Білімберу саласы:"Денсаулық"
Бөлімі:Денешынықтыру
Мақсаты:балаларды түрлі бағытта қозғалуға жаттықтыру.
Міндеттері:балаларды түрлі бағытқа жүру мен жүгіруге, мұғалімнің тапсырмасын орындауға үйрету; ептіліктерін, дәл қозғалу дағдыларын дамыту; мұқияттылыққа тәрбиелеу.
Жасы:3-4 жас
Өткізілетін орны:топ бөлмесі, зал, ауладағы спорт алаңқайы.
Құрал-жабдығы:бала санына сәйкес тапсырмалары бар дөңгелекшелер.
Ойынды өткізуге арналған әдістемелік нұсқау
Мұғалім балаларды әткеншекпен тербелуге шақырады.
Балалар шеңберге тұрады. Шеңбердің ортасында бір шеттері бір-біріне байланған арқан жатады. Балалар оны оң қолдарымен (немесе сол қолдарымен) көтеріп, шеңберді айнала жүріп әндетеді:
Әткеншегім қозғалды,
Баяу, әзер айналды.
Жылдам,жылдам біз жүрдік,
Сосын қатты жүгірдік.
Балалар алдымен баяуқозғалады, "жүгір" деген сөзден соң, жүгіреді. Мұғалімнің "бұрыл" деген бұйрығынан кейін балалар арқанды басқа қолдармен ұстап, қарсы бағытқа жүгіреді.
№10."Қоймадағы тышқандар" қимылды ойындар
Достарыңызбен бөлісу: |