А. Еңсеповтың орындауында «Концерт Будашкина» ойнайды.
Балалар залға кіріп, ұлдар жартылай шеңбер құрып тұрады, қыздар шахматтық тәртіппен ұлдардың алдына тұрады.
Жүргізуші. Құрметті балалар, қымбатты қонақтар, сіздерді көктемгі бейбітшілік, татулық мерекесімен және Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Біз қатал соғыста бейбітшілікті сақтап қалған қорғаушы жауынгерлерімізді еске аламыз. Біз қазір бейбіт өміріміз үшін оларға қарыздармыз. Олардың абыройлары асқақтай берсін!
«Мир нужен всем» әні (музыкасы В. Мураделидікі, сөзі С. Богомазовтікі)
Әнді орындаған соң балалар қонақтарға гүл таратып, мерекемен құттықтайды.
Жүргізуші. Қымбатты балалар, біз сендермен ән шырқап, билейміз және ойнаймыз. Біз осының бәрі үшін соғыс қаһармандарына қарыздармыз. Көбісі оралмады: жерін, халқын қорғау үшін майдан шебінде қайтыс болды. Олар келмеске кетті… Олар мәңгі жадымызда… Ендеше үнсіздікпен оларды еске алайық.
Үнсіздік минуты (метроном ойнайды)
Жүргізуші. Бәріңе рақмет. Біз сарбаздардың бәрінің батыл әлі мықты болғанын білеміз, сендердің сондай болғыларың келе ме? Сендерге батырлық жөнінде көңілді ән тыңдауды ұсынамын.
«Жас ұландар» әні (музыкасы Е. Амировтікі, сөзі С. Ақсұңқарұлынікі)
Билейміз біз көңілді. «Яблочко» әніне балалар. Жандандырып билейді. «Матросс биі» («Яблочко» орыс халық әні)
Жүргізуші. Мерекелік концерт керемет өтті! Сарбаздардың күшті, батыл әрі пысық болуы тиіс екендігі бәріне белгілі. Сендерге осындай сайыс өткізуді ұсынамы.
«Арқан тарту» ойыны
«Қазақша күрес» ойыны
Жүргізуші. Барлық жауынгерлердің интернационалист болғаны, яғни қазақтар мен орыстардың, украиндықтар мен грузиндердің, армяндар мен белорустардың иық тіресіп шайқасқаны бәріне мәлім. Қонақтарымызға балаларымыздың орындауында «Еркем-ай» әнін тыңдауды ұсынамыз.