Алтын адам – Қазақстанның ең құнды жәдігері



бет3/3
Дата06.03.2023
өлшемі4,42 Mb.
#171202
1   2   3
Байланысты:
Алтын адам – Қазақстанның ең құнды жәдігері, Іңкәр

Төртінші алтын адам


Талды Алтын адамы – археологиялық зерттеу, қазба жұмыстары нәтижесінде қол жеткізген бұл олжаны тарихшылар сақтың қолбасшысы деп таныған. Қазақстаннан табылған төртінші Алтын адамды 2010 жылы археолог Арман Бейсенов басқарған зерттеушілер Қарағанды облысына қарасты Талды-2 қорымында қазба жұмыстары кезінде тапқан. Қазба жұмыстары барысында жүзге жуық белдіктің әшекейі, сегіз арыстан бейнесі, жиырмаға тарта құйма алтын, түрлі формадағы әшекейлер, айдаһар пішіні сомдалған алтындалған зат, секіруге бейімделген қабан секілді құнды жәдігерлер табылған.
10
Талды қорымынан табылған Алтын адамның сырт-келбеті
11
Төртінші Алтын адам тарих үшін аса маңызды ақпарат, ғылыми дерек. Мұндай байлық күнде кезіге бермейді, - дейді археолог. Қазақстаннан табылған төртінші Алтын адамды сипаттасақ ол сақ жауынгері. Сақ жауынгерінің кеуде тұсы толықтай алтынмен қапталған, мұндай үрдіс күн билеушісі болғандарға ғана жасалатын құрмет. Сондықтан бұл мола – Күн билеушісіне тұрғызылған.
Тарихшылар аталмыш қорымды Патшалар даласы деп атады. Арғы ата-бабаларымыз Күнді құрмет тұтып, Тәңірдің мекені сол жақта деп түсінгенін ескерсек, археологтың айтқанының жөні де бар сияқты. Бұл Күн- сөнбейтін Күн. Қазақстаннан табылған «төртінші Алтын адамның» аздап өзгешелігі болғанмен, бұл еліміздің басқа аймақтарынан табылған Алтын адамдармен негізінен ұқсас.

Қорыта келгенде қазақ топырағының төрт тарабынан табылған осы ұлы бабаларымыздың есім-сойын, сол дәуірдегі лауазымын білмесекте, олардың өз замандарының көшбасшысы, қолбасы, елінің қорғаны болғанын түсінеміз. Қазақстан жерінен табылған «Алтын киімді адамдар»- өткеніміз бен бүгінімізді жалғастыратын алтын көпір «Алтын киімді адамдар»- құнды жәдігерлер «Алтын киімді адамдар»- асыл сүйекті бабаларымыз «Алтын киімді адамдар»- тұнып тұрған көне тарихи шежіре «Алтын киімді адамдар»- өз дәуірінің лауазымды тарихи тұлғасы


12

«Өткенімізді білмей, болашаққа қадам жасай алмаймыз» - деп Смағұл Елубай атамыздың сөзін негізге ала отырып, бүгінгі сабағымызды жабық деп жариялаймыз! Зер салып тыңдағандарыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет