Оқылым стратегияларын қолдану; жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпараттарды тану үшін оқу



Дата15.10.2019
өлшемі286,29 Kb.
#49941
Байланысты:
БЖБ тапсырма құрастыру 5 сынып



«Көлік және жол белгілері», «Адамның сырт келбеті мен мінезі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаты

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Орындау уақыты

5.2.6.1 Оқылым стратегияларын қолдану; жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпараттарды тану үшін оқу.

5.3.3.1 Сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастыру.

ӘТН5.4.4.3 Сын есімдердің шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін тану, сын есімді зат есім орнына қолдана білу.


Білім алушы

  • Мәтіннің жалпы мазмұнын анықтайды.

  • Мәтіндегі нақты ақпараттарды ажыратады.

  • Фотосуреттер желісі бойынша әңгіме құрастырады.

  • Сын есімдердің шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін ажыратады. Сын есімді зат есімнің орнына қолданады.


Қолдану
15-20 минут

1-тапсырма

Мәтінді түсініп оқып, нақты ақпараттарды анықтаңыз.

Қарындаш


Болат атасының жазу жазып отырғанын көріп:

  • Біз туралы әңгіме жазып отырсыз ба? Мен туралы да жазасыз ба? – деп сұрайды. Атасы жазуды қойып, немересіне:

  • Сен туралы жазып отырмын. Бірақ қолымдағы қарындаш не жазып жатқанымнан да маңызды. Құдай қаласа, есейгенде сен де осы қарындашты сен де жақсы көретін боласың! Болат қарындашқа қызыға қарап, ерекше еш нәрсе таба алмай:

  • Ата, мына қарындаш басқа қарындаштарым сияқты ғой. Қандай да бір ерекшелігі жоқ қой! – дегенде, атасы:

  • Қалай қарағаныңа байланысты. Бұл қарындаштың бес ерекшелігі бар. Егер осы ерекшеліктерді есепке алып өмір сүрсең, бақытты бола аласың. Ол ерекшеліктер мыналар:

  1. Керемет нәрселер жасай аласың, алайда әр жасаған қадамыңды жүргізетін біреу барын ұмытпа.

  2. Не жазсам да, анда-санда тоқтап, қарындашты ұштауға қажет уақыт бөлу керек. Ұштағаның қарындаштың жанына батса да, оның әрі жақсаруына себеп болады.Сондықтан кейбір қиындықтарға қарсы шыдамды болуды үйренуің керек, бұл сені одан әрі күшейтеді.

  3. Қарындаш қате бір нәрсе жазған кезде, қатесін өшіргішпен өшіруге мүмкіндік туғызады. Жасағандарыңқате болса, оларды жөндеуге дайын болуың керек және де қатені жөндеуден ұялмауың керек.

  4. Қарындаштың ең маңызды жағы – оның қалыбы емес, яғни сыртқа көрінгенжағы емес, ішіндегі өзегі. Сондықтан өзегіне қарап, ең бастысы соны қорғауың керек.

  5. Ең соңғы ерекшелігі – артынан ізтастауы. Тура сол сияқты сен де өміріңде жасаған әр әрекетіңмен бір із тастайтыныңды ұмытпауың керек, қадамыңды абайлап басуың керек.

*Оқу сауаттылығы: ЖОО-ға дайындыққа арналған оқу құралы / Б.П. Есембеков, А.А. Жұманазаров.- Алматы: Education Consulting, 20187-86бет.

А) Мәтіннен шын және жалған ақпараттарды анықтаңыз.







шын

жалған



Қарындаштың өзегі - адамның жан дүниесі.









Қарындашты ұштау, оның одан әрі жақсаруына себеп болады.









Сыртқы қабығы – қарындаштың ең маңызды жағы









Адамға да өмірде із тастау маңызды







В) Үзіндідегі ойды ашатын қатарды табыңыз.

1

Қарындаштың ең маңызды жағы – оның қалыбы емес, яғни сыртқа көрінген жағы емес, ішіндегі өзегі. Сондықтан өзегіне қарап, ең бастысы соны қорғауың керек.



А) Ішің ауырса аузыңды тый.

В) Сұлулық бетте емес, жүректе

С) Әркімдікі өзіне ай көрінер көзіне

Д) Ішкен құдығыңа түкірме

Е) Аяғыныа қарап асын іш, шешесіне қарап қызын ал.

2

Ең соңғы ерекшелігі – артынан ізтастауы. Тура сол сияқты сен де өміріңде жасаған әр әрекетіңмен бір із тастайтыныңды ұмытпауың керек, қадамыңды абайлап басуың керек



А) Адамның сөзі мен ісі сәйкес болуы керек

В) Жақсының аты өлмейді, Ғалымның хаты өлмейді.

С) Жақсы бала ата-анасын төрге сүрейді,

Д) Жаман бала ата-анасын көрге сурейді.

Е) Уәдесінде тұрмау – ер жігітке жараспас.


2-тапсырма

Берілген суреттер бойынша сын есімнің шырайларын қолданып, әңгіме құрастырып жазыңыз. Сын есімді зат есімнің орнына қолданыңыз.




Дереккөз: https://www.google.com/search?q=%D0%B6%D0%BE%D0%BB+%D0%B1%D0%B5%D0%BB%D0%B3%D1%96%D0%BB%D0%B5%D1%80%D1%96&rlz=1C1GCEA_enKZ861KZ861&source=lnms&tbm=isch&sa=X&ved=0ahUKEwj3uIDwlfXjAhXO_CoKHR89DwIQ_AUIECgB&biw=1366&bih=625#imgrc=cwGTBle6mmMs3M:







































3-тапсырма

Әңгімеден шырай түрлерін теріп жазып, кестеге түсіріңіз, түрін анықтаңыз.

Шырай түріне мысал

Салыстырмалы шырай

Күшейтпелі шырай

Көркемдік ерекшелігін түсіндіріңіз













Әңгімеден заттанған сын есімі бар 2 сөйлемді теріп жазыңыз.
1._______________________________________________________________________
2._______________________________________________________________________


Бағалау критерийі




Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мәтіннің жалпы мазмұнын анықтайды




  1. Мәтіннен 2 шын ақпаратты анықтайды




  1. Мәтіннен 2 жалған ақпаратты анықтайды



1

1



Мәтіндегі нақты ақпараттарды анықтайды.






  1. Бірінші ерекшелікке сәйкес қатарды табады.




  1. Екінші ерекшелікке сәйкес қатарды табады.



1

1




Сюжетті суреттер (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастырады.





  1. Фотосуреттер желісі бойынша әңгіме құрастырады.

  2. Әңгіме құрылымын сақтайды

  3. Тақырыпты ашады

  4. Сын есімнің шырайларын қолданады




1

1
1
1



Сын есімдердің шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін ажыратады. Сын есімді зат есімнің орнына қолданады.





  1. Шырай түрлеріне мысал жазады.

  2. Түрлерін ажыратады

  3. Көркемдік ерешелігін түсіндіреді

  4. Заттанған сын есімі бар 2 сөйлем теріп жазады

1
1
1
1


Барлығы:







12




«Көлік және жол белгілері», «Адамның сырт келбеті мен мінезі». Морфология бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні ___________________________________________

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орташа

Жоғары

Мәтіннің жалпы мазмұнын анықтайды.

Мәтіннің жалпы мазмұнын анықтауда қиналады.

Мәтіннің жалпы мазмұнын анықтауда қателіктер жібереді.


Мәтіннің жалпы мазмұнын анықтайды.

Мәтіндегі нақты ақпараттарды ажыратады.

Мәтіндегі нақты ақпараттарды анықтау қиындық туғызады.


Мәтіндегі нақты

ақпараттарды анықтауда қателіктер жібeреді.



Сөз саптауы орынды,

мәтіннен нақты ақпараттарды анықтайды



Фотосуреттер желісі бойынша әңгіме құрастырады.

Сюжетті фотосуреттер желісі бойынша әңгіме құрастыруда қиналады.

Сюжетті фотосуреттер желісі бойынша әңгіме құрастыруда қателіктер жібереді.


Сюжетті фотосуреттер желісі бойынша әңгіме құрастырады.



Сын есімдердің шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін ажыратады. Сын есімді зат есімнің орнына қолданады.


Сын есімдердің шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін ажыратуда, сын есімді зат есімнің орнына қолдануда қиналады.


Сын есімдердің шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін ажыратуда, сын есімді зат есімнің орнына қолдануда қателіктер жібереді.


Сын есімдердің шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін ажыратып, сын есімді зат есімнің орнына қолданады.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет