Алюминий элементінің сыртқы қабатында неше электрон бар?
Алюминий оксиді қандай оксидке жатады?
"Білекке сенген заманда
ешкімге есе бермедік,
Білімге сенер заманда
қапы қалып жүрмейік"
Абылай хан
Бұл жерде біз данышпан Абайдан бір үзік жұмбақ келтірелік:
Қара жер адамзатқа болған мекен,
Қазына іші толған әр түрлі кен.
Ішінде жүз мың түрлі асылы бар,
Солардың ең артығы немене екен?
Шешуі: темір.
Темір десек біздің көз алдымызға шойын мен болат келеді «Жер бетінде темір жойылып кетсе, не болады деп елестетсек, көшелерде сұмдық көрініс, темір жол да,поездар да, машиналар да жоқ, көпірлер үйіндіге айналған ,өсімдіктер семіп ,өле бастаған.Адам денесіндегі 3г темір жойылса , тіршілігін тоқтатып , өліп қалар еді.» ,бұл көріністі суреттеген , темірдің маңыздылығын айтқан атақты минералог , академик А.Е.Ферсман.
Fe
56
26
Білімділік: Темір жөнінде білімдерін кеңейту. Оқушылардың білімдерін жүйелендіру, пәнге деген біртұтас көзқарас қалыптастыру.
Оқушының өздік жұмыс орындауы. Ізденгіштік қабілетін ескере отырып, оқушыға тапсырма беру.
Темір элементін жан – жақты зерттеу арқылы оның қосылыстары, қолданылуы, маңызы жөнінде білімдерін кеңейту.
Тәрбиелік: Оқушылардың шығармашылық мүмкіндігін дамыту, қабілетін арттыру, қосымша материалдар арқылы экологиялық тәрбие беру.
Күтілетін нәтиже: Темір және оның қасиеттері туралы толық мағлұмат ала отырып, олардың алыну әдістері мен қасиеттерін химиялық реакция теңдеулері арқылы жазып, дәлелдей алады.
Көрнекілік: Слайдтар , периодтық кесте, реактивтер, қосымша әдебиеттер, химия энциклопедиясы
Темір химиялық реакцияларда 2 немесе 3 электрон беріп, өзінің тұрақты қосылыстарында +2 және +3 тотығу дәрежелерін көрсетеді:
Fe0 – 2e- Fe+2
Fe0 – 3e- Fe+3
Темірдің тотығу дәрежесі +6 (K2FeO4 – калий ферраты) болатын тұрақтылығы төмен қосылыстары белгілі.
2.Табиғатта таралуы
Темір – табиғатта таралуы бойынша екінші орындағы металл.
Оның жер қыртысындағы үлесі 5,1%. Көптеген метеориттердің құрамында темір бар, сондықтан оны ертеде “аспан” және “жұлдыз” тасы деп атаған. Жер қыртысында темір көптеген минералдар түзеді. Темірдің маңызды өнеркәсіптік кендері: қызыл теміртас (Fe2O3), магниттік теміртас (Fe3O4), пирит (FeS2). Елімізде темір кендерінің үлкен қоры Рудный темір кені бассейінінде және Орталық Қазақстанда бар. Қазіргі уақытта елімізде бірнеше жүздеген кен орындары мен кен ошақтары белгілі. Көптеген кен орындарында кендердің аз тереңдікте орналасуы оларды арзан ашық әдіспен өндіруге мүмкіндік береді.
Темір кендерінің ең үлкен қоры Уралда .Онда таулар толық темірден құралған.Курск,Кольск жартылай аралында Шығыс және Батыс Сібірде темір кенінің Үлкен қорлары бар.Қазақстанда темір кендері Оралдың шығыс беткейінде, Қостанай өңірінде көптеп кездеседі(Соколов-Cарыбай).
Темір табиғи суларда ең кең тараған элементтердің бірі болып табылады,оның орташа құрамы 0,01 -20 мг/л интервалында тербеліп тұрады.
Минералдың аты
Химиялық формуласы
(негізгі құрам бөлігі)
Маңызды кен орындары
Магнетит
Fe3O4, (Fe2O3 ∙ FeO)
(72 процентке дейін Fe болады).
Оңтүстік Орал (Магнитогорск), Курск магнит аномалиясы
Гематит
Fe2O3 (65 процентке дейін Fe болады)
Кривойрог аймағы
Лимонит
Fe2O3 ∙ nH2O (60 процентке дейін Fe болады)
Қырым (Керч кен орны)
Пирит
FeS2 (47 процентке дейін Fe болады)
Урал
Магнетит
Гематит
Пирит
Лимонит
Темір тірі организмдерде де болады. Ересек адамның денесінде 4-5 грамм темір бар. Оның 65%-і қандағы гемоглобиннің құрамына кіреді. Гемоглобин қанға қызыл түс береді және тыныс алу процесінде оттекті әр түрлі ұлпаларға тасымалдайды. Қанның құрамында темірдің жетіспеуі қан азаюына әкеліп, адам денсаулығын әлсіретеді.
Байланысқан күйдегі темір көптеген тағамдық өнімдерде: қара нан, картоп, алма, өрік, қарақұмық жармасында, малдың бауырында, сары майда кездеседі. Бұл өнімдерді әркім өзінің тамақтану рационына кіргізіп, қан азаюының алдын алуға тиісті.
қарақұмық
күнбағыс
петрушка
бұршақ
жүзім
қалақай
3.Өнеркәсіпте алынуы:
Темір – жылтыр, күміс түстес ақшыл металл, оның тығыздығы – 7,87 г/см3. Балқу температурасы жоғары – 15390С. Темір иілімді, магниттелетін және оны жоғалтатын қасиеті бар, осыған орай техникада кеңінен қолданылады.
үстінен сутек жібере отырып, темір алуға болады. 2 моль сутек жібергенде түзілген темірдің массасын анықтаңыздар. Өнімнің шығымы теориялық шығыммен салыстырғанда 95 %.