Білімберу саласы:"Денсаулық"
Бөлімі:Денешынықтыру
Мақсаты:балаларды әр түрлі қозғалыстар жасауға жаттықтыру.
Міндеттері:тепе-теңдіктерін сақтап, секіруге, еңбектеуге және жүгіруге үйрету;мұғалімнің тпасырмасын орындау, арқанның астынан еңбектеп жүру, қозғалыс дәлдігін, шашыраңқы жүгіру дағдыларын дамыту; мұқияттылыққа тәрбиелеу.
Жасы:3-4 жас
Өткізілетін орны:топ бөлмесі, зал, ауладағы спорт алаңқайы.
Құрал-жабдығы:көкөністер мен жеміс-жидектердің муляждары.
Ойынды өткізуге арналған әдістемелік нұсқау
Биіктігі 40-50 см болатын таяқшалар екі ұшына шағын жүк байланған жіңішке арқан керілген. мұғалім балаларға:
-Көкөністер мен жеміс-жидектер қоймасында тышқандар пайда болыпты. Ал бүгін тышқандар сендер болсаңдар. Қоймаға кіріп, қалғандарыңды жеу үшін, арқанның астынан еңбектеп кіру керек, содан соң секіруге және жүгіруге болады.Мысық оянып, "Мяу" дегенде, сендер қашасығдар, бірақ арқанның астынан еңбектеп шығуды ұмытпаңдар.
Балаларды қуыпжетіп, қстайтын мысықтың рөлін мұғалім орындайды. Ұсталған балалар ұзын орындыққа отырады, ойынға қатыспайды.
№11."Көпірдегі қонжық" қимылды ойыны
Достарыңызбен бөлісу: |