Алпысов А.Қ. Математиканы оқыту әдістемесі оқу құралы Павлодар, 2012


Математикадан сыныптан тыс жұмыстар, оны өткізу әдістері



бет30/47
Дата23.12.2021
өлшемі328,79 Kb.
#128289
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   47
Байланысты:
Алпысов А.?. Математиканы о?ыту ?дістемесі о?у ??ралы Павлодар,

Математикадан сыныптан тыс жұмыстар, оны өткізу әдістері




    1. Математикадан сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты, мазмұны


және негізгі түрлері.

    1. Математикадан факультативтік жұмыстар.




    1. Математикадан өткізілетін сыныптан тыс жұмыстар – жалпы білім беретін мектептердегі оқу–тәрбие процесінің маңызды құрамдас бөлігі. Математикадан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың негізгі мақсаты – оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттері мен дербестіктерін жан–жақты дамыту. Сонымен бірге, оқушыларды өзіндік және ғылыми–зерттеу жұмыстарының ең қарапайым дағдыларын үйретуге баулуға жол ашу.

Сыныптан тыс жұмыстардың маңызды міндеттері: а) оқушылардың танымдық белсенділігі мен пәнге деген ынтасын қалыптастыру; б) математикалық білімдерін тереңдету; в) дүниеге ғылыми көзқарастарын кеңейту болып табылады.

Математикадан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарды мазмұны жағынан екі топқа бөлуге болады.



  1. Бағдарламадағы материалды қосымша өту.

  2. Математиканы ерекше қабілетпен қызығып оқитын оқушылармен жүргізілетін жұмыстар.

Бірінші бағыт әр түрлі себептермен білім деңгейі, біліктілігі төмендеген оқушылармен жүргізіледі. Мұндай оқушылармен дайындық мүмкіндігінше жүйелі түрде, әр оқушыға нақты көмек ретінде болуы керек. Оның негізгі мақсаты математика курсы бойынша оқушы білімі мен дағдарысындағы кемшіліктерді дер кезінде жою.

Екінші бағыты математиканы ынтамен оқитын оқушыларға арналады.

Ол төмендегідей мақсаттарға жауап береді.


    1. оқушылардың математикаға қызығушылығын тудырып дамыту;

    2. бағдарламалық материал бойынша оқушының білім көлемін кеңейту және тереңдете оқыту;

    3. оқушылардың ғылыми зерттеушілік сипаттағы дағдарысы мен математикалық қабілетін дамыту;

    4. оқушылардың жеке өзіндік ойын дамытып жетілдіруге тәрбиелеу. Мұндағы мақсат – оқушылардың дүниетанымын кеңейту,

шығармашылық қызметке баулу, ізденушілік қасиеттерге тәрбиелеу.

Математикадан сыныптан тыс жұмыстардың негізгі түрлеріне: математикалық үйірме, математикалық апталық, математикалық кеш, математикалық сайыс, викториналар, конкурстар, математикалық олимпиадалар, көңілді математиктер клубы, т.с.с жатады.



Математикалық үйірмелер - сыныптан тыс жұмыстардың ең негізгі түрі. Оларға математикаға қызығатын және бейімді оқушылар ерікті түрде қатысады. Математикалық үйірмелер арқылы оқушыларға бағдарлама көлемінде және математикалық қосымша мәселелерінен де түсініктер беріп, олардың білімін жан–жақты кеңейтуге болады. Үйірме жұмысы алдымен кең тынысты шараларды жүзеге асыруға бағытталуы тиіс, сонда ғана ол оқушылардың ынта – ықыласын толық қанағаттандыра алады. Үйірме жұмысын негізінен теориялық және практикалық бағыттарды жүргізуге болады. Теориялық бағыттағы үйірме жұмысы мұғалімнің немесе оқушының белгілі тақырып бойынша әңгімесін, баяндамасын қамтып, аптасына бір рет жүргізіледі. Әрбір жұмыстың ұзақтығы 1-1,5 сағаттан аспағаны дұрыс. Практикалық бағыттағы үйірме жұмысында әр түрлі мазмұндағы есептерді шешіп, мектеп және ауданаралық олимпиадаларға даярланады. Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатымен ойын есептерін, логикалық есептерді және практикалық мазмұндағы есептерді көбірек шығарған жөн. Математика үйірмесіне көптеген талаптар қойылады. Үйірмеде берілген білім оқушылардың ой-өрісін арттыратындай, жоғары сыныптарда математиканы оқып үйренуіне көмектесетіндей дәрежеде болуы керек. Үйірме сабақтары барынша жүйелі, қарапайым, қызықты және ғылыми болуы тиіс. Үйірмеде оқушылар ерікті түрде пікір алмасып, өз ойларын жасқанбай ортаға салулары қажет.

Математика үйірмесінің мазмұны мына мәселелерді қамту керек.



  • жалпы білім беретін теориялық бағдарламалар;

  • математика тарихынан хабарлар;

  • ұлы математиктердің өмірі мен қызметі;

  • қызықты, логикалық және тарихи есептерді шығару;

  • қиынырақ есептер шығару (стандарт емес есептер);

  • қолданбалы есептер қарастыру;

  • математикалық кеш өткізуге дайындық жүргізу;

  • оқушыларды математика жөніндегі жаңа әдебиеттермен таныстыру.

    1. сыныптардағы үйірме жұмыстары мен математикалық кештер оқушыларға ерекше қиындық келтірмейтіндей, олардың ғылымилығынан гөрі қызықтылығы басым болуы керек.

Сыныптан тыс жұмыстардың маңызды түрлерінің бірі – математика апталығын өткізу. Математикалық апта оқушыларды пәнмен қызықтыратын, сонымен қатар оқу бағдарламасын терең оқып игеруге, шығармашылық белсенділігін, ізденімпаздығын дамытуға мүмкіндіктер туғызатын көптеген шаралар кешенін қамтиды. Ұйымдастырылған апталық және оны дұрыс өткізу маңызды оқу–тәрбие мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар оқу материалын толықтыру, тереңдету, түрлендіру, математиканың практикада қолданысы, оқушыларға өзіндік жұмыстардың дағдыларын

дамыту және олардың тәрбиелеу мүмкіндіктерінің пайда болуы сөзсіз. Бұл шараларға дайындалу және оны өткізу барысында математика мұғалімдерінің педагогикалық біліктілігі көтеріледі және де оқытушы мен оқушылардың арасында, сондай–ақ жалпы мектеп педагогтары мен оқушылар ұжымдарының арасында да өте тығыз және емін–еркін шығармашылық байланыстар қалыптасады. Жұмыс мектеп математиктерінің әдістемелік бірлестігінің апталық өткізу туралы шешімімен басталады. Апталықты өткізу үшін алдын ала математика мұғалімдері мен бірнеше оқушылар кіретін ұйымдастыру тобы құрылады, ұсыныстар мен мүмкіндіктерге қарай апталықтың бағдарламасы жасалады, әр сала бойынша жауаптылар тағайындалады, барлық дайындық жұмысы істелініп бітетін ең соңғы мерзім белгіленеді. Апталықты ұйымдастыруға сынып жетекшілері, пән мұғалімдері, ата–аналар және т.б. көмек көрсете алады.

Математикалық апталықтың мазмұны барынша мектеп оқушыларын көп жұмылдыратындай түрлі–түрлі болуы керек. Бұл олардың ынталығы мен қызығушылығын жетілдіруге себеп бола алады. Апталыққа дайындалу барысында оқушылардың ізденімпаздығы мен ынталылығын білдіретін іс-әрекеттерге барынша мүмкіндік жасау керек. Даярлық кезінде оқушыларға жеке немесе ұжымдық тапсырмалар беріледі. Мәселен, қабырға газетін шығару, қолжазба журнал шығару, стенділер даярлау, көрнекі құралдар көрмесін ұйымдастыру жұмыстарын тапсырма ретінде беруге болады. Әдетте, математикалық апталық альбомдар, қабырға газеттерінің сайысынан басталып, математикалық ойындар, жарыстар мен олимпиадалар өткізумен аяқталады. Жеңімпаздар арнайы атап өтіліп, оларға жүлде тапсырылады.

Математикалық апталықты мынадай жоспарда өткізуге болады.



      1. Дүйсенбі «Математика – ғылымдар патшасы» - конференция.

      2. Сейсенбіде «Әр түрлі санау жүйелері» - үйірме.

      3. Сәрсенбіде «Ойшылдар, алғырлар, тапқырлар» - математикалық сайыс.

      4. Бейсенбіде математикалық олимпиада.

      5. Жұмада қызықты есептер, жұмбақ есептер, ребустар, кроссвордтар жарысы және т.б.

      6. Сенбіде «Қызықты математика» - математикалық кеш.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет