Ойынды өткізуге арналған әдістемелік нұсқау Текшелер баладан бір қадам қашықтыққа қойылған.
Мұғалім балаларға текшелердің тастар екенін айтып, тек қана осы тастарды басып қана бұлақтан өту керектігін түсіндіреді.
Ойыншы екі текше-кірпішке тұрады.Белгі бойынша текше-кірпіштерді басып, алға жүреді. Текше-кірпіштерді басып жүріп, еденге жерге тиіп кетпей, 10 метр қашықтықты жылдам жүріп өтуге тырысады.
Екі ойыншының арасында жарыс өткізуге болады.
№3."Қақпаға кіргіз" қимылды ойыны Білімберу саласы:"Денсаулық"
Бөлімі:Денешынықтыру
Мақсаты:Балаларды допты домалатуға жаттықтыру.
Міндеттері:Балаларды допты қақпаға домалатуға үйрету; қақпаға домалату барысында допты қатты серпу дағдыларын, меңгергендіктерін, ептілікткрін ұсақ қол қимылдарынжетілдіру;
батылдыққа тәрбиелеу.
Жасы:3-4 жас
Өткізілетін орны: топ бөлмесі, зал, ауладағы спорт алаңқайы.
Құрал-жабдығы: доптар,доғалар.