек? Алмұрттың барлық сұрпы ұзақ сақтауға келмейді. Жазда пісетін алмұртты ұзақ сақтай алмайсыз, ал күзгі алмұртты құрамындағы дәрумендері мен дәмімен бірге Жаңа жылға дейін ғана сақтай аласыз. Есесіне қысқы алмұрт хош иісі мен пайдалы қасиеттерімен көктемге дейін қуанта алады. Дәл сол үшін қыс мезгіліне әртүрлі сұрыптағы алмұртты таңдаған жөн.
Алмұртты сақтауға дайындық Жаңа піскен алмұртты ұзақ уақытқа сақтардың алдында оларды мұқият сұрыптау қажет. Талдан сәл дүмбілез күйінде алынған, бетінде дағы жоқ, құстар шұқып тастамаған, құрт түспеген, құп-құрғақ, жалпы айтқанда толық бүтін жеміс қана ұзақ сақтауға жарамды. Қалған түсімді, оның ішінде жерге түскен алмұрт тарды өңдеп сақтауға – мысалы, тосап күйінде, компот немесе кептіріп сақтауға болады. Сонымен, алмұрт сұрыпталды және ең жақсы үлгілері таңдалды. Енді оларды тағы бір іріктеп, 3 бөлікке – кішкентай, орташа және үлкен жемістерге бөліп шығу керек. Бұл не үшін қажет: бір ыдыста ірі жемістер мен ұсақтарын сақтауға болмайды, өйткені салмақтылары кішілерін басып тастайды.
Алмұртты сақтайтын ыдысты таңдаймыз Алмұрт сақтайтын ыдыс сыртқы зақымнан қорғай алатын және ауа өткізетіндей болуы қажет. Бұған сәуле түсетіндей тетіктері бар ағаш жәшіктер немесе пластик, тор төрткілдештерден жасалған шәшіктер жарайды. Ең бастысы, ыдыс құрғақ және зең баспаған болуы қажет. Сабанға салынған алмұрт да жақсы сақталады, сонымен қатар мыж қағазға орап (тым құрығанда – газетке), емен немесе үйеңкінің құрғақ жапырақтарын сеуіп сақтауға да болады. Бұған қоса ағаш жоңқасы, пеште қыздырылған құм, қарақұмық қауызы, мұқият кептірілген пішен алмұртқа жақсы қорған бола алады. Қағаздан басқасының амортизациялау түп негізі 2 см-ден кем болмауы тиіс.
Алмұртты қалай орналастыру керек?
Кейбір бағбандар алмұрттарды жәшікке салмас бұрын әр жеміске 2% хлорлы кальций ерітіндісін егу керек деп кеңес береді. Осылай өңделген және кептірілген алмұрт солу процесіне аз ұшырайды деп есептейді. Бірақ негізінде табиғаттың өзі алмұрттың күз бен қыс сұрыптарында ұзақ сақталуына жауап беретін арнайы қабат түзейді. Сондықтан сақтар алдында алмұртты жуу мен сүртуге болмайды, әйтпегенде табиғаттың қорғаныш қабатын бүлдіріп аласыз.
Қапталған алмұртты сақтауға жібермес бұрын, ыдысқа белгі салып қойыңыз, яғни кіші жемістер қайсында, орташасы қайсында және ірілері қайсында сақталғанын белгілеңіз. Және тұтынуды ұсақ жемістерден бастаңыз, өйткені олар ылғалдылығын тез жоғалтады. Кейін ең ірілеріне көшіңіз – олар солуға көбірек бейім. Және тек орташа үлгілері ғана көктемге дейін жақсы сақталады, егер, әрине оны дұрыс сақтасаңыз.
Алмұртты қайда сақтау керек? Алмұрт сақтауға ең қолайлы жер – ауасы жаңарып тұратын жерқойма. Алмұрт сақталған жәшіктерді жерге емес, сөрелерге қою керек. Жанында картоп, сарымсақ пен пияз жәшіктері болмауын қадағалаңыз. Мұндай көкөністермен бірге сақталуы оның хош иісіне кері әсер етеді. Өнімдерді сақтайтын жерқойманың температурасы 0 мен 7 градус аралығында болуы қажет, ал ауаның салыстырмалы ылғалдылығы – 70-80%. Егер жерқоймаңыз болмаса, алмұртты қала пәтері жағдайында сақтап көруге болады. Ол үшін алмұртты жарты килограммнан целлофан пакеттерге салып, аузын байлап, ал жанынан тілік жасап қойыңыз – бұл желдеткіш тетік болады. Пакеттерді ең салқын жерге, мысалы тоңазытқыштың төменгі бөлігіне немесе балкон есігінің түбіне (немесе әйнектелген жылытылмайтын балконға) қойыңыз. Ең бастысы оларға күн сәулесі түспеуі керек. Әрине, сақтаудың мұндай түрі азын-аулақ түсімге ғана жарайды. Бұдан өзге, әйнектелген балконда алмұртты жәшікте, жоғарыда аталып өткен тәсілмен сақтауға болады – сабанға немесе қағазға орап. Екіншісін пайдаланған тіпті ыңғайлы, өйткені бір алмұрт шіри бастаса басқаларына жұқпайды.
.
Ал егер бірнеше килограмм алмұртты жаңа піскен күйінде сақтауға еш мүмкіндік болмаса, онда оны өңдеуге кірісіңіз. Алмұрттан тосап дайындау, компот жасау және кептіру тиімді. Сақталатын алмұрт ұрылмаған болуы керек. Пісе қоймаған алмұртты сақтау, дәмі болмай қалады. Ал тым ұзақ пісіп кеткен алмұрт ұзақ сақталынбайды. Алмұртты ағаш жәшіктерге салып, әрқайсысын жеке жеке қағазға орап сақтау керек. Алмұрттарды тез қарап, арасынан бұзылғандарын теріп, отыру керек. Сорттап жылы жерге кіргізуге болмайды. Сақтаған жерде сорттаған дұрыс. Әр қағазды ашып, тексеріп отыру да оңай емес. Оны пакетке салып сақтауға да болады. Пакеттің сапалысын таңдап, әрқайсысына бес алтаудан артық салмайсыз. Оның бәрін ашып, әуре болмайсыз.
Қорытынды
Алмұрт - иісі жұпар, тәтті дәмі бар, пайдасы мол жеміс. Бұл жемістің пайдалылығы ертеден-ақ белгілі болған. Алмұрт жемісі адам ағзасына көп пайдалы. Көптеген ауруларға ем болады. Тағам ретінде де көп пайдаланады. Алмұрт жемісін өсіру көп пайда келтіреді. Туған жерім айдынды Алакөл жерінде алмұрт жемісін өсіруге барлық жағдай бар екендігін зерделей келе, болашақта ауыл азаматтары алмұрт өсірумен айналысса, елімізге көп пайда келтіреді деп ойлаймын. Мен де өз үлесімді қосар едім.
Мен алмұртпын,алмұртпын, Аузындамын бар жұрттың. Қарап ұқсас сұрқыма, Ұқсатты алма тұрқына. Біздің жеміс деп мұны, Мақтанар грек жұрты да. Қуаң, мейлі, шөл мекен, Ете берер ол мекен. Шырыны мол жеміс бұл, Жеп көр өзің, сенбесең. Тіл үйірілген алмұртпын Таңсығымын бар жұрттың Жақсы өсіре алмайды Қараса егер салғырт кім?
Біздің отбасымыз үлкен. Атам мен әжем саябақты күтіп баптайды, бар мейірімін салады. Саяжайда алма ағашының төрт - бес түрі өседі. Олар «Салтанат, ранет, сиверс, белый налив». Алма ағаштары күтіміне қарай жеміс береді. Алмадан апам шырын, тосап, қант көбейтетін тәттілер жасайды. Мен апам мен атамның отырғызған алма ағаштарын әрі қарай күтіп, баптаймын. Себебі олардың адамға пайдасы зор екенін түсіндім. Сөзімді аяқтай келе .