Ежелгі өркениеттің көзі – Алтын адам. Қазақстанның азаттық символына айналды. Оның тұлғасы Алматының бас алаңына орнатылды, көне жауынгер бөркіндегі қанатты тұлпарлар бейнесі елтаңбамызға енді. Сондықтан Бекмұханбет Нұрмұханбетұлының еліне қосқан еңбегінің үлесі өлшеусіз деп бағаланады.
«Алтын адам» — 1970-ші жылдарының басында Есік қорғанында — сақтар тайпасының жас көсемінің зираты табылды. Дәлірек айтқанда: Алматы облысы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі. 1969-1970 жылдарыархеолог Кемел Ақышұлы Ақышев тапқан.
Аталмыш олжаның көшірмесі Алматыдағы Орталық музейге қойылды, кейін қазақ елінің басты символы ретінде басқа елдерге көрмелерге шығарылды.
4
Есік қорғанынан табылған Алтын адамның сырт-келбеті 5
Бұл алғашқы Алтын киімді адам бұдан екі жарым мың жыл бұрын өмір сүрген. Ол кезде бұл оқиға әлем назарын Қазақстанға аударған үлкен жаңалық болғаны шындық. Жерленген адам- 17-18 жас шамасындағы темір дәуірінен сақталған сақ ханзадасы. Алтын киімді адам сақ мәдениетінің бірегей үлгісі. Есік Қорғанынан табылған алтын бұйымдардың көптігіне қарап, бұл мәйітті «Алтын киімді адам» деп аталды.
Зерттеу барысында көсемнің киім- кешегі өте бай асыл бұйымдармен, алтын әшекейлермен безендірілгені аңғарылды. Бұған айғақт ретінде қабірден табылғанәр түрлі дәрежедегі ромб, шеңбер және жылан пішіндерімен бейнеленген 400-ге жуық қаптырмалар болған. Қабірден қару-жарақ, әшекей бұйымдардан басқа жұқа алтын фольгамен қапталған абыз аса таяғының бөліктері табылды.