Алтын күз.
1-Жүргізуші: Кеш жарық, құрметті оқушылар, ұстаздар, ата-аналар! Нағыз сары алтындай сары күз - қыркүйек айы. Ол - еңбек айы. Күз маусымының екінші ай – қазан. Бұл ай – мереке басы. Өйткені дихандар сабантой жасайды. Күздің соңғы айы - қараша. Қараша десе дегендей, айнала теп - тегіс сүреңсіз. Жапырағынан айырылған ағаш қара суыққа қалтырап, жүдеу далаға өң бере алмай селтиеді.
Күз мейрам құтты болсын баршаға!!!
2 ведущий: Добрый вечер! Дорогие друзья! Мы рады приветствовать вас на этом празднике.
1-Жүргізуші:
Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын,
Көңілді серіппелі күйін ашсын.
Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып,
Береке бірлікпенен ортақтассын.
Көңіл қойып, құлақ салыңыздар!
Үнсіздік орнап тына қалыңыздар!
Бүгінгі біздің бағдарламамызда:
Келтіретін әрдайым сезім күйін,
Көресіздер қызықтың неше түрін
Әншінің анықтаған әнін естіп,
Көңіліңіз қалары хақ бір серпіліп.
Осылай бәрі - бәрі болып жатса,
Мақсатқа қалар едік біз де жетіп.
2 ведущий:
Лес словно терем расписной
Лиловый, золотой, багряный
Веселой, пестрою стеной
Стоит над светлою поляной.
Березы желтою резьбой
Блестят в лазури голубой
Как вышки елочки темнеют
А между кленами синеют
То, там, то здесь в листве сквозной
Просветы в небо, что оконца.
Лес пахнет дубом и сосной,
За лето высох он от солнца,
И осень тихою вдовой
Вступает в пестрый терем свой.
1-жүргізүші:
Қош келдіңіз, көрермен.
«Алтын күз» сын –кешіне
Отырыңыз қол соғып
Шат күлкіге бөлене.
2 ведущий:
Обожаю это время года!
Праздник золота и багряца
Синяя, шумящая свобода
Ясность неизбежного конца.
1-жүргізүші: Құрметті көрермендер! Бүгінгі «Алтын күз» кешін бастаймыз.
2 ведущий: Вот и настал тот торжественный миг, «Бал Осени» открыт!
1 - жүргізуші:
Сайыс 5 турдан тұрады, шарттары мынадай:
1-тур - Өз - өзін таныстыру
2-тур -. Күз сәні (Күзгі сән үлгілерін көрсету)
3-тур.- «Сен білесің бе?» білгірлер сайысы
4.Өз өнерлерін көрсету.( Ән, би, қойылым)
5-тур-Күз сыйы:
а) Күзгі көріністерден, жеміс- жидектерден дайындалған салат, оның жасалу жолдары туралы айту
ә) «Күз сыйы» көрме, табиғи бұйымдардан жасалған болу керек
2 - ведущий:
1-тур – Приветствие
2-тур – наши команды представят вашему вниманию свой осенние костюмы.
3-тур- Викторина на тему осень
4-тур – художественная самодеятельность(музыка, танец, выразительное чтение, сценка, и т. д.)
5- тур – а) осенний салат
Б) икебана (дары осени из природных материалов)
1-жүргізүші: Бұл сынға 5-7 сыныптарының оқушылары қатысқалы отыр. Кешімізді бастамас бұрын қазылар алқасымен таныстырамыз:1.Тахирова Маржан Жамбуловна
2.Кабланбекова Гулнур Тургазиновна
3.
2 ведущий: В этом конкурсе участвуют учащиеся с 5 по 7 класс. Разрешите представить наше многоуважаемое жюри; 1.Тахирова Маржан Жамбуловна
2.Кабланбекова Гулнур Тургазиновна
3.
1-жүргізүші: Уа халайық, халайық,
Бәріңе жар салайық
Сәлем жолдап баршаңызға
Келіп тұр бүгін сайыскерлер отамызға – демекші ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз.
2 ведущий: Позывные прозвучали,
Бал пора бы открывать,
Но кого – то не хватает
Команды надо приглашать
-Ну а сейчас позвольте пригласить на эту сцену конкурсантов-звезд нашего праздника!
-Учащихся 5 А, 5 Ә, 5 Б, 7 А,7Ә класса.Встречаем бурными апплодисментами!!!
1-жүргізүші: Армысыздар, бүгінгі кеш куәсі,
Алтын күзім тойланатын күн осы.
Жасыл далам, сары түске айналып,
Алтын күзге айналады жыр осы.
Табиғатым сары көйлек киеді:
Күзгі балды тойлауға жұрт жиылды
Рұқсат болса бастайық осы кешті.
Әрбір сайыскер таныстыршы енді өзіңді.
2 ведущий Начинаем 1 конкурс: «Приветствие».
1-жүргізүші:Ендеше бірінші шартымыз «Кел танысайық» үміткерлеріміздің өздерін таныстыруы. Олай болса, ардақты да, аяулы әділқазыларға жүгінейік.
«Кел танысайық» бөліміне бағасын берсеңіздер екен
2 ведущий: Уважаемое жюри не забывайте оценивать
1-жүргізүші:
Мунира бізде өнерлі,
Әнді жақсы көреді.
Сіздерге қазір......................................
Әнін орындап береді
Мунираның орындауында .......................... әні.
1-жүргізүші:
Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,
Әр сұлу әсем болар өз сәнімен.
Күз сәні өнерімен ортаға шығып,
Сән көрсетер сайыскерлер сәнімен
- деп қатысушыларымыз өз шығармашылықтарымен жасаған сән үлгісінде ортаға шақырамыз. Олай болса, қол соғып қошеметтеп отырайық..
2 ведущий: Осень рыжая красавица
Всем конечно очень нравится
Перед ней дожди рыдают
Ветры головы склоняют
А она так горделива
Так чудесна и красива.
Листопадом удивляет,
Золотом всех осыпает!
А сейчас наши команды представят вашему вниманию свой осенние костюмы.
Встречаем бурными апплодисментами!!!
1-жүргізүші: Салмақты ұлдар мен сымбатты қыздарымыздың өз қолдарымен жасаған киім үлгілерін тамашалап болсақ, әділқазыларға сөз берсек
2 ведущий: Уважаемое жюри не забывайте оценивать
1-жүргізүші
Шара апамдай бұралып,
Биді билеп береміз.
Би дегенің кермет,
Биді жақсы көреміз, - дей келе ортаға бишілер тобын «Туған жер» биімен шақырайық
2 ведущий: Танец «Туған жер». Встречаем бурными апплодисментами!!!
1-жүргізүші: үшінші бөлімі Сұрақ-жауапқа кезек берейік. (Күз мезгіліне байланысты сұрақтарға жауап беру)
«Жапырақ теру» ойыны арқылы ұйымдастырылады. Алдарыңыздағы шашылған жапырақшалардағы сұрақтарға жауап беру.
1 –жүргізуші:Әділқазылар бағаларын берсе.)
2 ведущий: А теперь жюри назавет оценки за третии тур.
1 –жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Әнді сүймең менше сүй-деп Абай атамыз жырлағандай
Ән-------------------- 6 а сынып оқушысы Ахметжанова Назира
2 ведущий: В исполнении Ахметжановой Назира песня------------------------------------.
Встречаем бурными апплодисментами!!!
1-жүргізүші: Алтын күздің сыйлықтарын алдық біз,
Қызығына қандық біз.
Молайтайық шаттықты,
Ән айтып, би билейік бәріміз,- дей келе командаларымызды өз өнерін көрсетуге шақырамыз.
2 ведущий: А теперь следующий конкурс. Приглашаем команд показать свой творческие способности.
1-жүргізүші: Құрметті әділ қазылар алқасы баға қоюды ұмытпаңыздар
2 ведущий: Уважаемое жюри не забывайте оценивать
1-жүргізүші: Көріп кеттік өнерлерін топтардың,
Қимылдары жүргендей бір жай ұшып
Мерекелік ас мәзірін жасапты,
Қыздарымыз бармақтары майысып.
Көрсетеді өнер әр салада сайысып,
Қимылдары жүргендей бір жай ұшып
Мерекелік күзгі сыйды жасапты,
Ұлдарымыз бен қыздарымыз бірлесіп.
«Күз сыйы» бөлімінде қатысушыларымыз күзгі сыйдан өз шығармашылықтары бойынша дайындап әкелген туындыларымен таныстырсын. Олай болса, топтарымыздың өздері дайындаған табиғи материалдан әкелген жұмыстарын таныстырып өтсін. Әр топтан 1 адам шығып, әзірлеген тағамы туралы айтады
2 ведущий: Приглашается 1 человек от команды для защиты осеннего блюда
1-жүргізүші: Әділ қазылар алқасы сайыстың қорытындысын шығарып жеңімпазын анықтағанша,
Біздер өстік, есейдік,
Қанаттандық, қатайдық.
Қоштасарда ән салып,
Би билейік думан ғып деп, Осы сайысты ұйымдастырып отырған 6 А сынып оқушыларының орындауында ФЛЕШМОБ
2 ведущий: Встречаем бурными апплодисментами!!!
1 - жүргізуші:
Ал енді сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.
- Күз ұсынып егісі мен жемісін,
Әкеліпті халыққа бір молшылық
Сары жапырақ алтындай болып төгілсін,
Елімізде болсын әркез тыныштық – дей келе, қазылар алқасына сөз кезегін береміз. Бағдарламамыздың қорытындысын тыңдайық.
2 ведущий: Оценки жюри
1 - жүргізуші: Келесі көріскенше аман болайық!
2 ведущий: На этом наш концертная программа окончена. Всем спасибо, до новых встреч.
1.Таныстыру.
2.Ән.«Көңілді күн»
3.«Күз сәні»
4.Би.«Туған жер»
5.Cұрақ- жауап
6.Ән.Ахметжанова Назира
7.Өз өнерлерін көрсету
8.«Күз сыйы»
9.ФЛЕШМОБ
10. Қорытынды
Біздер өстік, есейдік,
Қанаттандық, қатайдық.
Қоштасарда ән салып,
Би билейік думан ғып.
1. Сколько дней длится осень? (90 - 91 день)
2. Как называют период теплой погоды в середине осени? (бабье лето)
3. Какое дерево является символом осени? (клен)
4. Какие птицы считаются лучшими предсказателями дождя? (ласточки и стрижи)
6. Сколько дней лил дождь, приведший к Всемирному Потопу? (40 дней)
7. Кто из древнегреческих богов управлял громом и молнией? (Зевс)
8. Назовите три месяца осени (сентябрь, октябрь, ноябрь)
9. Чем заканчивается осень? (ноябрем)
1 - сұрақ: Күз мезгілінде табиғат қандай өзгерістерге ұшырайды? – (Күн суытады, жаңбыр жауады, жапырақтар сарғайып жерге түседі, құстар жылы жаққа ұшады. Адамдар, балалар жылы киінеді.)
2 - сұрақ: Жұмбақ шешу.
Ағайынды бәрі,
Шықса – жасыл,
Түссе – сары. Бұл не? (Жапырақ)
3 - сұрақ: Күз мезгілі нешеге бөлінеді? – (Ерте күз, алтын күз, қара күз.)
4 - сұрақ: Күз айларын ата. –( Қыркүйек, қазан, қараша.)
5 - сұрақ: Жұмбақ шешу.
Аспай піскен, қайнамай түскен.
- (Жеміс.) «Мақал - мәтелді жалғастыр»
1. Еңбек түбі --------------------
2. Еңбек етсең ерінбей
6 - сұрақ: --------------------
7 - сұрақ: Бес жеміс - жидектерді атап беру. – (Алма, алмұрт, жүзім, өрік, шабдалы).
8 - сұрақ: Бес көкөністерді атап беру. – (Пияз, қызанақ, орамжамжапырақ, картоп, сәбіз.
9. Алдыңғы аяғы ескекке айналған жүзетін құс?(пингвин)
10. Қыран құстар мекені қалай аталады? (ұябасар)
11. Аққудың балапаны қалай аталады? (көгілдір)
12. Жыл санауына кірген құс?(тауық)
13. Өлеңде күздің қандай белгілері суреттелген?
Сұр бұлыт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан?
Жасыл шөп бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.
1. Ұшқанда тізіліп жұбын бөлмейді,
Қонса көл суы тізеден келмейді (тырна)
2. Құрлықта жүрсе – маймаңдап,
Суда жүзсе – еседі қайықтап. (үйрек)
3. Ұя сап, балапан баспайды,
Өз атын атап қақсайды. (көкек)
4. Дамылсыз барабан қағады,
Сол жерден тамағын табады. (тоқылдақ)
5. Қарағайдың, шыршаның
Бүрін шағып уатты.
Бұл қандай құс, айтшы, дос,
Тұмсығы қайшы сияқты. (қайшы ауыз)
1. Сколько дней длится осень? (90 - 91 день)
2. Как называют период теплой погоды в середине осени? (бабье лето)
3. Какое дерево является символом осени? (клен)
4. Какие птицы считаются лучшими предсказателями дождя? (ласточки и стрижи)
6. Сколько дней лил дождь, приведший к Всемирному Потопу? (40 дней)
7. Кто из древнегреческих богов управлял громом и молнией? (Зевс)
8. Назовите три месяца осени (сентябрь, октябрь, ноябрь)
9. Чем заканчивается осень? (ноябрем)
1. Ең үлкен, ұшатын құс? (африкалық дуадақ)
2. Ең ұзақ жұмыртқа басатын құс? (кезеген альбатрос, 75-85 күн)
3. Африкалық түйеқұс қалай аталады? (страус)
4. Қанатсыз түйеқұс қалай аталады? (киви)
5. Алдыңғы аяғы ескекке айналған жүзетін құс?(пингвин)
6. Ең үлкен пингвин қалай аталады? (император)
7. Қыран құстар мекені қалай аталады? (ұябасар)
8. Аққудың балапаны қалай аталады? (көгілдір)
9. Жыл санауына кірген құс?(тауық)
1 - жүргізуші:
Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,
Дархандықты қазаққа дала берген секілді.
Еркелікті, ерлікті жерден алған секілді,
Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді – деп Қадыр Мырзалиев атамыз жырлағандай бүгінгі «Алтын күз» мерекемізді табиғаты аялау, табиғат сұлулығын сақтау біздің қолымызда десек те артық айтпаған болар едік.
Табиғат - күлкі тіршілік атаулының құтты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің өзіне тән ерекшелігі, жақсылығы, әр түрлі мерекесі бар. Мысалы, күз адам баласына молшылық, береке беретін мезгіл. Сондықтан да адамдар күзге берекелі, мерекелі күз, алтын күз деп баға берген.
Алтын дегеніміздің себебі айналаның бәрі сап - сары бояуға енген, екіншіден алтын байлықтың белгісі. Міне, осы екеуін аттастырып «Алтын күз» деп атаған. Күзде егінді жинап болған ағаларымыз «Сабан той» өткізіп күз берекесін тойлап отырса, әрбір мектептерде осы күз мерекесін тойлайды. «Алтын күз» кештерін өткізу дәстүрлі мерекеге айналған. Сол дәстүрді жалғастыра отырып бүгін де біздер «Алтын күз» мерекесін ұйымдастырмақпыз.
Армысыздар, бармысыздар ардақты ұстаздар, құрметті оқушылар мен ата - аналар. Бүгінгі 5, 6, 7 сыныптар аралығындағы топпен(командамен) ұйымдастырылып отырған мерекемізге қош келдіңіздер.
Ведущий 1: Добрый вечер, дорогие друзья!
Вот и осень вернулась к нам снова,
Незаметно вошла в отчий край:
Вся в наряде шитья золотого –
Кто ж назвал тебя, осень родная,
И унылой, и грустной порой?
Загляни в нашу милую школу
И осенний ты бал нам открой.
1 - жүргізуші:
Сайыс 5 турдан тұрады, шарттары мынадай:
1-тур - Өз - өзін таныстыру (эмблемасы, киімі болса оны да таныстырып кету керек)
2-тур -. Күз сәні (Күзгі сән үлгілерін көрсету)
3-тур.-Қас қағым сәт.(Күз айларына қатысты сұрақтарға жауап)
4.Өз өнерлерін көрсету.( Ән, би, қойылым)
5-тур
.а) Күз сыйы.( Күзгі көріністерден, жеміс- жидектерден дайындалған салат, оның жасалу жолдары туралы айту (қыз балалар).
ә) «Күз сыйы» көрме, табиғи бұйымдардан жасалған болу керек (ұл балалар).
2 - ведущий:
1-тур – Приветствие (эмблема, и т. д.)
2-тур –
3-тур- наши команды представят вашему вниманию свой осенние костюмы.
4-тур – художественная самодеятельность(музыка, танец, выразительное чтение, сценка, и т. д.)
5- тур – а) осенний салат(для девочек)
Б) икебана (дары осени из природных материалов)
1-жүргізүші: Бұл сынға 5-7 сыныптарының оқушылары қатысқалы отыр. Кешімізді бастамас бұрын қазылар алқасымен таныстырамыз:
2 ведущий: В этом конкурсе участвуют учащиеся с 5 по 7 клас. Разрешите представить наше многоуважаемое жюри; 1.
2.
3.
1 - жүргізуші:
Армысыздар, бүгінгі кеш куәсі,
Алтын күзім тойланатын күн осы.
Жасыл далам, сары түске айналып,
Алтын күзге айналады жыр осы.
Табиғатым сары көйлек киеді:
Күзгі балды тойлауға жұрт жиылды
Рұқсат болса бастайық осы кешті.
Әрбір топ таныстыршы енді өзіңді.
1- тур өз - өзін таныстыру: 5а, 5ә, 5б, 7а, 7ә
2 - ведуший: А теперь жюри назавет оценки за первый тур.
1 - жүргізуші:
Екінші бөлімге де кезек келді: «Күз тақырыбына шығарма жазу» (сол жерде жазылады). Сыныптар: 5а, 5ә, 5б, 7а, 7ә
Ән:-----------------------------------
1 - жүргізуші:
- Бүгінгі кеш өтіп жатыр мәніменен,
Әр сұлу әсем болар сәніменен.
Өнерлерін көрсетсінші, әніменен -
дей келе келесі кезекте өз өнерін көрсетуге береміз.
3тур. Өз өнерін көрсету (ән, би, қойылым, мәнерлеп оқу)
3тур – художественная самодеятельность(музыка, танец, выразительное чтение, сценка, и т. д.)
2 - ведущий:
И так встечаем команду 5 а класса.
5 б, 6 а, 6 б, 7 а, 7 б.
Қазылар алқасының бағасын көрейік.
2 - ведущий:
Пока наши участники готовится к следующему заданию, предлагаем вам ответить на наши осенние вопросы.
1. Сколько дней длится осень? (90 - 91 день)
2. Как называют период теплой погоды в середине осени? (бабье лето)
3. Какое дерево является символом осени? (клен)
4. Какие птицы считаются лучшими предсказателями дождя? (ласточки и стрижи)
6. Сколько дней лил дождь, приведший к Всемирному Потопу? (40 дней)
7. Кто из древнегреческих богов управлял громом и молнией? (Зевс)
8. Назовите три месяца осени (сентябрь, октябрь, ноябрь)
9. Чем заканчивается осень? (ноябрем)
Жүргізуші: 4 тур
Көріп кеттік өнерлерін топтардың,
Қимылдары жүргендей бір жай ұшып
Мерекелік ас мәзірін жасапты,
Қыздарымыз бармақтары майысып.
«Дәм тарту» күзгі өнімнен жасалған тағамның бір түрін көрсету(бұл шарт қыздарға).
«Күз сыйы» көрме, табиғи бұйымдар. Әрбір топтағы ұлдар көрме, табиғи бұйымдар жасайды және оны таныстырады, мән - мағынасын ашып түсіндіреді.
4 тур –
А) осенний салат(для девочек)
Б) икебана (дары осени из природных материалов)
Қазылар алқасының бағасы:
1 - жүргізуші:
Ендігі кезекте 5 тур «Күз тақырыбына арналған қабырға газетін тамашалайық. Әр командадан 1 оқушы шығып газетті таныстыру керек.
Ведущий (Диляра):
Оценки жюри
Би:
Ал енді сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.
- Күз ұсынып егісі мен жемісін,
Әкеліпті халыққа бір молшылық
Сары жапырақ алтындай болып төгілсін,
Елімізде болсын әркез тыныштық – дей келе, қазылар алқасына сөз кезегін береміз. Бағдарламамыздың қорытындысын тыңдайық.
На этом наш концертная программа окончена. Всем спасибо, до новых встреч.
Келесі көріскенше аман болайық!
Тақырыбы: Алтын күз
Мақсаты:
1. Алтын күз сайысына қатысушылардың арасынан күз ханшайымын және күз ханшасын анықтау.
2. Күз айлары туралы білетіндерін ортаға сала отырып, оқушылардың сайысқа деген қызығушылығын, ынтасын арттыру.
3. Табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Жоспары:
1. Таныстыру
2. Күз сәні. (Күзгі сән үлгілерін көрсету)
3. Қас - қағым сәт.(Күз айларына қатысты сұрақтарға жауап беру)
4. Өз өнерін көрсету.
5. Күз сыйы. (Күзгі көкөністерден, жеміс - жидектерден дайындалған салат, оның жасалу жолы туралы айту)
6. Күз ханзадасы мен ханшайымының биі. (Күрең күз әнімен)
- Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар!
Бүгін бастауыш әдіс бірлестігінде 2, 3, 4 сыныптар арасында ұйымдастырылып отырған «Алтын күз» сайысына қош келдіңіздер.
- Уа халайық, халайық
Мұнда назар салайық
Мерекесі халықтың
Алтын күзге арналған
Кешімізді бастайық - деп кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
- Біздерде ойын - сауық басталады
Тамаша күй тартылып, ән салады.
Қошеметтеп қол соғып отыралық
Ұмытармыз күні бойы шаршағанды.
Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз
Жан сұлуы мен тән сұлуын тепе - тең ғып
Еріксіз өзімізге қаратамыз - деп сайысқа қатысушыларды ортаға номер суыруға шақырамыз.
- Ендеше Сайысқа қатысушыларды таныстырып өтелік.
№1. Сембай Аружан
№2. Сәндібек Әсел
- Сайысымыздың бірінші бөлімінде Алтын күз сайысына қатысушылардың өзін - өзі таныстыруы.
2-бөлімінде
Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен
Әр сұлу әсем болар өз сәнімен
Күз сәні өнерімен ортаға шығып
Сән көрсетер сайыскерлер сәнімен - деп сайыскерлерді «Күзгі сәні» үлгісінде ортаға шақырамыз
3-бөлімінде « Қас - қағым сәт» «Жапырақ теру» ойыны арқылы ұйымдастырылады. Алдарыңыздағы шашылған жапырақшалардағы сұрақтарға жауап беру
4-бөлімінде
Өнер жастан жаныңдар
Шақырған сайыстарға бірі - бірін
Өнерпаздар дарындылар
Көрейік, ән би, күйді көрермендер
Көрсетсін сайыскерлер өнерлерін - деп өз өнерлерін көрсетуге шақырамыз.
5-бөлімінде
Молшылық күз - береке күз
Береке күз - мерекеміз - дей келе күзгі жеміс - жидектерден, көкөністерден дайындалған салаттың жасалу жолдары жөнінде әңгімелеу.
6-бөлімінде күз ханшасы мен ханшайымының биі. Ортаға сайыскерлер
Қорытынды бөлім.
М а р а п а т т а у л а р
Тақырыбы: «Аяулы күз, Алтын күз – 2016»
Мақсаты:
1. «Аяулы күз, Алтын күз - 2013» сайысына қатысушылардың арасынан күз ханшайымын және күз ханшасын анықтау. Оқушылардың тапқырлығын, шеберлігін бақылау.
2. Күз айлары туралы білетіндерін ортаға сала отырып, оқушылардың сайысқа деген қызығушылығын, ынтасын арттыру.
3. Ұйымшылдыққа, өз ойларын ортаға салып көрсете білуге, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.
Мерекелік безендіру: Күзге байланысты қабырға газеттері мен шарлар ілу, жапырақтар, жеміс - жидектер, көкөністер т. б.
Жүргізуші:
Армысыздар, мейірімді ата - аналар, қымбатты ұстаздар, оқушылар! Табиғат - күллі тіршілік атаулының қуатты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің алатын орны ерекше. Күз адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтанда да, адамдар күзді берекелі күз, алтын күз деп баға береді. Алтын дейтін себебі, біріншіден, айналаның бәрі сап - сары түске боялады, екіншіден, алтын байлықтың белгісі. Күзде егінді жинап алатын болған ата - бабаларымыз «Сабан той» өткізіп, күз берекесін тойлап отырса, әрбір мектепте осы күз мерекесін тойлау, кештер өткізу дәстүрге айналған. Сол дәстүрді жалғастыра отырып,«Аяулы күз, Алтын күз - 2014» мерекесімен құттықтаймын.
Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын,
Көңілді серіппелі күйін ашсын.
Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып,
Береке бірлікпенен ортақтассын.
Көңіл қойып, құлақ салыңыздар!
Үнсіздік орнап тына қалыңыздар!
Бүгінгі біздің бағдарламамызда:
Келтіретін әрдайым сезім күйін,
Көресіздер қызықтың неше түрін
Әншінің анықтаған әнін естіп,
Көңіліңіз қалары хақ бір серпіліп.
Осылай бәрі - бәрі болып жатса,
Мақсатқа қалар едік біз де жетіп.
Сайыс бес бөліммен тұрады:
1. Кел танысайық
2. Өз өнерін көрсету
3. Қас - қағым сәт.(Күз мезгіліне қатысты сұрақтарға жауап беру)
4. Күзгі ханзада мен ханшайымы (күзгі сән үлгілерін көрсету.)
5. Күзгі сыйы.(Күзгі табиғи материалдан жасаған жұмыстарын көрсету) Жүргізуші:
Нағыз сары алтындай сары күз - қыркүйек айы. Ол - еңбек айы. Күз маусымының екінші ай – қазан. Бұл ай – мереке басы. Өйткені дихандар сабантой жасайды. Күздің соңғы айы - қараша. Қараша десе дегендей, айнала теп - тегіс сүреңсіз. Жапырағынан айырылған ағаш қара суыққа қалтырап, жүдеу далаға өң бере алмай селтиеді.
Күз мейрам құтты болсын баршаға, Күздің сәні келіп қапты ортаға. Әділқазы алқалармен таныстырып, Кетейінші осы отырған баршаңа,- дей отырып құрметті көрермендер әділқазы алқаларымен таныстырып өтейін.
Жүргізуші:
Біздерде ойын - сауық басталады,
Тамаша ән айтылып, би билейді.
Қошеметтеп қол соғып отырайық,
Ұмытармыз күні бойы шаршағанды.
Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз
Жан сұлуы мен тән сұлуын тепе - тең ғып
Еріксіз өзімізге қаратамыз - деп «Аяулы күз, Алтын күз - 2014»атты байқауымызға қатысатын үміткерлерімізді қошеметпен ортаға шақырамыз. Бүгінгі балымыздың үміткер ханзадалары мен ханшайымдары.
Қош келдіңіз көрермен,
«Аяулы күз, Алтын күз» кешіне.
Отырыңыз қол соғып,
Шат күлкіге бөлене.
Көбейді құт - береке,
Астық толы қоймамыз.
Құтты болсын мереке,
«Алтын күзді» тойлаймыз.
Ендеше, құрметті көрермендер қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, алдымен топтың қайсысы бірінші болып шығатынын анықтап алайық. Ол үшін жеребе тартса дейміз ханзадалар.
Жүргізуші: Құрметті көпшілік көрерменім,
Жақсылыққа әрдайым артқан сенім.
Ақжол тілеп үкілі үміттерге,
Таныстыру шартына кезек бердім.
Ендеше бірінші шартымыз «Кел танысайық» үміткерлеріміздің өздерін таныстыруы. Олай болса, ардақты да, аяулы әділқазыларға жүгінейік.
«Кел танысайық» бөліміне бағасын берсеңіздер екен.
Атым - Манас болады сұрасаңыз,
Албан екен кешегі бір атамыз.
Әкем аты Қалижан асқар тауым,
Пана болып біздерге жүз жасаңыз!
Анашым Гүлсая Елемесеқызы,
Жүзінен төгілетін күннің нұры.
Атыңа кір келтірмей өтсем сенің,
Мойнымнан түсер ме екен перзент жүгі..!
Ұстазым - Гүлнұр апай аяулы адам,
Біздерден бар білгенін аямаған!
Осындай ұстаздардың арқасында,
Көпшіліктің көңілі тояр маған!
Көп айтып өз жайымды не қылайын,
Өнеріммен одан да таң қылайын!
Кішіге үлгі, үлкенге өнеге боп,
Сахнаның төрінде сән құрайын!
Армысыздар ұлағатты ұстаздар,
Бармысыздар жігерлі дос құрбылар.
Қарсыласым сәлем бердім бәріңе,
Бас иемін сәлем беріп иіле!
Тектіліктен жаралған қазағымның,
Ерекше дара туған қыздарыңмын.
Шуақ шашқан көктемнің шуағындай,
Айгул атты кішкентай қыздарыңмын.
Әділқазы алқалары бүгінгі,
Әр аруды бағалай біл өнерлі.
Қарсыласым баршаңызға сәттілік.
Достық деген арттырайық ұғымды.
Намысты Нұрқожа Ассалаумағалуйким ел ағайын,
Сөздің басы қашанда сәлемдескен.
Ұлымын Мейрамбектің Нұрқожа атым
Әжемнің ертегісін тыңдап өскен.
Оқимын бірінші сыныпта, руым көкек,
Бар Нұрлы, Айым атты бауырларым.
Арудай Айкүміс Армысың жиналған дана халқым,
Жақайыммын сақтаған елдің салтын.
Мансұр атты інімнің қамқоршысы,
Айкүмістің қызының Жасуланның.
Өнерлі Өркен. Азан айтып Өркен депті есімің,
Қонақтардан арылмайды есігім.
Үйімде ұйытқы болар берекем,
Атам менен әжемнің иесімін.
Арғы тегім Мырзахмет әулетім,
Үшқұдық шағын шаруа дәулетім.
Ал халайық келіп қалдым алдыңа,
Өнерімді сынамақшы алдыңда.
Қырықтың бірі қыдыр депті бабамыз,
Сиынарым әулие Бекет атамыз.
Дарынды Дариға Нұрсұлтанқызы Дариға,
Руым тобын қоянмын
Туған ауылым Үшқұдық
Барлығына аянмын!
Нысанбай атам, әжем Дина Папам мамам бәрі де.
Абыроймен осы ауылда Еңбек етер әлі де.
Сәлем берем ұстаздарға,
Сәлем берем бәріңе!
Алтын ұл мектебім,
Білім ұл мектебім,
Білім алып шаттанамын.
Жақсы оқып, тәртіпті топ
Би билеймін, мақтанамын! Сымбатты Сағыныш.
Ата - әжемнің қуанышы, қызығы - Атам - Сағыныш,
Нұрболаттың қызымын.
Мінезі ұяң, инаббатты
Отбасымның еркелеткен гүлімін
Үшқұдығым - туған жерім, кең далам
Өнер қуған өнегелі мен балаң
Уа, халайық, қарсы алыңыз қол соға
Саматова Сағынышың мен болам!
Айбынды Алишер. Жиналған қошеметке, уа, халайық
Сөзімізге жырдан алқа тағайық.
Сәлемдесу - ата салты қазақтың,
Алдыменен амандасып алайық.
Аруағы аунасыншы аталардың,
Бүгінге күн қабыл болғай аталардың.
Тілеуін қос баланың тілеп келген.
Арайланған Альмира.
Армысыздар, бармысыздар ағайындар,
Жарысқа келіп тұрған талайын бар.
Иіліп сәлем берем, әділ қазы,
Білінсін гүл - қыздардың ерке назы.
Жайнаған гүл бәйшешек жаздың кезі,
Құлпырған гүлдерменен жердің жүзі.
Әкем Қобдыбай, анам Лаззат Альмира деп қойған екен есімімді.
Жүргізуші: Асыл тастан, өнер жастан, Шығады деп дарынды.
Халық айтса, қалт айтпас,
Әрқашанда нанымды
Сол шындықты күнделікті,
Көріп жүрміз өмірден.
Өнерімен танысайық,
Тілекші боп көңілден. Ортада сайыскерлеріміздің «Өз өнерлерін»тамашалайық.
Енді әділ қазы алқаларына сөз береміз. Жүргізуші: Күз келді, хан мен ханшайым,
Өткізді күзгі бал айын.
Ағызар сөйлеп сөз майын,
Ал ханымыз ақылды.
Барша жұртты шақырды,
Би де билеп ән айтты.
Қуаныштан шалқыды.
Ханзадаларымыз бен ханшайымымызды өз өнерлерін көріп болсақ, үшінші бөлімі «Қас - қағым сәт».(Күз мезгіліне байланысты сұрақтарға жауап беру) кезек берейік.
«Жапырақ теру» ойыны арқылы ұйымдастырылады. Алдарыңыздағы шашылған жапырақшалардағы сұрақтарға жауап беру. 1 - сұрақ: Күз мезгілінде табиғат қандай өзгерістерге ұшырайды? - Күн суытады, жаңбыр жауады, жапырақтар сарғайып жерге түседі, құстар жылы жаққа ұшады. Адамдар, балалар жылы киінеді. 2 - сұрақ: Жұмбақ шешу. Ағайынды бәрі,
Шықса – жасыл,
Түссе – сары. Бұл не?
Жапырақ 3 - сұрақ: Күз мезгілі нешеге бөлінеді? - Ерте күз, алтын күз, қара күз. 4 - сұрақ: Күз айларын ата. - Қыркүйек, қазан, қараша. 5 - сұрақ: Жұмбақ шешу. Аспай піскен, қайнамай түскен.
- Жеміс. 6 - сұрақ: «Мақал - мәтелді жалғастыр»
1. Еңбек түбі --------------------
2. Еңбек етсең ерінбей -------------------- 7 - сұрақ: Бес жеміс - жидектерді атап беру. - Алма, алмұрт, жүзім, өрік, шабдалы. 8 - сұрақ: Бес көкөністерді атап беру. - Пияз, қызанақ, орамжамжапырақ, картоп, сәбіз.
Әділқазылар бағаларын берсе.
Мендібайбай Ақжүніс пен Бақытқали Ақниет орындауында Алтын күз тақпағы.
Дамылдап жатқан балғандай
Тоқтатты сулар тасуын.
Ағаштар алтын Жамбыдай
Шашады жерге шашуын.
Жүрексіз қоян безеді,
Жөңкілсе қаңбақ күздегі
Қиқулап көкте жүзеді,
Құстардың керуен тізбегі
Күйекте күйлі мал қанша.
Алтын күз, әсем айналам
Қараймын көзім талғанша.
Жүргізуші: Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,
Әр сұлу әсем болар өз сәнімен.
Күз сәні өнерімен ортаға шығып,
Сән көрсетер сайыскерлер сәнімен
- деп қатысушыларымыз өз шығармашылықтарымен жасаған «Күзгі ханзада мен ханшайымды» (күзгі сән үлгілерін көрсету) сән үлгісінде ортаға шақырамыз. Олай болса, қол соғып қошеметтеп отырайық.
Салмақты ұлдар мен сымбатты қыздарымыздың өз қолдарымен жасаған киім үлгілерін тамашалап болсақ, әділқазыларға сөз берсек. Жүргізуші: Көрсетеді өнер әр салада сайысып, Қимылдары жүргендей бір жай ұшып Мерекелік күзгі сыйды жасапты, Ұлдарымыз бен қыздарымыз бірлесіп. «Күз сыйы» бөлімінде қатысушыларымыз күзгі сыйдан өз шығармашылықтары бойынша дайындап әкелген туындыларымен таныстырсын. Олай болса, топтарымыздың өздері дайындаған табиғи материалдан әкелген жұмыстарын таныстырып өтсін. Жәнеде әділ қазылар алқасы да қарап бағалап жіберсе.
Жүргізуші: Білім - теңіз, мектепті кеме дейміз, Білім мен тәрбие егіз неге дейміз, Әдемі мен тәлімі үндесетін, Жастарды болашаққа жетелейміз. Жеңістер мен жеңілістен тұратын Өмір - күрес, жеткізе ме мұратын. Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімегің, Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын. Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар, Ойлы орта кеңейсін күннен - күнге Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,- деп отырып бүгінгі «Аяулы күз, Алтын күз - 2014» байқауының нағыз ханзадасы мен ханшасын жариялау үшін ортаға құрметті әділқазылар алқасын шақырамыз. Құрметті көрермендер! Жемпаздарымызға биік шындарды бағындырып, қонар тұғырлары биіктей берсін дей отырып, кешімізді осымен аяқтаймыз! Жеңісті күндерде кездескенше!!!!!!
. Оқушылардың күз мезгілі туралы түсініктерін кеңейте түсу; күзді басқа жыл мезгілдерімен салыстыра отырып, айырмашылығын ажырата білу;
2. Оқушылардың сахналық мәдениетін қалыптастыру; тұлғалық қасиеттерінің дамуына ықпал ету;
3. «Еңбек түбі - береке» деген халық даналығының дұрыстығын көз жеткізу.
1 - жүргізуші: Армысыздар, ұлағатты ұстаздар!
2 - жүргізуші: Бармысыздар, жадыраған жас достар!
1 - жүргізуші: Уа, халайық,
Мұнда назар салайық!
Мерекесі халықтың
Алтын күзге арналған
Кешімізді бастайық..!
2 - жүргізуші: Армысың сары алтындай Алтын күзім»
Күн нұрын төккендей боп жапырағың.
Қарсы алып біз өзіңді тұрмыз міне,
Алтын күз деп өзіңе айдар тағып.
1 жүр: Иә, міне жыл сайын тойлап өтетін үлкен мерекенің бірі. «Алтын күз» мерекесі де келіп жетті.
2 жүр: Бұл мереке мектеп өміріндегі дәстүрлі мерекелердің бірі. Күзде жеміс жидектер пісіп, алтын астық қамбаға құйылатын, төлдер өсіп санаққа қосылатын кезең.
1 жүр: күз - береке, сән - салтанат мереке айы, жиын - терім аяқталған кезде Еңбекшілер «Сабан тойын» өткізсе, мектепте «Алтын күз» мерекесі мерекеленеді.
2 жүр:
Сыр беріп алтын күз де келіп жетті,
Жылы жаққа құстар да ұшып кетті.
Күз болып жердің беті жайқалды - деп келе бүгінгі Алтын күз мерекесін бастауға рұқсат етіңіз.
Ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз. (музыка әуенімен ортаға шығады)
1 жүр: Баяғы өткен заманда
Дін мұсылман аманда
Әділдік іздеп екі адам
Биге барып бас қосқан,
Ал, бүгінгі заманда
ЖЮРИ деген ат шыққан
Қазақшаға аударған соң,
Әділ қазы деп шыққан.
Сайыс болғандықтан сайыскерлерімізді бағалайтын әділқазы алқасымен таныстырып өтейік:
Әділ қазы алқаларымызбен танысып өтейік
1. Бастауыш сынып мұғалімі: Жатақбаева Айнур
2. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Жұматева Толқын
3. Бастауыш психолігі Самжанова Асем
2 жүр: бүгінгі кешіміздің бағдарламасымен таныстырып өтейік:
1. Таныстыру
2. Викториналық сұрақтар
3. Сән үлгісі
4. Күзгі дастархан
5. Өз өнерін көрсету. (вальс, ән орындау дуэтпен)
1 жүр: Ал енді осымен сайысымызды бастаймыз.
2 жүр: Ол үшін әр топтың басшысы шығып қоржыннан алма алуы тиіс. Сол алған алмадағы белгіленген нөмір бойынша сайысқа түседі. Сонымен таныстыру кезеңі
Жарқын дауыспен айқайлап,
Танысып өтсек әр жұппен.
Таныстыру кезеңіне берсек. Әр оқушы өзін таныстырады.
1 жүр: Келесі сайысымыз викториналық сұрақтар. Сайысымыздың шарты бойынша әр топтың басшысы ортаға келіп, үстелдегі конверттерді таңдайды.
Викториналық сұрақтар
1. Күзде қандай меркелер болады?
2. Күздің басқа жыл мезгілдерінен ерекшелігі неде? Күз айларын атап шығыңдар?
3. Өлеңде күздің қандай белгілері суреттелген?
Сұр бұлыт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан?
Жасыл шөп бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.
4. Құстар, шыбын – шіркей қайда кетеді? Күзгі еңбек жайында не айтасың?
5. Күз қандай болады? «Күз» мезгілі ұнай ма? Өз пікірлерін айту?
6. Нан туралы мақал айтыңдар? (3 мақал ) айту. Күзді неліктен «Алтын күз» деп атаймыз?
2 жүр: Адам көркі шүберек,
Ағаш көркі жапырақ - демекші күз белгісін бейнелеген сәнді сән үлгілерін тамашалайық.
Сайыскерлеріміз дайындалғанша ортаға оқушыларымыздың мәнерлеп оқуына әнімен шақырамыз.
1 жүр: сайыскерлеріміз дайын болса ортаға шақырамыз. (музыка ойнап тұрады сайыскерлеріміз ортаны айналып өтеді
2 жүр:
Ән салса әншілерім таң қаларсың,
Әр сөзін 99 рет қайталарсың.
Сондай ән туғызған қазағымды,
Қалайша тар пейіл деп айта аларсың.
1 жүр:
Шешендік еліміздің данасы,
Ән мен күй қаламыздың ағасы
Би билеп шырқайтұғын қыз бен жігіт,
Өнерін көрсетпейді деп айта алмайсың - дей келе келесі сайысымыз өнер сайысын бастайық.
Ортаға 1 номерлі --------- топты шақырамыз.
1. Жұман Айдана 3 Ғ сынып оқушысы
2. Оқан Айым 4 А сынып оқушысы
3. Акымжанова Жанерке 3 Г сынып оқушысы
4. Оспанова Нұрай 3 А сынып оқушысы
5. Болатбекова Сымбат 3 М сынып оқушысы
2 жүр:
Күзгі дастархан сайысына кезек береміз. Қолынан бал тамған сайыскерлеріміздің өнерін тамашалап, дәмін татайық.
Күзгі жеміс - жидектен
Жасаған тамақ тұр міне
Мұрныңды жара есіктен
Неткен дәмді тағам ең!
2 жүр: міне, біз бүгін көптен бері ізденіп, тынбай дайындалған «Алтын күз» мерекесіне байланысты өтіп жатқан «Алтын күз » мерекесінің жүлдегерін анықтайтын уақыт жетті.
1 жүр:
Әділ қазы алқасы
Берсін әділ бағасын - деп сөзді әділ қазылар алқасына береміз.
Достарыңызбен бөлісу: |