Баспасөз қызметі



Дата09.11.2016
өлшемі57 Kb.
#1326
Еуразия ұлттық университеті

Баспасөз қызметі

Тел.: +7 (7172) 709-548, 709-500 (вн.31-116,)

Көрнекті археолог К.А. Ақышевтің 90-жылдығына арналған «Қазақстан археологиясындағы Еуразиялық мәдениеттер тоғысы» халықаралық ғылыми конференциясының



Пресс-релизі
2014 жылдың мамыр айында белгілі қазақстандық археолог Кемел Ақышұлы Ақышевтің туғанына 90 жыл толады. Торқалы жылда бір қатар іс-шаралар жоспарлауда. Олардың ішінен ең біріншісі 2014 жылдың 22-24 сәуір айында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өтетін халықаралық ғылыми археологиялық конференциясы. Конференцияның ұйымдастырушылары: тарих факультеті мен К.А. Ақышев атындағы археология ғылыми-зерттеу институты болып табылады. Конференция жұмысына Қазақстан мен ТМД елдерінен 60 астам ғалымдар қатысады. Университеттің бас ғимаратында К.А. Ақышевтің Еуразия археологиясына қосқан үлесіне арналған археологиялық көрме ашылады. Конференцияның басталуына қарай конференция баяндамаларының жинағы басылып шығады.

Кемел Ақышұлы Ақышев (1924-2003 жж.) – тарих ғылымдарының докторы, Қазақ КСР-ның ғылымға еңбегі сіңген тұлғасы, Қазақ КСР-ның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Қазақ КСР сыйлығының лауреаты, Герман Археология институтының корреспондент мүшесі, Қазақстан Республикасындағы білім берудің қадірлі қызметкері, 1976 жылы Қазақ КСР-ның құрметтеу Алтын кітабына енген, 1999 жылы Алматы қаласының қадірлі тұрғыны.

Кемел Ақышұлы Ақышев 1924 жылы 23 мамыр айында Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келген. Әкесі жағынан ол белгілі Шорман тегіне жатқан, оның атасы Әуежан, Шорман ұлдарының бірі және Мұса Шормановтың ағасы. Кемел Ақышевтың анасы Каныш Имантайұлы Сатпаевтың үлкен апасы болды.

Балалық және жастық шақтары елге қиын түскен оқиғаларға – ұжымдастыру және Ұлы Отан соғыс уақытына тура келді. Кәмпеске жылдары ол өзінің ата-анасынан айырылды, Қаныш Имантайұлы Сатпаевтің арқасында аман-есен қалып, мектеп бітіргенше оның отбасында өскен. К.А. Ақышев Ұлы Отан соғысының қатысушысы, жарақат алған, медальдермен марапатталған.

К.А. Ақышев ғылым қалыптасқан революциялық дәуірінде туған ғалым-энциклодисттер плеядасының қатарына кіреді. Дәуірдің өзі, әсіресе соғыстан кейінгі Жеңіс сезіміне толы, қойылған кез келген талаптардың міндетті түрде орындалуы мүмкін он жылдықта, пассионарийлер мен лидерлерді туған. К.А. Ақышев сондай лидер, Қазақстан археология ғылымының ұйымдастырушысы болды.

1954 жылдан бастап – Кемел Ақышұлы Ілі, Ақмола, Солтүстік-Қазақстан, Жетісу, Кешенді Оңтүстік-Қазақстан, Есіл тұрақты археологиялық экспедициялардың жетекшісі болған. Түрлі жылдары әлемдік атаққа ие болған ескерткіштердің: Бесшатыр қорымының сақ пирамидалары, «Алтын адам» табылған Есік қорғаны, аңыз қала Отырар, Ұлы Жібек жолындағы ортағасырлық қалаларының, Есіл өзеніндегі Бозоқ қалашығының және т.б. Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық тарихының ескерткіштерінің қазба жұмыстарын басқарған.

К.А. Ақышевтің ғылыми өмірбаяны қазақстандық археологияның өмірбаяны болып табылады. Жарты ғасырдан астам К.А. Ақышев академиялық археологияда жұмыс жасаған, соңғы жылдары (1998-2003 жж.) оның өмірбаяны астана аймағының – Ақмола облысының зерттеуімен байланысты. 2000 жылдың казан айында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың шақыруымен Астана қаласына көшіп келді және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде археологиялық ұжымды қалыптастырды, бүгінгі күні бұл К.А. Ақышев атындағы археология Ғылыми-зерттеу институты деп аталады. Археология ҒЗИ ұжымы К.А. Ақышевтің ғылыми жұмысын жалғастыруда.
Ұйымдастырушы:

Л.Н.Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық университеті,

К.А. Ақышев атындағы археология ғылыми-зерттеу институты



Өткізу орны: Мирзоян көшесі 2, 208 аудитория

Өткізу күні: 2014 жыл, 22-24 сәуір, сағат 10:00

Аккредитациядан өту үшін, ЕҰУ баспасөз- қызметіне хабарласыңыздар

+7 (7172) 709 -548



+7(7172) 70-95-00 (31-116,31-118 внутр)

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет